Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 № 214 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2010 жылғы 1 қазандағы № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6524 тіркелген, 2010 жылғы 13 қазандағы № 270 (26331) "Казахстанская правда" және 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрcетiлген бұйрықпен бекiтiлген Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі бекітеді. БИОК құрамына, келісім бойынша, мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы тәжірибелі мамандар кіреді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және электрондық тасығышпен үш дана жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ БИОК Ережесінің қосымшасына сәйкес өтінішін жібереді.";
көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Министр | Ұ. Қарабалин |
_________________________________________
(жобалық құжаттың атауы)
жобалық құжатты қарауға арналған
өтініш
1. Жер қойнауын пайдаланушы ______________________________________
2. Жер қойнауын пайдалануға ______________________________________
(құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)
_______ арасында бекітілген ___________________________келісімшарт.
(күні)
Мемлекеттік тіркеу актінің № ________, Күні__________________
3. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы ______________________
Жобалық жұмысты жүргізу құқығына берілетін Лицензияның
(сертификаттың) нөмірі, күні және мерзімі _______________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 3 (үш) данасы қоса беріледі.
Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні және қолы
М.О.