"Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 03 қазанда № 8765 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 64) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Министр ________ Б. Жәмішев

      2013 жылғы 29 тамыз

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 195 қаулысымен
бекітілген

"Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты
есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандарты

1. Мақсаты және қолдану аясы

      1. Осы "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 64) тармақшасына, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізуге және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – қор) зейнетақы активтеріне қатысты қаржылық есептілік жасауға арналған.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Стандарттың мақсаты зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қор қаржылық есептілікте жария ететін ақпаратты ұсыну ерекшеліктерін айқындау болып табылады.

      3. Стандартта реттелмеген мәселелер "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен (бұдан әрі – ХҚЕС) реттеледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Меншікті активтер бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін қор ХҚЕС қолданады.

2. Осы Стандартта пайдаланылатын ұғымдар

      5. Осы Стандарттың мақсаты үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамада және ХҚЕС-те көзделген ұғымдар пайдаланылады.

3. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебін жүргізу

1-параграф. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі

      6. Зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі, оның ішінде зейнетақы жарналарын алу және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен, нысаналы активтермен және нысаналы жинақтармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 болып тіркелген) бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 87 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Қаржы активтерін бастапқы тану

      7. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-1. Қор қаржы активтерін мынадай санаттар бойынша сыныптайды:

      1) амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар;

      2) әділ құны бойынша бағаланатындар.

      Қордың қаржы активтерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген санаттардың біріне жатқызу "Зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32997 болып тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Бағалау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Стандарт 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді қоспағанда, қаржы активтерін сатып алу және сату мәмілелері есептеу күні бойынша есепке алу әдісі бойынша есепке алынады.

      Актив ұйымға жеткізілетін немесе ұйым жеткізетін күн есеп айырысу күні болып табылады.

      Есеп айырысу күнгі бухгалтерлік есеп мыналарды көздейді:

      1) ұйым алған күні активті тану;

      2) ұйым жеткізген күні активті тануды тоқтату және есептен шығарудан пайда немесе зиянды тану.

      Қаржы активін шығынға жазудан кірісті немесе шығысты есептеу ФИФО "бірінші түсу - бірінші босату" әдісі (бұдан әрі – ФИФО әдісі) бойынша жүзеге асырылады.

      ФИФО әдісін қолдану бірінші сатып алынған активтер бірінші болып өткізілетін білдіреді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 100 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бастапқы тану кезінде мәміле бойынша осы қаржы активін сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты шығындар ескеріле отырып, операцияның бағасы болып табылатын әділ құн бойынша бағаланады.

      Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бастапқы тану кезінде мәміле бойынша осы қаржы активін сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты шығындар ескерілмей, операцияның бағасы болып табылатын әділ құн бойынша бағаланады.

      Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активін сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты шығындар кірістердің немесе шығыстардың құрамында танылады.

      Қаржы активтерін бастапқы тану 13-"Әділ құны бойынша бағалау" халықаралық қаржылық есептілік стандартында (IFRS) көзделген жағдайларда, сондай-ақ, егер операцияның бағасы активтің әділ құны болып табылмаған жағдайда әділ құны бойынша жүзеге асырылады.

      Операцияның бағасының және қаржы активінің әділ құнының айырмасынан қаржы активін бастапқы тану кезінде туындайтын кіріс немесе шығыс кірістің немесе шығыстың құрамында танылады.

3-параграф. Қаржы құралдарын бұдан әрі есепке алу

      10. "Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар" санатына жіктелген қаржы активтерін бұдан әрі есепке алу қаржы активтері бастапқы тану кезінде өлшенетін шаманы білдіретін амортизацияланған құн бойынша, борыштың бастапқы құн мен өтеу сомасы арасындағы айырманы амортизациялау пайызының тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып жинақталған сомаға азайтылған немесе ұлғайтылған негізгі сомасын өтеуге арналған төлемдер шегеріле, сондай-ақ қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды жабуға арналған резерв (провизиялар) шотын пайдалану арқылы азайту сомасын шегеріле отырып жүзеге асырылады.

      11. Қаржы активтері бойынша дисконт немесе сыйлықақы пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі қолданыла отырып амортизацияланады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Сыйақы түріндегі кірісті немесе шығысты есептеу күнделікті негізде жүзеге асырылады.

      Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын және әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша дисконттың немесе сыйлықақының амортизациясы күн сайынғы негізде жүзеге асырылады.

      "Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар" санатында есепке алынатын қаржы активтерінің құнсыздану сомасы Бағалау қағидаларына сәйкес анықталады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына жіктелген қаржы активтерін есепке алу әділ құн бойынша жүзеге асырылады. Әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қайта бағалау Бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қаржы активінің әділ құны және (немесе) сатылатын, "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатында есепке алынатын қаржы активтерінің әділ құнының ақпарат көздері Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Қордың бухгалтерлік есебінде шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер әрбір шетелдік басқарушы бойынша жалпы сомамен әрбір қаржы құралы бойынша нақтыланбай көрсетіледі.

      Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қайта бағалау жүргізілмейді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Тазартылған бағалы металдар Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалған әділ құны бойынша есепке алынады.

      15. Туынды қаржы құралдарын есепке алу Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалған әділ құн бойынша жүзеге асырылады.

      16. Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы қаржы активтері "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша күн сайын қайта бағаланады.

      Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы емес қаржы активтері "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша қаржы құралының әділ құнын бағалау күніне қайта бағаланады.

      Қаржы активтері бойынша оң және теріс бағамдық айырмалар кіріс немесе шығыс құрамында танылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 15.03.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. "Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар" санатынан қаржы активтерін сату кезінде осы қаржы активтерін "әділ құны бойынша бағаланатындар" санатына алдын ала қайта жіктеу жүргізілмейді.

4-параграф. Қаржы активтерін қайта жіктеу

      18. Қаржы активтерін қайта жіктеу Стандарттың 17-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері санатынан және сол сияқты әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері санатынан жүзеге асырылуы мүмкін.

5-параграф. Хеджирлеу операцияларын есепке алу

      19. Хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ олар бойынша кірістердің және (немесе) шығыстардың бухгалтерлік есебі және оларды қордың қаржылық есептілігінде көрсету ХҚЕС-ке сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Хеджирлеу операцияларының бухгалтерлік есебі былайша жүзеге асырылады:

      1) хеджирлеу құралын әділ құны бойынша қайта бағалаудан түскен кірістер немесе болған шығыстар бухгалтерлік есепте кірістер немесе шығыстар ретінде көрсетіледі;

      2) хеджирленетін баптың баланстық құны хеджирленетін бап бойынша хеджирленетін тәуекелге жатқызылған кіріс немесе шығыс ескеріле отырып түзетіледі, осы кірістер немесе шығыстар бухгалтерлік есепте кірістер немесе шығыстар ретінде көрсетіледі.

      21. Хеджирлеу операцияларының бухгалтерлік есебі кезінде қаржылық есептіліктегі кірістер немесе шығыстар құрамында хеджирлеу құралының әділ құнындағы және хеджирлеу бабындағы өзгерістерді өзара есепке алу нәтижелері танылады.

      Қаржылық есептілікті жасау кезінде хеджирлеу құралы бойынша кірістер мен шығыстар пайда мен залал туралы есептің бабында көрсетіледі, бұл бапта хеджирленетін баптан түскен кірістер және болған шығыстар берілген. Хеджирлеу операцияларының тиімсіз бөлігіне жататын кірістер мен шығыстар басқа да пайда мен залал туралы есептің баптарында көрсетіледі.

6-параграф. Қаржы активтерін тануды тоқтату және қалпына келтіру

      Ескерту. 6-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2019 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Қор қаржы активін тануды:

      1) осы қаржы активінен ақша қаражатының ағындарына шарттық құқықтардың қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) өткізу ХҚЕС талаптарына сәйкес келген жағдайда, ол осы қаржы активінен ақша қаражатының ағындарын алуға арналған шарттық құқықтар өткізген жағдайларда;

      3) амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды жабуға арналған резервтің (провизиялардың) 100 (бір жүз) пайыздық мөлшері құрылғаннан кейін 180 (бір жүз сексенінші) күн өткеннен кейін;

      4) әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша Бағалау қағидаларында көзделген жағдайларда құнды 100 (бір жүз) пайыз азайту жүзеге асырылғаннан кейін 180 (бір жүз сексенінші) күн өткеннен кейін тоқтатады.

      23. Қор осы қаржы активін тануды тоқтатқаннан кейін қорға қаржы активі бойынша ақша ағындарының түсімдері бухгалтерлік есепте кірістер ретінде тануға жатады.

      Егер қаржы активін тану қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен тоқтатылса, осы қаржы активі бойынша ақша түсімі қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістерге жатқызылады.

      Танылуы тоқтатылған, әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қалпына келтіру кірістер есебінен Бағалау қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз баға негізінде жүзеге асырылады.

      Танылуы тоқтатылған, амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтерін қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) есебінен қалпына келтіру қаржы активінің құнсыздануынан болуы ықтимал шығындарды өтеуге арналған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түсетін кірістер есебінен Бағалау қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізілген тәуелсіз баға негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.09.2019 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7-параграф. Қаржылық есептілік

      24. Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы активтері бойынша қордың қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.

      Қордың зейнетақы активтері бойынша жылдық қаржылық есептілігі ағымдағы жылдың деректерін және кем дегенде өткен жылдың салыстырмалы деректерін қамтиды.

      Қордың зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілігі қордың меншікті активтері бойынша қаржылық есептіліктен бөлек жасалады.

      Зейнетақы активтері бойынша жасалатын жылдық қаржылық есептілік міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептен, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептен, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептер және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есеп және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есеп зейнетақы активтері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты ашады.

      Түсіндірме жазбада міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептің, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтері туралы есептің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептің, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептің деректерін толықтыратын ақпарат қамтылады.

      Түсіндірме жазба жылдық қаржылық есептілікке ескертпелер түрінде жасалады және онда қордың қаржылық есептілігінде ашып көрсетілген бухгалтерлік баптардың сипаты немесе егжей-тегжейлі талдамалары, сондай-ақ қордың қаржылық есептілігінде тануға жатпайтын бухгалтерлік баптар туралы ақпарат қамтылады.

      Түсіндірме жазбада хеджирлеу құралы және оған байланысты хеджирленетін бап, хеджирленетін тәуекелдің сипаты, сондай-ақ хеджирлеу құралының тиімділігін бағалау туралы ақпарат ашылады.

      Жылдық қаржылық есептілікте қаржы құралдары бойынша ақпарат ашылған кезде қаржы құралдарының әділ құны Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.11.2023 № 87 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении Стандарта финансовой отчетности "Учет и раскрытие информации об операциях по пенсионным активам"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 июля 2013 года № 195. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 октября 2013 года № 8765.

      В соответствии с подпунктом 64) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", подпунктом 1) пункта 6 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 122 (вводится в действие c 01.01.2023).

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт финансовой отчетности "Учет и раскрытие информации об операциях по пенсионным активам".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Г. Марченко

"СОГЛАСОВАНО"


Министерство финансов


Республики Казахстан


Министр

Б. Жамишев

29 августа 2013 года



      Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 26 июля 2013 года № 195

      Стандарт финансовой отчетности
"Учет и раскрытие информации об операциях

по пенсионным активам"

1. Цель и сфера действия

      1. Настоящий Стандарт финансовой отчетности "Учет и раскрытие информации об операциях по пенсионным активам" (далее – Стандарт) разработан в соответствии с подпунктом 64) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", подпунктом 1) пункта 6 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", предназначен для ведения бухгалтерского учета пенсионных активов и составления финансовой отчетности в отношении пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда и добровольных накопительных пенсионных фондов (далее – фонд).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 122 (вводится в действие c 01.01.2023).

      2. Целью Стандарта является определение особенностей ведения бухгалтерского учета и представления информации по пенсионным активам, подлежащей раскрытию в финансовой отчетности фондом.

      3. Вопросы, не урегулированные Стандартом, регулируются Законом Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и международными стандартами финансовой отчетности (далее – МСФО).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 19.12.2022 № 122 (вводится в действие c 01.01.2023).

      4. Для ведения бухгалтерского учета и составления фондом финансовой отчетности по собственным активам фондом применяются МСФО.

      2. Понятия, используемые в Стандарте

      5. Для целей Стандарта используются понятия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности и МСФО.

      3. Ведение бухгалтерского учета пенсионных активов
Параграф 1. Бухгалтерский учет пенсионных активов

      6. Бухгалтерский учет пенсионных активов, в том числе операций по получению пенсионных взносов и осуществлению пенсионных выплат осуществляется в соответствии с Инструкцией по ведению бухгалтерского учета операций с пенсионными активами, осуществляемых единым накопительным пенсионным фондом и добровольными накопительными пенсионными фондами, утвержденной постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 69 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета операций с пенсионными активами, целевыми активами и целевыми накоплениями, осуществляемыми единым накопительным пенсионным фондом и добровольными накопительными пенсионными фондами" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7118).

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.11.2023 № 87 (вводится в действие с 01.01.2024).

      Параграф 2. Первоначальное признание финансовых активов

      7. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 26.02.2014 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7-1. Фонд классифицирует финансовые активы по следующим категориям:

      1) оцениваемые по амортизированной стоимости;

      2) оцениваемые по справедливой стоимости.

      Отнесение финансовых активов фонда в одну из двух категорий, предусмотренных в части первой настоящего пункта, осуществляется в соответствии с Правилами осуществления учета и оценки пенсионных активов, утвержденными постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 26 июня 2023 года № 58 "Об утверждении Правил осуществления учета и оценки пенсионных активов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32997), (далее – Правила оценки).

      Сноска. Стандарт дополнен пунктом 7-1 в соответствии с постановлением Правления Национального Банка РК от 26.02.2014 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.11.2023 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Сделки по покупке и продаже финансовых активов, за исключением сделок с производными финансовыми активами, учитываются по методу учета по дате расчетов.

      Датой расчетов является дата, на которую актив поставляется организации или организацией.

      Бухгалтерский учет на дату расчетов предусматривает следующее:

      1) признание актива в день его получения организацией;

      2) прекращение признания актива и признание прибыли или убытка от выбытия в день его поставки организацией.

      Расчет дохода или расхода от выбытия финансового актива осуществляется по методу ФИФО "первое поступление – первый отпуск" (далее – метод ФИФО).

      Применение метода ФИФО заключается в том, что активы, приобретенные первыми, будут реализованы первыми.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 22.11.2021 № 100 (вводится в действие с 01.01.2022).

      9. Финансовые активы, оцениваемые по амортизированной стоимости при первоначальном признании оцениваются по справедливой стоимости, которая является ценой операции, с учетом затрат по сделке, которые напрямую связаны с приобретением или выпуском данного финансового актива.

      Финансовые активы, оцениваемые по справедливой стоимости при первоначальном признании оцениваются по справедливой стоимости, которая является ценой операции, без учета затрат по сделке, которые напрямую связаны с приобретением или выпуском данного финансового актива.

      Затраты по сделке, напрямую связанные с приобретением или выпуском финансового актива, оцениваемого по справедливой стоимости, признаются в составе доходов или расходов.

      Первоначальное признание финансовых активов осуществляется по справедливой стоимости в случаях, предусмотренных международным стандартом финансовой отчетности (IFRS) 13 "Оценка справедливой стоимости", а также, в случае если цена операции не является справедливой стоимостью актива.

      Доход или расход от разницы цены операции и справедливой стоимости финансового актива, возникающий при первоначальном признании финансового актива признается в составе дохода или расхода.

      Параграф 3. Последующий учет финансовых активов

      10. Последующий учет финансовых активов, классифицированных в категорию "оцениваемые по амортизированной стоимости", осуществляется по амортизированной стоимости, представляющей собой величину, в которой финансовые активы измерены при первоначальном признании, за вычетом выплат в погашение основной суммы долга, уменьшенную или увеличенную на сумму накопленной с использованием метода эффективной ставки процента амортизации разницы между первоначальной стоимостью и суммой погашения, а также за вычетом суммы уменьшения путем использования счета резерва (провизии) на покрытие возможных потерь от обесценения финансового актива.

      11. Дисконт или премия по финансовым активам амортизируется с применением метода эффективной ставки процента.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 26.02.2014 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Начисление дохода или расхода в виде вознаграждения осуществляется на ежедневной основе.

      Амортизация дисконта или премии по финансовым активам, оцениваемым по амортизированной стоимости и по справедливой стоимости, осуществляется на ежедневной основе.

      Сумма обесценения финансовых активов, учитываемых в категории "оцениваемые по амортизированной стоимости", определяется в соответствии с Правилами оценки.

      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Учет финансовых активов, классифицированных в категорию "оцениваемые по справедливой стоимости", осуществляется по справедливой стоимости. Переоценка финансовых активов, оцениваемых по справедливой стоимости, осуществляется в соответствии с Правилами оценки.

      Справедливая стоимость финансового актива и (или) источники информации справедливой стоимости торгуемых финансовых активов, учитываемых в категории "оцениваемые по справедливой стоимости", определяются в соответствии с Правилами оценки.

      В бухгалтерском учете фонда активы, находящиеся в инвестиционном управлении у зарубежной организации, осуществляющей деятельность по управлению инвестиционным портфелем в соответствии с законодательством иностранного государства, отражаются общей суммой по каждому зарубежному управляющему без детализации в разрезе каждого финансового инструмента.

      Переоценка финансовых активов, оцениваемых по амортизированной стоимости, не производится.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка РК от 29.01.2018 № 10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Аффинированные драгоценные металлы учитываются по справедливой стоимости, определяемой в соответствии с Правилами оценки.

      15. Учет производных финансовых инструментов осуществляется по справедливой стоимости, определяемой в соответствии с Правилами оценки.

      16. Монетарные финансовые активы, выраженные в иностранной валюте, переоцениваются ежедневно по рыночному курсу обмена валют, определенному в порядке, предусмотренном постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказом Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "О порядке определения рыночного курса обмена валюты" (зарегистрированными в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8378).

      Немонетарные финансовые активы, выраженные в иностранной валюте, переоцениваются на дату оценки справедливой стоимости финансового инструмента по рыночному курсу обмена валют, определенному в порядке, предусмотренном постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 января 2013 года № 15 и приказом Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 99 "О порядке определения рыночного курса обмена валюты" (зарегистрированными в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8378).

      Положительные и отрицательные курсовые разницы по финансовым активам признаются в составе дохода или расхода.

      Сноска. Пункт 16 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 15.03.2021 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. При продаже финансовых активов из категории "оцениваемые по амортизированной стоимости" не производится предварительная реклассификация данных финансовых активов в категорию "оцениваемые по справедливой стоимости".

      Параграф 4. Реклассификации финансовых активов

      18. Реклассификация финансовых активов может осуществляться как из категории финансовых активов, оцениваемых по амортизированной стоимости, так из категории финансовых активов, оцениваемых по справедливой стоимости, за исключением случая, предусмотренного в пункте 17 Стандарта.

      Параграф 5. Учет операций хеджирования

      19. Бухгалтерский учет и отражение операций хеджирования, а также доходов и (или) расходов по ним, в финансовой отчетности фонда осуществляется в соответствии с МСФО.

      20. Бухгалтерский учет операций хеджирования осуществляется следующим образом:

      1) доходы или расходы от переоценки инструмента хеджирования по справедливой стоимости в бухгалтерском учете отражаются в качестве доходов или расходов;

      2) балансовая стоимость хеджируемой статьи корректируется с учетом отнесенных к хеджируемому риску дохода или расхода по хеджируемой статье, данные доходы или расходы в бухгалтерском учете отражаются в качестве доходов или расходов.

      21. При бухгалтерском учете операций хеджирования в составе доходов или расходов в финансовой отчетности признаются результаты взаимозачета изменений в справедливой стоимости инструмента хеджирования и хеджируемой статьи.

      При составлении финансовой отчетности доходы и расходы по инструментам хеджирования отражаются на статье отчета о прибылях и убытках, в которой представлены доходы и расходы от хеджируемой статьи. Доходы и расходы, относящиеся к неэффективной части операции хеджирования, отражаются на статьях прочих доходов и расходов отчета о прибылях и убытках.

      Параграф 6. Прекращение признания и восстановление финансовых активов

      Сноска. Заголовок параграфа 6 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 13.09.2019 № 155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Фонд прекращает признание финансового актива в случаях:

      1) истечения срока действия договорных прав на потоки денежных средств от этого финансового актива;

      2) передачи договорных прав на получение потоков денежных средств от финансового актива, в случае если передача соответствует требованиям МСФО;

      3) по финансовым активам, оцениваемым по амортизированной стоимости по истечении 180 (сто восьмидесятого) дня после создания 100 (сто) процентного размера резерва (провизии) на покрытие возможных потерь от обесценения финансового актива;

      4) по финансовым активам, оцениваемым по справедливой стоимости по истечении 180 (сто восьмидесятого) дня после осуществления 100 (сто) процентного уменьшения стоимости в случаях, предусмотренных в Правилах оценки.

      23. Поступления денежных потоков в фонд по финансовому активу после прекращения признания данного финансового актива фондом подлежат признанию в бухгалтерском учете фонда в качестве доходов.

      Если признание финансового актива было прекращено за счет резервов (провизий) на покрытие возможных потерь от обесценения финансового актива, поступление денег по данному финансовому активу относится на доходы от восстановления резервов (провизий) на покрытие возможных потерь от обесценения финансового актива.

      Восстановление финансовых активов оцениваемых по справедливой стоимости, признание которых прекращено, осуществляется за счет доходов на основании независимой оценки, проведенной в соответствии с требованиями Правил оценки.

      Восстановление финансовых активов оцениваемых по амортизированной стоимости, признание которых прекращено за счет резервов (провизии) на покрытие возможных потерь от обесценения финансового актива, осуществляется за счет доходов от восстановления резервов (провизии) на покрытие возможных потерь от обесценения финансового актива на основании независимой оценки, проведенной в соответствии с требованиями Правил оценки.

      Сноска. Пункт 23 в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 13.09.2019 № 155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Параграф 7. Финансовая отчетность

      24. Финансовая отчетность фонда по пенсионным активам на территории Республики Казахстан представляется в национальной валюте Республики Казахстан.

      Годовая финансовая отчетность фонда по пенсионным активам включает данные за текущий год и сравнительные данные как минимум за предыдущий год.

      Финансовая отчетность фонда по пенсионным активам составляется отдельно от финансовой отчетности по собственным активам фонда.

      Годовая финансовая отчетность, составляемая по пенсионным активам, состоит из отчета о чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, отчета о чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов работодателя, отчета об изменениях в чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, отчета об изменениях в чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов работодателя и пояснительной записки.

      Отчет о чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, и отчет о чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов работодателя, раскрывает информацию об активах и обязательствах по пенсионным активам.

      Пояснительная записка содержит информацию, дополняющую данные отчета о чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, отчета о чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов работодателя, отчета об изменениях в чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, отчета об изменениях в чистых пенсионных активах, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов работодателя.

      Пояснительная записка составляется в виде примечаний к годовой финансовой отчетности и включает описание или детализированные расшифровки бухгалтерских статей, раскрытых в финансовой отчетности фонда, а также информацию о бухгалтерских статьях, не подлежащих признанию в финансовой отчетности фонда.

      В пояснительной записке раскрывается информация об инструменте хеджирования и связанной с ним хеджируемой статье, характере хеджируемого риска, а также оценке эффективности инструмента хеджирования.

      При раскрытии информации по финансовым инструментам в годовой финансовой отчетности, определение справедливой стоимости финансовых инструментов производится в соответствии с Правилами оценки.

      Сноска. Пункт 24 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 27.11.2023 № 87 (вводится в действие с 01.01.2024).