"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8734 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығыстардың, оның ішінде мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5419 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесінде:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
      120 «Жұмыс берушілердің жарналары» кіші сыныбында:
      123 «Міндетті сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбында:
      144 «Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
      Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде ЖЖМ құнын, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтік іссапарларын төлеумен байланысты шығыстарды корпоративтік толем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне құю үшін ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде, сондай-ақ малдардың аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ЖЖМ сатып алу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу растау құжаттарын қоса берусіз төлеуге берілген шот негізінде жүзеге асырылады.»;
      149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
      100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу растау құжаттарын қоса берусіз төлеуге берілген шот негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік саясатты іске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің оларды іске асыру саласында олардың сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгілерін сатып алумен және сынақтан өткізумен байланысты шығыстарын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезінде шартты тіркеу талап етілмейді.»;
      150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» кіші сыныбында:
      151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.»;
      152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:

      153 «Көліктік қызмет көрсетуге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      154 «Үй-жайды жалға алу төлемдері» ерекшелігі бойынша:
      5 «Атауы» бағаны мемлекеттік тілде өзгеріссіз;

      159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарты бойынша шығыстарды төлеу кезінде; банк қызметтерін төлеу кезінде; әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Іссапар шығыстары» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шоттарына соманы аудару кезінде, «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың шығыстарын реттеу кезінде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешімдері бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, қызметтік іссапарда болған кезде алыс және таяу шетелде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көліктің авиацияның әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді.»;
      2 «Күрделі шығындар» санатында:
      4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
      410 «Негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу» кіші сыныбында:
      414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккәмал құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.
      100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.»;
      416 «Материалдық емес активтерді сатып алу» ерекшелігі бойынша:
      7 «Ескерту» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде.»;
      420 «Негізгі құралдың күрделі жөндеуі» кіші сыныбында:
      423 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі алынып тасталсын;
      430 «Дамытуға бағытталған күрделі шығындар» кіші сыныбында:
      435 «Мемлекеттік кәсіпорындардың жаңа объектілерін салу және қолдағы бар объектілерін реконструкциялау» ерекшелігі алынып тасталсын.
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (З.А. Ерназарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Жәмішев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады