Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 256 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10350 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескерпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. 2013 жыл үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) қалыптастыру кезінде есептеу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) провизиялар (резервтер) сомасын есептеу кезінде объектілер құнын айқындауды реттейтін, 2012 жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған және қаржы ұйымының ішкі құжаттарында көрсетілген тәртіпке сәйкес айқындалған;

      2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 31 желтоқсанға жасалған жеке жылдық аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген объектінің құны қолданылатыны белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8682 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 288;

      2) "Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 138 қаулыларының күші жойылсын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы қаулының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 2-тармағын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2015 жылғы 29 қаңтар

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 256 қаулысымен
бекітілген

Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау
қағидалары

      1. Осы Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастырған кезде есепке қабылданатын кепіл және басқа да қамтамасыз ету болып табылатын объектінің құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Объект құнын айқындау әдістемесі;

      2) басқа қамтамасыз ету – түрлері Әдістемеде көзделген кепілдеме, кепілдік, кепілақы, кепілді жарна және басқа да қамтамасыз ету;

      3) жеке активтер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес провизиялар (резервтер) әрбір осындай актив бойынша жеке есептелетін активтер;

      4) қаржы ұйымдары – банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      5) қаржы ұйымын бағалау – қаржы ұйымы № 13 "Әділ құнды бағалау" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес Әдістемеде белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын бағалау;

      6) объект – құнсызданған жеке активтер бойынша кепіл және басқа қамтамасыз ету;

      7) тәуелсіз бағалау – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы жүзеге асыратын бағалау;

      8) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

2. Объектінің құнын айқындау

      3. Қағидалардың мақсатында туынды қаржы құралдары объект ретінде қарастырылмайды.

      4. Мыналар:

      1) Қағидалардың 5-тармағында белгіленген жағдайларда – тәуелсіз бағалау бойынша айқындалған құн;

      2) өзге жағдайларда – қаржы ұйымының бағалауы бойынша айқындалған құн объектінің құны болып табылады.

      Бір объекті бойынша бірнеше тәуелсіз баға болған жағдайда объектінің құны мынадай тәртіппен айқындалады:

      1) бағалаушы мен қаржы ұйымы арасындағы шарт бойынша жүргізілген тәуелсіз бағалау бойынша, – егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен қаржы ұйымы және бағалаушы мен объектінің меншік иесі арасындағы шарттар бойынша тәуелсіз бағалаулар жүзеге асырылған жағдайда;

      2) ең кеш жасалған тәуелсіз бағалау бойынша – егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушылар мен объектінің меншік иесі арасындағы шарттар бойынша тәуелсіз бағалаулар жүзеге асырылған жағдайда;

      3) ең кеш жасалған тәуелсіз бағалау бойынша – егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушылар мен қаржы ұйымы арасындағы шарттар бойынша тәуелсіз бағалаулар жүзеге асырылған жағдайда.

      5. Объектінің құнын тәуелсіз бағалау мынадай жағдайда жүзеге асырылады:

      1) кепілге салынған объект "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 3-тармағына сәйкес қаржы ұйымының меншігіне айналдырылған кезде соттың шешімімен белгіленген ағымдағы бағалау құны болмағанда. Мұндай объект бойынша тәуелсіз бағалау Әдістемеге сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ кепілге салынған объектіні қаржы ұйымының меншігіне беру мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылады;

      2) егер құнын айқындаудың алдыңғы күніндегі құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен жоғары болатын жылжымайтын мүлік объект болып табылғанда. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау кемінде жылына бір рет жүргізіледі;

      3) жылжымайтын мүлікті сату туралы шешім қабылданғанда. Мұндай мүлік бойынша тәуелсіз бағалау Әдістемеге сәйкес белгіленген мерзімдерде, бірақ жылжымайтын мүлікті сату мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай шешімді жауапты орган немесе қаржы ұйымының проблемалық қаржы активтерімен жұмыс істеу бөлімшесі қабылдайды және жазбаша түрде ресімделеді.

      6. Қаржы ұйымының әрбір объектінің құнын айқындау нәтижелері бойынша объектінің құны айқындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Әдістемеде белгіленген нысан бойынша объектінің құнын айқындау туралы жеке есеп жасалады.

      Объектінің құнын айқындау туралы жеке есепке сондай-ақ мынадай мәліметтер кіреді:

      1) объектінің құнын айқындау туралы жеке есептің нөмірі;

      2) объектінің құнын айқындау туралы жеке есеп жасалған күн;

      3) кепіл туралы шарттың нөмірі мен күні;

      4) объектінің атауы және орналасқан жері;

      5) объектінің құнын айқындау күні;

      6) объектінің құнын есептеудің пайдаланылған әдістері;

      7) объектіні сәйкестендіретін жалпы ақпарат;

      8) объектінің құнын есептеу кезінде пайдаланылған ақпарат;

      9) ақпараттың ресми дереккөздері;

      10) объектінің құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдар;

      11) объектінің құнын айқындау үшін орындалған есептер;

      12) объектінің жиынтық құны.

      7. Объект бойынша мәліметтер (оның ішінде оның құны) Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалған объект бойынша деректер карточкасында көрсетіледі:

      активтің құнсыздану фактісі анықталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кеш емес;

      құнсыздануы алдыңғы кезеңде айқындалған жеке активтер бойынша объектінің құны айқындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кеш емес.

      Салық кезеңі ішінде объект бойынша деректер карточкасы электрондық түрде ресімделеді және сақталады және мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

      8. Провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есептеу мақсатында объектінің құны Әдістемеде көзделген кезеңділікпен, бірақ кемінде жылына бір рет айқындалады.

      9. Қаржы ұйымы Әдістемені Қағидаларға сәйкес әзірлейді.

      Қаржы ұйымының атқарушы органы Әдістемені, сондай-ақ Әдістемеге енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітеді.

      Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен кейін банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензия алған қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған күннен бастап бір ай ішінде Әдістемені әзірлейді және бекітеді.

      10. Әдістемеде мыналар қамтылады:

      1) функционалдық міндеттері және процестер жүйелілігі сипаттала отырып, қаржы ұйымының объект құнын айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;

      2) кепіл және басқа да қамтамасыз ету ретінде қабылданатын мүліктің тізбесі;

      3) объектілердің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын ақпарат көздері;

      4) осындай әдістердің қолданылу негіздері көрсетіле отырып, объектілердің құнын айқындау әдістері;

      5) объектінің құнын айқындау кезеңділігі;

      6) объектінің құнын айқындау туралы жеке есептің нысаны және оны жасауға қойылатын талаптар.

      11. Әдістемеде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) функционалдық міндеттері сипаттала отырып, бекітілген Әдістемеде көрсетілген қаржы ұйымының объект құнын айқындау процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін өзгерту;

      2) бекітілген Әдістеменің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі.

      12. Қаржы ұйымы бекітілген Әдістеменің көшірмесін, Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты уәкілетті органға Әдістеме, Әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар бекітілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Бекітілген Әдістемені, Әдістемеге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган бекітілген Әдістеменің көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қаржы ұйымына Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Әдістемеге ескертулердің жоқ немесе бар екені туралы хабарлама жібереді.

      Банктік қызмет мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында Әдістемені қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган қаржы ұйымына Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысан бойынша Әдістемеге ескертулердің жоқ немесе бар екені туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті органның ескертулері осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген уәкілетті органның хабарламаларында айқындалған мерзімдерден кешіктірілмей жойылады.

      Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Әдістеме уәкілетті органның ескертулері жойылмайынша, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмейінше қолданылмайды.

      13. Уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға Әдістеменің, оған енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін, сондай-ақ уәкілетті органның ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.

      14. Салықтық тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган салық қызметі органының сұратуы бойынша осындай сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Әдістеменің Қағидаларға сәйкес келетіндігі туралы қорытынды ұсынады.

  Кепілдің және басқа да қамтамасыз
етудің құнын айқындау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

_______________________ объекті бойынша деректер карточкасы

      (объектінің атауы)

      Карточканы толтыру басталған күн _______________

      Карточканы толтыру аяқталған күн _______________

Р/б №

Күні

Объектінің құны

Объектіні қайта бағалау

Кепілдік қамтамасыз ету құнын айқындау әдісі (Әдістеменің тармағы көрсетілсін)

Қолданылатын түзетудің мөлшері

Объектінің құнын айқындау кезінде пайдаланылған негізгі жорамалдар (Әдістеменің тармағы көрсетілсін)

Карточканы толтыру үшін жауапты адамның Т.А.Ә.

Объектінің пайдаланылатын құны (бағалаушы немесе өзі белгілеген)

Бағалау туралы есептің немесе Объектінің құнын айқындау туралы есептің №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Кепіл немесе қамтамасыз ету шартында көрсетілген күн








2.

Кейінгі қайта бағалау күні (t1)








3.

Кейінгі қайта бағалау күні (t2)









………









      ______________________________________________________________

      Мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша ақпаратты қағаз

      тасымалдағышта ұсынуға жауапты адамның, не оның орындағы адамның

      лауазымы, Т.А.Ә., қолы

  Кепілдің және басқа да қамтамасыз
етудің құнын айқындау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Әдістемеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар
туралы ақпарат

Р/б №

Әдістеменің тармағы, тармақшасы

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге дейінгі редакция

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейінгі редакция

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің негіздемесі (түсініктемелер)1

Енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар нәтижесінде объект құнының өзгеруін есептік бағалау2

1

2

3

4

5

6

1






2











n







      _____________________________________________________________________

      қаржы ұйымы басшысының не оның орнындағы адамның лауазымы, Т.А.Ә.,

      қолы

      ___________________________

      1 Енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар нәтижесінде провизиялар мөлшері өзгеруінің есептеу бағасымен бекітілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне негіздеме ұсынылады.

      2 Енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты құнын есептеу өзгеретін барлық объектілер бойынша ақпарат ұсынылады.

  Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің
құнын айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Әдістемеге ескертулердің жоқ немесе бар екендігі туралы
хабарлама

      ____ жылғы "___" ____________ № ____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Сіздерге

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (ұйымның мекенжайы)

Әдістемеге ескертулерінің жоқ екендігі туралы



Әдістемеге төменде келтірілген кестеге сәйкес ескертулерінің бар екендігі туралы




      _____________________________________________________________________

      (керегін белгілеңіз)

р/с №

Жобаның құрылымдық элементі

Жобаның редакциясы

Ескерту

Түзету мерзімі

1.





2.










      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы немесе басшының

      орынбасары ______________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      Орындаушы _______________________

      (Т.А.Ә., қолы, телефоны)

      Хабарламаны алған _______________________________________________

      (ұйым қызметкерінің Т.А.Ә., қолы, күні)

      Хабарлама салық төлеушіге жіберілді

      __________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы,

      күні, нөмірі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады