"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қазанда 8730 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-205/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2010 ж. № 6, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін:

      Мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтыру:

      "1-1. Амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға арналған ұсыныс сипатында және оны медициналық ұйымның бірінші басшысы медициналық қызметтердің қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бекітеді.";

      "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері" деген 13-қосымшада:

      "Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі" деген 4.3-параграфының 88-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

§ 4.3. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі

Бөлімше меңгерушісінің міндетін атқаратын профилактика және диспансерлеу (СӨС) жөніндегі дәрігер/жоғары медициналық білімі бар мейіргер

1 лауазым



      мынадай редакцияда жазылсын:

      "692. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінің 13-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге арналған уақыт нормативі Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінің 13-1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.";

      Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Е.Байжүнісов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
Министрінің м.а.
2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылдың 7 сәуірдегі
№ 238 бұйрығына сәйкес
Денсаулық сақтау
ұйымдарының
типтік штаттары мен
штаттық нормативтеріне
13-1-қосымша

Амбулаториялық-емханалық қызметтерді көрсетуге арналған кестеге
сәйкес нормативтері

р/с

Мамандығы

Қабылдауда: уақыт (минут)

Үйде қызмет көрсеткенде: уақыт (минут)


1

2

3

4

5

1.

Терапевт

15

30




Педиатр

15

30



3.

Жас өспірімдер дәрігері

15





4.

Жалпы тәжірибедегі дәрігер/жанұялық дәрігер

15

30



5.

Профилактикалау бөлімшесінің дәрігері/жоғары білімі бар мейіргер

15





6.

Профилактика бөлімшесінің мейіргері

15





7.

Акушерка

15





8.

Мейіргер (1)

15

30



9.

Мейіргер (2)

15

30



10.

Мейіргер (3)

15

30



11.

Әлеуметтік қызметкер

20

40



12.

Психолог

35

40




      * Мәліметтер хронометрлеу жолымен алынды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады