Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8682 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Объект құнын айқындау әдістемесін әзірлесін және бекітсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Министр       Б. Жәмішев
2013 жылғы 29 шілде

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы 
№ 64 қаулысымен    
бекітілген       

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастырған кезде есепке қабылданатын кепіл және басқа қамтамасыз ету болып табылатын объект құнын айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Объект құнын айқындау әдістемесі;
      2) басқа қамтамасыз ету – түрлері бекітілген Әдістемеде көзделген кепілдеме, кепілдік, кепілақы, кепілді жарна және басқа да қамтамасыз ету;
      3) дербес активтер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес әрқайсысы бойынша провизиялар (резервтер) жеке-жеке есептелетін активтер;
      4) Комитет – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
      5) қаржы ұйымдары – банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      6) объект – дербес активтер бойынша кепіл және басқа қамтамасыз ету;
      7) тәуелсіз бағалау – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржы ұйымымен жасалған бағалау жүргізуге арналған шарт бойынша бағалаушы жүзеге асыратын бағалау.

2. Объектінің құнын айқындау тәртібі

      3. Қағидалардың мақсатында туынды қаржы құралдары объект ретінде қарастырылмайды.
      4. Мына:
      1) Қағидалардың 5-тармағында белгіленген жағдайларда – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қаржы ұйымы арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн;
      2) өзге жағдайларда – Әдістемеде белгіленген тәртіппен № 13 «Әділ құнды бағалау» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құн объект құны болып табылады.
      5. Егер Қағидалардың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, объект құнын тәуелсіз бағалау мына:
      1) кепілге салынған объект «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3-тармағына сәйкес қаржы ұйымының меншігіне айналдырылған кезде соттың шешімімен белгіленген ағымдағы бағалау құны болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау Әдістемеге сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ кепілге салынған объекті қаржы ұйымының меншігіне берілген мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырылады;
      2) егер құнын айқындаудың алдындағы күні құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған 100 000 (жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жылжымайтын мүлік объект болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау жылына кемінде бір рет жүргізіледі;
      3) кепіл және басқа қамтамасыз ету туралы шарт жасалған;
      4) объектіні сату туралы шешім қабылданған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау Әдістемеге сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ сату мерзімінен кешіктірмей жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай шешімді жауапты орган немесе қаржы ұйымының проблемалық қаржы активтерімен жұмыс бөлімшесі қабылдайды және жазбаша түрде ресімделеді.
      6. Кепіл шартын жасау және кепіл және басқа да қамтамасыз ету ретінде мынадай объектілерді:
      қаржы құралдарын (ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналыста болмайтын бағалы қағаздарды қоспағанда);
      шартқа сәйкес, оның ішінде инвестициялық жобалар бойынша болашақта клиенттің меншігіне түсетін мүлікті;
      шаруашылық серіктестігінің соңғы есепті күні теріс қаржылық нәтижесі болған жағдайда осындай серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерін қабылдау көзделетін басқа қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз бағалау талап етілмейді.
      Бұл ретте осы тармақта көрсетілген объектілер бойынша құнды бағалауды қаржы ұйымын дербес жүзеге асырады.
      7. Әрбір объектінің құнын айқындау бойынша құн айқындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Әдістемеде белгіленген нысан бойынша құнды айқындау туралы жеке есеп жасалады.
      Құнды айқындау туралы жеке есепке сондай-ақ мынадай мәліметтер кіреді:
      1) қорытындының нөмірі;
      2) қорытынды жасалған күн;
      3) кепіл туралы шарттың нөмірі мен күні;
      4) объектінің атауы және орналасқан жері;
      5) құнды айқындау күні;
      6) объектінің құнын есептеудің пайдаланылған әдістері;
      7) объектіні сәйкестендіретін жалпы ақпарат;
      8) объектінің құнын есептеу кезінде пайдаланылған ақпарат;
      9) ресми ақпарат көздері;
      10) объектінің құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдар;
      11) объектінің құнын айқындау үшін орындалған есептер;
      12) объектінің жиынтық құны.
      8. Объект бойынша мәліметтер (оның ішінде оның құны) құн айқындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған, объект бойынша деректер карточкасында көрсетіледі.
      Объект бойынша деректер карточкасы кепіл шарты жасалған күні ресімделеді (ашылады) және қарыз алушыға қойылатын талаптарды тану тоқтатылған күн аралығында жүргізіледі.
      9. Провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есептеу мақсатында объектінің құны Әдістемеде көзделген кезеңділікпен, бірақ кемінде жылына бір рет салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы бойынша белгіленген салық кезеңінің соңында айқындалады.
      10. Қаржы ұйымы Әдістемені Қағидаларға сәйкес әзірлейді.
      Қаржы ұйымының атқарушы органы Әдістемені, сондай-ақ Әдістемеге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді.
      Банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен кейін алған қаржы ұйымдары банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензия алған күннен бастап бір ай ішінде Әдістемені әзірлейді және бекітеді.
      11. Әдістемеге мыналар кіреді:
      1) қаржы ұйымының объектінің құнын айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі, олардың функционалдық міндеттемелері және процестер жүйелілігін сипаттала отырып;
      2) кепіл және басқа қамтамасыз ету ретінде қабылданатын мүліктің тізбесі;
      3) объектілердің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын ақпарат көздері;
      4) әдістерді қолдану негіздері көрсетіле отырып объектілердің құнын айқындау әдістері;
      5) объектілердің құнын айқындаудың кезеңділігі;
      6) құнды айқындау туралы жеке есептің нысаны және оның жасауға қойылатын талаптар.
      12. Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) қаржы ұйымының объектінің құнын айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық міндеттері сипатталған, бекітілген Әдістемеде көрсетілген тізбесін өзгерту;
      2) бекітілген Әдістеменің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келмеуі.
      13. Қаржы ұйымы бекітілген Әдістеменің көшірмесін, Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Әдістеме бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке ұсынады.
      Әдістемені қарау нәтижесі бойынша Комитет қаржы ұйымына Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ескертулердің жоқ немесе бар екені туралы хабарлама жібереді. Комитеттің ескертулері Комитеттің хабарламасында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жойылуы тиіс.
      Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Әдістеме Комитеттің ескертулері жойылмайынша, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмейінше қабылданбайды.
      14. Комитет салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің, оған енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін, сондай-ақ Комитеттің ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.
      15. Салықтық  тексеру жүргізу кезінде Комитет салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің Қағидаларға сәйкес келетіндігі туралы қорытынды ұсынады.

Кепілдің және басқа қамтамасыз
етудің құнын айқындау    
қағидаларына 1-қосымша   

Нысан

____________________________ объекті бойынша деректер карточкасы
(объектінің атауы)                                 

Карточканы толтыру басталған күні _____________
Карточканы толтыру аяқталған күні _____________

р/с
№ №

Күні

Объектінің құны

Объектіні  қайта бағалау

Кепілдік қамтамасыз ету құнын айқындау  әдісі (әдістеменің тармағы көрсетілсін)

Қолданылатын түзетудің мөлшері

Объектінің құнын айқындау кезінде пайдаланылған негізгі  жорамалдар (әдістеменің тармағы көрсетілсін)

Карточканы толтыру үшін жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы

Объектінің
пайдаланылатын
құны
(бағалаушы
немесе өзі
белгілеген)

Бағалау туралы  есептің  және Объектінің құнын айқындау  туралы есептің №

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Кепіл немесе қамтамасыз ету шартында көрсетілген күні









Кейінгі қайта бағалау күні (t1)









Кейінгі қайта бағалау күні (t2)









………








Кепілдің және басқа қамтамасыз
етудің құнын айқындау    
қағидаларына 2-қосымша   

      Нысан    

Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат 

Әдістеменің тармағы, тармақшасы

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге дейінгі редакция

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейінгі редакция

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар  енгізу  қажеттілігінің  негіздемесі (түсініктемелер)1

Енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар  нәтижесінде объект құнының өзгеруін есептік бағалау2

1

2

3

4

5

6

1






2











n






______________________________________________
қаржылық ұйым басшысының не оның орнындағы адамның лауазымы, аты-жөні, қолы

_______________
1 Енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар нәтижесінде провизия мөлшерінің өзгеруін есептеу бағасы бекіткен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне негіздеме ұсынылады
2 Құнын есептеу енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты өзгеретін барлық объектілер бойынша ақпарат ұсынылады 

Кепілдің және басқа қамтамасыз
етудің құнын айқындау   
қағидаларына 3-қосымша    

Нысан 

Әдістемеге ескертулердің жоқ немесе бар екендігі туралы хабарлама 

      20__жылғы «___» ________ № ________ 

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті Сіздерге
____________________________________________________________________
                             (ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
                         (ұйымның мекенжайы) 

Әдістемеге ескертулерінің жоқ екендігі туралы                  
Әдістемеге төменде келтірілген кестеге сәйкес ескертулерінің бар
екендігі туралы                                                
_____________________________________________________________________________________
                                  (керегін белгілеңіз)
хабарлайды

р/с

Жобаның құрылымдық элементі

Жобаның редакциясы

Ескерту

Түзету мерзімі

1.





2.









Комитеттің басшысы _______________________________________________
                               (аты-жөні, қолы)
Орындаушы ______________________________
            (аты-жөні, қолы, телефон)

Хабарламаны алған _______________________________________________
                     (ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы күні)

Хабарлама салық төлеушіге жіберілді
____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

Об утверждении Правил определения стоимости залога и другого обеспечения

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2013 года № 64. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2013 года № 8682. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 256

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 24.12.2014 № 256 (постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения стоимости залога и другого обеспечения (далее – Правила).
      2. Банкам и организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, (за исключением банка, являющегося национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу) в течение одного месяца со дня введения в действие настоящего постановления разработать и утвердить Методику определения стоимости объекта в соответствии с Правилами.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2013 года.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министерство финансов
      Республики Казахстан
      Министр Б. Жамишев
      29 июля 2013 года

Утверждены        
постановлением Правления
Национального Банка   
Республики Казахстан   
от 25 февраля 2013 года № 64

Правила
определения стоимости залога и другого обеспечения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости залога и другого обеспечения (далее – Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) и устанавливают для банков (за исключением банка, являющегося национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу) и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, порядок определения стоимости объекта, являющегося залогом и другим обеспечением, которая принимается в расчет при формировании провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности.
      2. В Правилах используются следующие понятия:
      1) Методика – Методика определения стоимости объекта, утвержденная исполнительным органом финансовой организации;
      2) другое обеспечение – поручительство, гарантия, задаток, гарантийный взнос и прочее обеспечение, виды которого предусмотрены в утвержденной Методике;
      3) индивидуальные активы – активы, по которым провизии (резервы) рассчитываются индивидуально по каждому такому активу в соответствии с Правилами создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2013 года № 65 «Об утверждении Правил создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности» (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8670);
      4) Комитет – Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан;
      5) финансовые организации – банки (за исключением банка, являющегося национальным институтом развития, контрольный пакет акций которого принадлежит национальному управляющему холдингу) и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций;
      6) объект – залог и другое обеспечение по индивидуальным активам;
      7) независимая оценка – оценка, осуществляемая оценщиком по заключенному с финансовой организацией договору на проведение оценки в соответствии с законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности.

2. Порядок определения стоимости объекта

      3. В целях Правил производные финансовые инструменты не рассматриваются в качестве объекта.
      4. Стоимостью объекта является:
      1) в случаях, установленных пунктом 5 Правил, - стоимость, определенная в отчете об оценке, проведенной по договору между оценщиком и финансовой организацией в соответствии с законодательством Республики Казахстан об оценочной деятельности;
      2) в иных случаях – стоимость, определенная в соответствии с международным стандартом финансовой отчетности № 13 «Оценка справедливой стоимости» и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности в порядке, установленном Методикой.
      5. Если иное не установлено пунктом 6 Правил, независимая оценка стоимости объекта осуществляется в случае:
      1) отсутствия текущей оценочной стоимости, установленной решением суда, при обращении заложенного объекта в собственность финансовой организации в соответствии с пунктом 3 статьи 32 Закона Республики Казахстан от 23 декабря 1995 года «Об ипотеке недвижимого имущества». Независимая оценка по такому имуществу осуществляется в сроки, установленные в соответствии с Методикой, но не позднее срока передачи заложенного объекта в собственность финансовой организации;
      2) если объектом является недвижимое имущество, стоимость которого на предыдущую дату определения стоимости составляет более 100 000 (ста тысяч) месячных расчетных показателей, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на первое января соответствующего финансового года. Независимая оценка по такому имуществу осуществляется не реже одного раза в год;
      3) заключения договора о залоге и другом обеспечении;
      4) принятия решения о реализации объекта. Независимая оценка по такому имуществу осуществляется в сроки, установленные в соответствии с Методикой, но не позднее срока реализации объекта. При этом такое решение принимается ответственным органом или подразделением финансовой организации по работе с проблемными финансовыми активами и оформляется в письменном виде.
      6. Независимая оценка не требуется при заключении договора о залоге и другом обеспечении, предусматривающего принятие в качестве залога и другого обеспечения следующих объектов:
      финансовых инструментов (за исключением ценных бумаг, не обращающихся на организованном рынке ценных бумаг);
      имущества, поступающего в собственность клиента в будущем в соответствии с договором, в том числе по инвестиционным проектам;
      долей участия в уставном капитале хозяйственного товарищества в случае, когда такое товарищество имеет отрицательный финансовый результат на последнюю отчетную дату.
      При этом по объектам, указанным в настоящем пункте, оценка стоимости осуществляется финансовой организацией самостоятельно.
      7. По результатам определения стоимости каждого объекта составляется индивидуальный отчет об определении стоимости по форме, установленной в Методике, не позднее пяти рабочих дней после определения стоимости.
      Индивидуальный отчет об определении стоимости, в том числе содержит следующие сведения:
      1) номер заключения;
      2) дату составления заключения;
      3) номер и дату договора о залоге;
      4) наименование и место нахождения объекта;
      5) дату определения стоимости;
      6) использованные методы расчета стоимости объекта;
      7) общая информация, идентифицирующая объект;
      8) информация, использованная при расчете стоимости объекта;
      9) официальные источники информации;
      10) допущения, использованные при расчете стоимости объекта;
      11) расчеты, выполненные для определения стоимости объекта;
      12) итоговая стоимость объекта.
      8. Сведения по объекту (в том числе его стоимость) отражаются в карточке данных по объекту, составленной по форме, установленной приложением 1 к Правилам, не позднее пяти рабочих дней после определения стоимости.
      Карточка данных по объекту оформляется (заводится) в день заключения договора о залоге и ведется по день прекращения признания требования к заемщику.
      9. В целях расчета размера провизий (резервов) стоимость объекта определяется с периодичностью, предусмотренной Методикой, но не реже одного раза в год на конец налогового периода, установленного налоговым законодательством по корпоративному подоходному налогу.
      10. Финансовая организация разрабатывает Методику в соответствии с Правилами.
      Исполнительный орган финансовой организации утверждает Методику, а также изменения и (или) дополнения, вносимые в Методику.
      Финансовые организации, получившие лицензию на проведение банковских и иных операций, предусмотренных банковским законодательством Республики Казахстан, после дня введения в действие Правил, разрабатывают и утверждают Методику в течение одного месяца со дня получения лицензии на проведение банковских и иных операций, предусмотренных банковским законодательством Республики Казахстан.
      11. Методика содержит:
      1) перечень структурных подразделений финансовой организации, участвующих в процессе определения стоимости объекта, с описанием их функциональных обязанностей и последовательности процессов;
      2) перечень имущества, принимаемого в качестве залога и другого обеспечения;
      3) используемые при определении стоимости объектов источники информации;
      4) методы определения стоимости объектов с указанием обоснований применения таких методов;
      5) периодичность определения стоимости объекта;
      6) форму индивидуального отчета об определении стоимости и требования к его составлению.
      12. Основанием для внесения изменений и (или) дополнений в Методику являются:
      1) изменение указанного в утвержденной Методике перечня структурных подразделений финансовой организации, участвующих в процессе определения стоимости объекта, с описанием их функциональных обязанностей;
      2) несоответствие утвержденной Методики международным стандартам финансовой отчетности и требованиям законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности.
      13. Копия утвержденной Методики, информация о внесенных изменениях и (или) дополнениях в Методику по форме, установленной приложением 2 к Правилам, представляются финансовой организацией в Комитет не позднее пяти рабочих дней после ее утверждения.
      По результатам рассмотрения Методики Комитет направляет финансовой организации уведомление об отсутствии или наличии замечаний по форме, установленной приложением 3 к Правилам. Замечания Комитета подлежат устранению не позднее сроков, определенных в уведомлении Комитета.
      Методика, подлежащая изменению и (или) дополнению по основаниям, указанным в пункте 12 Правил, не применяется до устранения замечаний Комитета, а также приведения ее в соответствие с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности.
      14. По запросу органа налоговой службы Комитет представляет в течение десяти календарных дней со дня получения такого запроса копии Методики, изменений и (или) дополнений к ней, а также информацию о замечаниях Комитета.
      15. При проведении налоговой проверки Комитет по запросу органа налоговой службы представляет в течение десяти календарных дней со дня получения такого запроса заключение о соответствии Методики Правилам.

Приложение 1   
к Правилам определения
стоимости залога   
и другого обеспечения

Форма           

                 Карточка данных по объекту ________________________
                                                (наименование
                                                   объекта)

      Дата начала заполнения карточки ___________________
      Дата завершения заполнения карточки _______________

№ №
п/п

Дата

Стоимость
объекта

Переоценка
объекта

Метод
определения
стоимости
залогового
обеспечения
(указать пункт
методики)

Размер
применяемой
корректировки

Основные
допущения,
использованные
при определении
стоимости
объекта
(указать пункт
методики)

Ф.И.О.,
подпись
лица,
ответственного
за заполнение
карточки

Используемая
стоимость
объекта
(установленная
оценщиком или
самостоятельно)

№ Отчета
об оценке или
Отчета об
определении
стоимости
объекта

1

2

3

4

5

6

7

7



Дата, указанная в договоре залога или обеспечения









Дата последующей переоценки (t1)









Дата последующей переоценки (t2)









………








Приложение 2   
к Правилам определения
стоимости залога   
и другого обеспечения

Форма           

                      Информация о внесенных изменениях и (или)
                               дополнениях в Методику

Пункт,
подпункт
Методики

Редакция до
внесения изменений
и (или) дополнений

Редакция после
внесения изменений
и (или) дополнений

Обоснование
(комментарии)
необходимости
внесения изменений
и (или) дополнений1

Расчетная оценка
изменения стоимости
объекта, в результате
вносимых изменений и
(или) дополнений2

1

2

3

4

5

6

1






2











n






      ______________________________________________________________
            должность, Ф.И.О. руководителя финансовой организации
                  либо лица, его замещающего, подпись

___________________________
1Представляются основания необходимости внесения изменений и (или) дополнений, подкрепленных расчетной оценкой изменения размера провизий в результате вносимых поправок изменений и (или) дополнений
2Представляются информация по всем объектам, расчет стоимости которых изменяются в связи с вносимыми изменениями и дополнениями

Приложение 3   
к Правилам определения
стоимости залога   
и другого обеспечения

Форма           

                               Уведомление
             об отсутствии или наличии замечаний к Методике

      «___» ________ 20__ год № ________

      Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых
организаций Национального Банка Республики Казахстан уведомляет Вас
____________________________________________________________________
                     (наименование организации)
____________________________________________________________________
                         (адрес организации)

об отсутствии замечаний к Методике


о наличии замечаний к Методике согласно приведенной таблице


___________________________________________________________________
                          (нужное отметить)


п/п

Структурный
элемент проекта

Редакция
проекта

Замечание

Срок
устранения

1.





2.









Руководитель Комитета ______________________________________________
                          (Ф.И.О., подпись, дата)
Исполнитель ________________________________________________________
                          (Ф.И.О., подпись, дата, телефон)

Уведомление получил ________________________________________________
                          (Ф.И.О. сотрудника финансовой организации,
                                     подпись, дата)
Уведомление отправлено налогоплательщику
_____________________________________________________________________
                    (наименование, дата, номер документа,
               подтверждающего факт отправки и (или) получения)