Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Объект құнын айқындау әдістемесін әзірлесін және бекітсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Министр Б. Жәмішев
2013 жылғы 29 шілде
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастырған кезде есепке қабылданатын кепіл және басқа қамтамасыз ету болып табылатын объект құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Объект құнын айқындау әдістемесі;
2) басқа қамтамасыз ету – түрлері бекітілген Әдістемеде көзделген кепілдеме, кепілдік, кепілақы, кепілді жарна және басқа да қамтамасыз ету;
3) дербес активтер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес әрқайсысы бойынша провизиялар (резервтер) жеке-жеке есептелетін активтер;
4) Комитет – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
5) қаржы ұйымдары – банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) объект – дербес активтер бойынша кепіл және басқа қамтамасыз ету;
7) тәуелсіз бағалау – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржы ұйымымен жасалған бағалау жүргізуге арналған шарт бойынша бағалаушы жүзеге асыратын бағалау.
2. Объектінің құнын айқындау тәртібі
3. Қағидалардың мақсатында туынды қаржы құралдары объект ретінде қарастырылмайды.
4. Мына:
1) Қағидалардың 5-тармағында белгіленген жағдайларда – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қаржы ұйымы арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда – Әдістемеде белгіленген тәртіппен № 13 «Әділ құнды бағалау» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құн объект құны болып табылады.
5. Егер Қағидалардың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, объект құнын тәуелсіз бағалау мына:
1) кепілге салынған объект «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3-тармағына сәйкес қаржы ұйымының меншігіне айналдырылған кезде соттың шешімімен белгіленген ағымдағы бағалау құны болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау Әдістемеге сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ кепілге салынған объекті қаржы ұйымының меншігіне берілген мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырылады;
2) егер құнын айқындаудың алдындағы күні құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған 100 000 (жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жылжымайтын мүлік объект болып табылған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау жылына кемінде бір рет жүргізіледі;
3) кепіл және басқа қамтамасыз ету туралы шарт жасалған;
4) объектіні сату туралы шешім қабылданған жағдайда жүзеге асырылады. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау Әдістемеге сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ сату мерзімінен кешіктірмей жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай шешімді жауапты орган немесе қаржы ұйымының проблемалық қаржы активтерімен жұмыс бөлімшесі қабылдайды және жазбаша түрде ресімделеді.
6. Кепіл шартын жасау және кепіл және басқа да қамтамасыз ету ретінде мынадай объектілерді:
қаржы құралдарын (ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында айналыста болмайтын бағалы қағаздарды қоспағанда);
шартқа сәйкес, оның ішінде инвестициялық жобалар бойынша болашақта клиенттің меншігіне түсетін мүлікті;
шаруашылық серіктестігінің соңғы есепті күні теріс қаржылық нәтижесі болған жағдайда осындай серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлестерін қабылдау көзделетін басқа қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз бағалау талап етілмейді.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген объектілер бойынша құнды бағалауды қаржы ұйымын дербес жүзеге асырады.
7. Әрбір объектінің құнын айқындау бойынша құн айқындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Әдістемеде белгіленген нысан бойынша құнды айқындау туралы жеке есеп жасалады.
Құнды айқындау туралы жеке есепке сондай-ақ мынадай мәліметтер кіреді:
1) қорытындының нөмірі;
2) қорытынды жасалған күн;
3) кепіл туралы шарттың нөмірі мен күні;
4) объектінің атауы және орналасқан жері;
5) құнды айқындау күні;
6) объектінің құнын есептеудің пайдаланылған әдістері;
7) объектіні сәйкестендіретін жалпы ақпарат;
8) объектінің құнын есептеу кезінде пайдаланылған ақпарат;
9) ресми ақпарат көздері;
10) объектінің құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдар;
11) объектінің құнын айқындау үшін орындалған есептер;
12) объектінің жиынтық құны.
8. Объект бойынша мәліметтер (оның ішінде оның құны) құн айқындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған, объект бойынша деректер карточкасында көрсетіледі.
Объект бойынша деректер карточкасы кепіл шарты жасалған күні ресімделеді (ашылады) және қарыз алушыға қойылатын талаптарды тану тоқтатылған күн аралығында жүргізіледі.
9. Провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есептеу мақсатында объектінің құны Әдістемеде көзделген кезеңділікпен, бірақ кемінде жылына бір рет салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы бойынша белгіленген салық кезеңінің соңында айқындалады.
10. Қаржы ұйымы Әдістемені Қағидаларға сәйкес әзірлейді.
Қаржы ұйымының атқарушы органы Әдістемені, сондай-ақ Әдістемеге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді.
Банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензиясын Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен кейін алған қаржы ұйымдары банктік және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге лицензия алған күннен бастап бір ай ішінде Әдістемені әзірлейді және бекітеді.
11. Әдістемеге мыналар кіреді:
1) қаржы ұйымының объектінің құнын айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі, олардың функционалдық міндеттемелері және процестер жүйелілігін сипаттала отырып;
2) кепіл және басқа қамтамасыз ету ретінде қабылданатын мүліктің тізбесі;
3) объектілердің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын ақпарат көздері;
4) әдістерді қолдану негіздері көрсетіле отырып объектілердің құнын айқындау әдістері;
5) объектілердің құнын айқындаудың кезеңділігі;
6) құнды айқындау туралы жеке есептің нысаны және оның жасауға қойылатын талаптар.
12. Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) қаржы ұйымының объектінің құнын айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің функционалдық міндеттері сипатталған, бекітілген Әдістемеде көрсетілген тізбесін өзгерту;
2) бекітілген Әдістеменің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келмеуі.
13. Қаржы ұйымы бекітілген Әдістеменің көшірмесін, Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Әдістеме бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке ұсынады.
Әдістемені қарау нәтижесі бойынша Комитет қаржы ұйымына Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша ескертулердің жоқ немесе бар екені туралы хабарлама жібереді. Комитеттің ескертулері Комитеттің хабарламасында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жойылуы тиіс.
Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Әдістеме Комитеттің ескертулері жойылмайынша, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмейінше қабылданбайды.
14. Комитет салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің, оған енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін, сондай-ақ Комитеттің ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.
15. Салықтық тексеру жүргізу кезінде Комитет салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің Қағидаларға сәйкес келетіндігі туралы қорытынды ұсынады.
Кепілдің және басқа қамтамасыз
етудің құнын айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________ объекті бойынша деректер карточкасы
(объектінің атауы)
Карточканы толтыру басталған күні _____________
Карточканы толтыру аяқталған күні _____________
р/с |
Күні |
Объектінің құны |
Объектіні қайта бағалау |
Кепілдік қамтамасыз ету құнын айқындау әдісі (әдістеменің тармағы көрсетілсін) |
Қолданылатын түзетудің мөлшері |
Объектінің құнын айқындау кезінде пайдаланылған негізгі жорамалдар (әдістеменің тармағы көрсетілсін) |
Карточканы толтыру үшін жауапты тұлғаның аты-жөні, қолы |
|
Объектінің |
Бағалау туралы есептің және Объектінің құнын айқындау туралы есептің № |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Кепіл немесе қамтамасыз ету шартында көрсетілген күні |
||||||||
Кейінгі қайта бағалау күні (t1) |
||||||||
Кейінгі қайта бағалау күні (t2) |
||||||||
……… |
Кепілдің және басқа қамтамасыз
етудің құнын айқындау
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат
№ |
Әдістеменің тармағы, тармақшасы |
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге дейінгі редакция |
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейінгі редакция |
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің негіздемесі (түсініктемелер)1 |
Енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар нәтижесінде объект құнының өзгеруін есептік бағалау2 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
|||||
2 |
|||||
… |
|||||
n |
______________________________________________
қаржылық ұйым басшысының не оның орнындағы адамның лауазымы, аты-жөні, қолы
_______________
1 Енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар нәтижесінде провизия мөлшерінің өзгеруін есептеу бағасы бекіткен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне негіздеме ұсынылады
2 Құнын есептеу енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты өзгеретін барлық объектілер бойынша ақпарат ұсынылады
Кепілдің және басқа қамтамасыз
етудің құнын айқындау
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Әдістемеге ескертулердің жоқ немесе бар екендігі туралы хабарлама
20__жылғы «___» ________ № ________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті Сіздерге
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
(ұйымның мекенжайы)
Әдістемеге ескертулерінің жоқ екендігі туралы
Әдістемеге төменде келтірілген кестеге сәйкес ескертулерінің бар
екендігі туралы
_____________________________________________________________________________________
(керегін белгілеңіз)
хабарлайды
р/с |
Жобаның құрылымдық элементі |
Жобаның редакциясы |
Ескерту |
Түзету мерзімі |
1. |
||||
2. |
||||
… |
Комитеттің басшысы _______________________________________________
(аты-жөні, қолы)
Орындаушы ______________________________
(аты-жөні, қолы, телефон)
Хабарламаны алған _______________________________________________
(ұйым қызметкерінің аты-жөні, қолы күні)
Хабарлама салық төлеушіге жіберілді
____________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)