Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8670 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      Министр

      Б. Жәмішев

      2013 жылғы 29 шілде



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 65 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі;

      2) баланстық құн – қаржы активі ол бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін баланста танылатын сома;

      3) біртекті активтер – кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бар активтер тобы;

      4) жеке активтер – провизиялар (резервтер) осындай әрбір актив бойынша есептелетін активтер;

      5) қаржы ұйымдары – банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      6) провизиялар (резервтер) – қаржы активінің құнсыздануынан болған зиянның немесе шартты міндеттемені орындаудан болған зиянның сомасы;

      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Провизиялар (резервтер) құру тәртібі

      3. Провизиялар (резервтер) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, № 39 "Қаржы құралдары: тану және өлшеу" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – № 39 ХҚЕС) сәйкес, сондай-ақ шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) құрылған жағдайда – № 37 "Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – № 37 ХҚЕС) сәйкес құрылады.

      4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар уәкілетті органның ескертулері жоқ Әдістеме негізінде Қағидаларға сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Қаржы активтері бойынша провизиялар (резервтер) мынадай тәртіппен құрылады:

      1) активтер біртекті және жеке етіп жіктеледі;

      2) жеке активтердің құнсыздануын бағалау жүргізіледі;

      3) Әдістемеде белгіленген құнсыздану белгілері анықталған жеке активтер бойынша:

      болашақ ақша ағындарының болжамдары айқындалады. Актив бойынша қамтамасыз ету болған кезде осындай қамтамасыз етудің құны болашақ ақша ағындарының болжамын ұлғайтады;

      болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны мынадай формула бойынша есептеледі:


, мұнда

      PV – болашақ ақша ағындарының келтірілген құны;

      CF – болашақ ақша ағындарының болжамы;

      r – пайыздың тиімді мөлшерлемесі;

      t – актив бойынша ақша ағындары болжанатын жылдар саны;

      провизиялардың (резервтердің) мөлшері активтің провизияларды (резервтерді) есептеу жүзеге асырылатын күннің басында қалыптасқан баланстық құны мен болашақ ақша ағындарының дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде айқындалады;

      пайыздың тиімді мөлшерлемесі ауыстыру әдістемесін немесе "КІМ" (кірістіліктің ішкі мөлшерлемесі) Microsoft Office Excel автоматтандырылған функциясын немесе басқа да осындай автоматтандырылған функцияларды қолдану арқылы есептеледі;

      4) Әдістемеге сәйкес құнсыздану белгілері жоқ жеке активтер бойынша және біртекті активтер бойынша:

      кредиттік тәуекелдің Әдістемеде белгіленген ұқсас сипаттамалары бойынша топтастыру жүзеге асырылады. Біртекті активтерді жіктеу кезінде активтер бірдей клиенттің талаптары бойынша туындаған жағдай кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары ретінде қабылданбайды;

      провизиялар (резервтер) Әдістемеде белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2014 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2016 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      6. Шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) әрбір шартты міндеттеме бойынша мынадай тәртіппен құрылады:

      1) № 37 ХҚЕС-ке сәйкес шартты міндеттеменің орындалу ықтималдылығы айқындалады;

      2) № 37 ХҚЕС-ке сәйкес қазіргі міндеттемені реттеу үшін болжанған шығындар есептеледі;

      3) № 39 ХҚЕС-ке сәйкес шартты міндеттеменің әділ құны есептеледі;

      4) провизиялардың (резервтердің) мөлшері болжанған шығындардың

      № 37 ХҚЕС-ке сәйкес есептелген сомасының және № 39 ХҚЕС-ке сәйкес есептелген әділ құн мөлшерінің ең үлкені ретінде айқындалады.

      7. Жеке активтер бойынша провизиялардың (резервтердің) сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы бойынша белгіленген салық кезеңінің соңына жылына кемінде бір рет айқындау нәтижелері бойынша мынадай тіркелімдер толтырылады:

      провизиялардың (резервтердің) мөлшерлері бойынша ақпарат – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 1-нысан бойынша;

      болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнының есебі – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 2-нысан бойынша;

      құнсыздануына байланысты провизиялар (резервтер) құрылған жеке актив бойынша деректер – Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген 3-нысан бойынша.

      Салық кезеңінің ішінде тіркелімдер электрондық түрде толытырылады және сақталады және мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша қағаз тасымалдауышта ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Провизиялар (резервтер) құрудың кезеңділігі Әдістемемен белгіленеді, бірақ кезеңнің аяғында бірден кем емес және күніне 1-ден жиі емес.

      9. Қағидаларға сәйкес құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшері қаржы ұйымының бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.

      10. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі

      13. Қаржы ұйымы Әдістемені Қағидаларға сәйкес әзірлейді.

      Қаржы ұйымының атқарушы органы Әдістемені, сондай-ақ Әдістемеге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді.

      Банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен кейін алған қаржы ұйымдары банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензия алған күннен бастап бір ай ішінде Әдістемені әзірлейді және бекітеді.

      14. Әдістемеге мыналар кіреді:

      1) қаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі, олардың функционалдық міндеттері сипаттала отырып;

      2) қаржы активінің құнсыздану белгілерінің тізбесі;

      3) қаржы активтерін меншікті капиталдың пайыздарымен немесе абсолютті мөлшерде белгіленген қаржы активінің ең жоғары мөлшеріне қарай жеке активтерге жатқызу критерийлері;

      4) кредиттік тәуекелдің құнсыздану белгілері жоқ жеке активтерді және біртекті активтерді топтастыру жүзеге асырылатын (мысалы, кредиттік тәуекелді бағалау немесе қарыз алушының географиялық орналасқан жері, кепілдің түрі, мерзімінің өту мерзімі және басқа факторлар ескерілетін жіктеу негізінде) ұқсас сипаттамалары;

      5) жеке активтерге қатысты – құнсыздану құны ескеріле отырып болашақ ақша ағындарының болжамдарын айқындау тәртібі;

      6) құнсыздану белгілері жоқ жеке активтерге және біртекті активтерге қатысты – провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау тәртібі;

      7) шартты міндеттемелерге қатысты – Қағидалардың 6-тармағын қолдану тәртібі;

      8) провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есептеу кезеңділігі.

      15. Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) қаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық міндеттері сипатталған, бекітілген Әдістемеде көрсетілген тізбесін өзгерту;

      2) бекітілген Әдістеменің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келмеуі;

      3) Әдістеменің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың (резервтердің) шығындардың нақты сомаларына сәйкес келуі үшін жүргізілген тестінің нәтижелері.

      16. Қаржы ұйымы бекітілген Әдістеменің көшірмесін, Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Әдістеме, Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      Бекітілген Әдістемені қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекітілген Әдістеменің көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей қаржы ұйымына Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Әдістемеге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ банк қызметі мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті орган қаржы ұйымына Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті органның ескертулері осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген уәкілетті органның хабарламаларында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жойылады.

      Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Әдістеме уәкілетті органның ескертулері жойылғанға дейін, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіргенге дейін қолданылмайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.06.2016 № 152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      17. Уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің, оған өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін, сондай-ақ уәкілетті органның ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Салықтық тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің Қағидаларға сәйкес келетіндігі туралы қорытынды ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер) құру қағидаларына
1-қосымша

Провизиялардың (резервтердің) мөлшері жөніндегі ақпарат

      1-нысан

Көрсеткіштер

Ақпарат

1

Есепті күн


2

Шарттың нөмірі және күні


3

Қарсы агенттің атауы


4

Шарттың қолданылуы басталған күн


5

Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн


6

Шарт валютасы


7

Қаржы активінің Шартта көрсетілген сомасы


а) шетел валютасымен (егер шарт ұлттық валютада болмаса)



б) теңгемен (егер шарт ұлттық валютада болмаса, сомасы шарт жасалған күнгі бағам бойынша көрсетіледі)



      __________________________________________________________

      ақпарат беру үшін жауапты адамның лауазымы, аты-жөні, қолы

      _________________________________________________________________

      ақпарат беру үшін жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы,

      аты-жөні, қолы

      2-нысан

Болашақ ақша ағындарының дисконтталған құнының есебі

Ақша ағындары келіп түсетін болжамды күн

Шарт валютасындағы негізгі борышты өтеу

Шарт валютасындағы кірістердің %-ын өтеу

Жиынтығы, шарт валютасымен

Қамтамасыз етуді өткізуден алынатын болжамдық құн

Келтірілген құн

1

2

3

4

5

6

7

1







2













tn








      __________________________________________________________

      ақпарат беру үшін жауапты адамның лауазымы, аты-жөні, қолы

      __________________________________________________________________

      ақпарат беру үшін жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы,

      аты-жөні, қолы

      3-нысан

Құнсыздануына байланысты провизиялар (резервтер) құрылған жеке
актив бойынша деректер

Р/с

Күні

Баланстық құны

Қамтамасыз етуді өткізумен байланысты емес болашақ ақша ағындары (төлемдері)

Түзету ескеріле отырып ескеріп, Кепілмен қамтамасыз етуді есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалған кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құны

Қамтамасыз етуді өткізудің болжамды мерзімі

Пайыздың тиімді мөлшерлемесі

Болашақ ақша ағындарының (төлемдерінің) дисконтталған құны

Қалыптастыру (тарату) үшін қажетті провизиялардың (резервтердің) мөлшері

Шарттың талаптарындағы өзгерістер жөніндегі ақпарат

Негізгі борыштың қалдығы

% есептелген берешектің қалдығы

Қалыптастырылған провизиялардың (резервтердің) мөлшері

Басқа да % кіріс

Жиынтығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Құнсыздануға байланысты провизияны (резервті) бастапқы құру күні (t0)













2

Провизиялардың (резервтер) мөлшерін қайта қарау күні (t1)













3

Провизиялардың (резервтердің) мөлшерін қайта қарау күні (t2)













………













n

Провизиялардың (резервтердің) мөлшерін қайта қарау күні (tn)














      __________________________________________________________

      ақпарат беру үшін жауапты адамның лауазымы, аты-жөні, қолы

      __________________________________________________________________

      ақпарат беру үшін жауапты адамның тікелей басшысының лауазымы, аты-жөні, қолы

      ______________________________

      * Сыйлықақының/дисконттың амортизацияланбаған бөлігі көрсетіледі

  Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер) құру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қаржы ұйымы қалыптастырған провизиялардың (резервтердің)
сомаларына ескертулердің бар немесе жоқ екені туралы хабарлама

      20__жылғы "___" ________ № ________

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы

      ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті ___ жылғы ________ №_______

      тексеру жүргізуге арналған тапсырмаға сәйкес

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      қызметін тексеру нәтижелері бойынша төмендегіні хабарлайды:

      ескертулердің жоқ екені туралы


      келтірілген кестеге сәйкес ескертулердің бар екені туралы


Р/с

Шарттың №

Теңгедегі провизиялардың (резервтердің) сомасы (бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес)

Комитеттің есептеріне сәйкес провизиялардың (резервтердің) сомасы

Түзету мерзімі

1.





2.










      Комитеттің басшысы ____________________________________________

      (аты-жөні, қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________

      (аты-жөні, қолы, телефоны)

      Қорытындыны алды ______________________________________________

      (ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы, күні)

      Қорытынды салық төлеушіге жіберілді

      _____________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

  Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер) құру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар
туралы ақпарат

Әдістеменің тармағы, тармақшасы

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгенге дейінгі редакция

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейінгі редакция

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің негіздемесі (түсіндірмесі)*

Енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін есептік бағалау

1

2

3

4

5

6

1






2











n







      _____________________________________________________________________

      қаржылық ұйым басшысының не оның орнындағы адамның лауазымы, аты-жөні, қолы

      ________________________

      *Өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың енгізілетін түзетулері

      нәтижесінде провизиялар мөлшерінің өзгеруін есептік бағалаумен

      бекітілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу

      қажеттілігінің негіздері беріледі

  Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес
провизиялар (резервтер) құру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әдістемеге ескертулердің болмауы немесе болуы туралы
хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2013 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ____ жылғы "___" ________ № ____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ______________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      келтірілген кестеге сәйкес Әдістемеге өзгерістердің болмауы туралы


      Әдістемеге ескертулердің болуы туралы хабарлайды.


Р/с

Жобаның құрылымдық элементі

Жобаның редакциясы

Ескерту

Түзету мерзімі

1.





2.










      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      басшысы немесе басшысының орынбасары ________________________________

      (аты-жөні, қолы)

      Орындаушы _______________________________________

      (аты-жөні, қолы, телефоны)

      Хабарламаны алды ____________________________________________________

      (ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы, күні)

      Хабарлама салық төлеушіге жіберілді

      _____________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады