"Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8620 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.01.2016 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7769 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусымда № 396-400 (27474) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мынадай емтихандар бойынша:
      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0);
      неміс тілі: Deutsche Sprachprьfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі);
      француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар оқуға үміткерлер магистратураға және PhD докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.»;
      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және PhD докторантурасына түсу емтихандарын өткізу кезінде ІІМ-нің қабылдау комиссиясы және мамандықтар бойынша емтихандық комиссиялар құрылады, олардың құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар ІІМ жоғары оқу орындарының, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың қызметкерлерінен қалыптастырылады.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төраға және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болып табылады.»;
      20-тармақ алынып тасталсын;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Магистратураға және PhD докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген оқуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін құрылады.
      Апелляциялық комиссияның құрамы төраға және екі мүшеден тұрады және ІІМ қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      Апелляциялық комиссия ІІМ жоғары оқу орындары бастықтарының ұсынымдары бойынша ІІМ жоғары оқу орындарының, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Магистранттар мен докторанттар қатарына қабылдауды ІІМ-нің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.».
      2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспа басылымдарда жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________Б. Жұмағұлов
2013 жылғы 26 шілде 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады