Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда № 22383 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) және 64) тармақшаларына сәйкес, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Касенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева А.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 28 Қаулыға қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 12 жинағында 2008 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1280 10 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1280 11 шотпен толықтырылсын:

"1280 11

Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар";

      1280 45 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1280 63 шотпен толықтырылсын:

"1280 63

Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар";

      3-параграфта:

      3390 68 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3390 69 шотпен толықтырылсын:

"3390 69

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару жөніндегі міндеттемелер";

      3390 70 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3390 71 шотпен толықтырылсын:

"3390 71

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақылар мен зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының аумағында жеткізу жөніндегі міндеттемелер";

      6-параграфта:

      6110 62 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6110 63 шотпен толықтырылсын:

"6110 63

Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу";

      6240 62 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер";

      6240 62 шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6240 63 шотпен толықтырылсын:

"6240 63

Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша кірістер";

      7-параграфта:

      7440 61 шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

"7440 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1280 10 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1280 11 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "1280 11 "Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар" (актив).

      Мақсаты: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сенімгерлік басқаруға берген ақша сомаларын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сенімгерлік басқаруға берілген талаптардың сомалары есептен шығарылады.";

      1280 45 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1280 63 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "1280 63 "Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар" (актив).

      Мақсаты: инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі көрсеткішінің ауытқуы нәтижесінде туындаған теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптардың сомаларын және зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәнін есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша талаптар сомасы олар туындаған кезде жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша теріс айырманы өтеу кезінде талаптардың сомаларын есептен шығару жазылады.";

      3390 61 шотының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар алдындағы зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы алу жөніндегі міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының алушылар алдындағы зейнетақы жинақтарын төлеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы алу бойынша міндеттемелерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтары бойынша міндеттемелерінің сомаларын оларды алушыға төлеу кезінде, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында оларды біржолғы алып қою кезінде есептен шығару жазылады.";

      3390 65 шотының сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мақсаты: салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомаларын есепке алу (талдамалық есепке алу міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушылар бөлінісінде бөлек жүргізіледі).

      Шоттың кредиті бойынша түскен зейнетақы жарналарының, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдардың, инвестициялық кірістің және басқа да түсімдердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру немесе басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына және сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде зейнетақы жинақтарының сомалары есептен шығару жазылады.";

      3390 68 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 69 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3390 69 "Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелер" (пассив).

      Мақсаты: жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын есептен шығару жазылады.";

      3390 70 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 71 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3390 71 "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақылар мен зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының аумағында жеткізу жөніндегі міндеттемелер" (пассив).

      Мақсаты: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еңбекшілерінің (отбасы мүшелерінің) Қазақстан Республикасының аумағындағы зейнетақылары мен зейнетақы жинақтарының сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еңбекшілерінің (отбасы мүшелерінің) Қазақстан Республикасының аумағында келіп түскен зейнетақыларының және зейнетақы жинақтарының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы мен зейнетақы жинақтарының сомаларын Қазақстан Республикасының аумағында есептен шығару жазылады.";

      6110 62 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6110 63 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "6110 63 "Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу".

      Мақсаты: теріс комиссиялық сыйақы сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің теріс мәні кезінде туындаған теріс комиссиялық сыйақы сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын есептен шығару № 5610 баланстық шотқа жазылады.";

      6240 62 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6240 62 "Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер".

      Мақсаты: амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған қалпына келтірілген (жойылған) резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын есептен шығару № 5610 баланстық шотқа жазылады.";

      6240 62 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6240 63 шотының нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "6240 63 "Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша кірістер".

      Мақсаты: инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі көрсеткіші ауытқуы нәтижесінде туындаған өтелетін теріс айырма және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні бойынша кіріс сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша өтелетін теріс айырма бойынша кірістің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын есептен шығару № 5610 баланстық шотқа жазылады.";

      7440 61 шотының атауы мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7440 61 "Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар".

      Мақсаты: амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомалары есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстардың сомалары жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстардың сомаларын № 5610 баланстық шотына есептен шығару жүргізіледі.";

      2. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 қазанда "Заң газеті" газетінде № 159 (2149) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Ерікті зейнетақы жарналарының сомасына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы түсуіне мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1060 61

Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақшалай қаражат (зейнетақы активтері)


Кт

3390 65

Жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Зейнетақы жинақтарын басқа Қорларға және (немесе) сақтандыру ұйымдарына төлеу және аудару кезінде және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) инвестициялық шоттан төлемдер шотына аудару сомасына:


Дт

1060 62

Ағымдағы шоттағы (төлемдер шоты) ақшалай қаражат (зейнетақы активтері)


Кт

1060 61

Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақшалай қаражат (зейнетақы активтері);

      2) салымшы (алушы) алдындағы міндеттемелер сомасына:


Дт

3390 65

Жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары


Кт

3390 61

Зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша міндеттемелер



3390 62

Зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару бойынша міндеттемелер



3390 63

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару бойынша міндеттемелер



3390 69

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелер;

      3) нақты төлеу кезінде:


Дт

3390 61

Зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша міндеттемелер



3390 62

Зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару бойынша міндеттемелер



3390 63

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару бойынша міндеттемелер


Кт

1060 62

Ағымдағы шоттағы (төлемдер шоты) ақшалай қаражат (зейнетақы активтері)



3120

Жеке табыс салығы;

      4) сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар сомасына:


Дт

1280 11

Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар


Кт

3390 65

Жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары;

      5) зейнетақы жинақтарын кастодиандар арасында аудару кезінде:


Дт

3390 69

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару бойынша міндеттемелер


Кт

1060 61

Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақшалай қаражат (зейнетақы активтері),

      бірмезгілде:


Дт

1060 61

Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақшалай қаражат (зейнетақы активтері)


Кт

1280 11

Сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтары бойынша талаптар.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздануынан шығындарды жабуға резервтер (провизиялар) құрылған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

7440 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар


Кт

1290 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар).

      31. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар) азайған (жойылған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1290 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша зиянды өтеуге арналған резервтер (провизиялар)


Кт

6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер.";

      33 және 33-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Эмитент амортизацияланған құны бойынша бағаланатын резервтер (провизиялар) есебінен есептен шығарылған бағалы қағаздардың құнын өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:


Дт

1060 61

Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақша қаражаты (зейнетақы активтері)


Кт

6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер.

      33-1. Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын және қалыптастырылған резервтер есебінен бұрын есептен шығарылған бағалы қағаздардың құнын қалпына келтіру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) қысқа мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

      талаптар сомасына:


Дт

1130 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржы активтері



1270 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер


Кт

1290 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша зиянды жабуға арналған резервтер (провизиялар),

      және бір мезгілде бағалы қағаздар құнын қалпына келтіру сомасына:


Дт

1290 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша зиянды жабуға арналған резервтер (провизиялар)


Кт

6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер;

      2) ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша:

      талаптар сомасына:


Дт

2020 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы активтері



2170 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер


Кт

1290 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша зиянды жабуға арналған резервтер (провизиялар),

      және бір мезгілде бағалы қағаздар құнын қалпына келтіру сомасына:


Дт

1290 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша зиянды жабуға арналған резервтер (провизиялар)


Кт

6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Инвестициялық кірісті қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бар кіріс сомасына:


Дт

6110 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер



6110 03

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кірістер



6110 04

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер



6110 05

Орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кірістер



6110 29

Талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер



6110 30

Мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер



6110 31

Шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер



6110 34

Сыйақы алуға байланысты басқа да кірістер



6110 35

Жинақ салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер



6110 63

Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу



6110 64

Сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер



6150 01

Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен түскен кірістер



6240 02

Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер



6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) түскен кірістер



6240 63

Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша кірістер



6250 02

Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер



6280 01

Тазартылған бағалы металдарды сатудан түскен кірістер



6280 05

Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан түскен кірістер



6280 07

Басқа да кірістер



6280 09

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан түскен кірістер



6290 09

Фьючерс мәмілелері бойынша кірістер



6290 10

Форвард мәмілелері бойынша кірістер



6290 11

Опцион мәмілелері бойынша кірістер



6290 13

Своп мәмілелері бойынша кірістер


Кт

5610

Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген зиян);

      2) бар шығыс сомасына:


Дт

5610

Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген зиян)


Кт

7310 02

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясына байланысты шығыстар



7310 10

Орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар



7310 25

Сыйақы төлеуге байланысты басқа да шығыстар



7430 02

Шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығыстар



7440 02

Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар



7440 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) құру бойынша шығыстар



7440 62

Сыртқы басқарудағы активтер бойынша шығыстар



7470 01

Тазартылған бағалы металдардың баланстық құны



7470 03

Өзгерістері пайданың немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен болған шығыстар



7470 07

Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болған шығыстар



7470 10

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған шығыстар



7470 27

Басқа да комиссиялық шығыстар



7470 81

Қор биржасының қызметтері үшін комиссиялық шығыстар



7470 82

Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша комиссиялық шығыстар



7480 09

Фьючерс мәмілелері бойынша шығыстар



7480 10

Форвард мәмілелері бойынша шығыстар



7480 11

Опцион мәмілелері бойынша шығыстар



7480 13

Своп мәмілелері бойынша шығыстар.";

      мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:

      "12-тарау. Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі

      93. Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талапты есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша есептелген талап сомасына:


Дт

1280 63

Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар


Кт

6240 63

Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы айырманы өтеу бойынша кірістер;

      2) өтемді алған кезде:


Дт

1060 61

Ағымдағы шоттағы ақша (зейнетақы активтері) (инвестициялық шот)


Кт

1280 63

Номиналды кірістілік көрсеткіші мен кірістіліктің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі талаптар.";

      3. "Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда № 818-823 (27894) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) үлгі шот жоспарлары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары:

      "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген);

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген);

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген);".

      4. "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда № 163 (2364) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы қаржы активтері "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша күн сайын қайта бағаланады.

      Шетел валютасымен көрсетілген монетарлы емес қаржы активтері "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) көзделген тәртіпте айқындалған валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша қаржы құралының әділ құнын бағалау күніне қайта бағаланады.

      Қаржы активтері бойынша оң және теріс бағамдық айырмалар кіріс немесе шығыс құрамында танылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қордың қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ұсынылады.

      Қордың жылдық қаржылық есептілігі ағымдағы жылдың деректерін және кемінде өткен жылдың салыстырмалы деректерін қамтиды.

      Қордың зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілігі қордың меншікті активтері бойынша қаржылық есептіліктен бөлек жасалады.

      Зейнетақы активтері бойынша жасалатын жылдық қаржылық есептілік таза зейнетақы активтері туралы есептен, таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Таза зейнетақы активтері туралы есеп зейнетақы активтері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы ақпаратты көрсетеді.

      Түсіндірме жазба таза зейнетақы активтері туралы есептің және таза зейнетақы активтеріндегі өзгерістер туралы есептің деректерін толықтыратын ақпаратты қамтиды.

      Түсіндірме жазба жылдық қаржылық есептілікке ескертулер түрінде жасалады және қордың қаржылық есептілігінде ашып көрсетілген бухгалтерлік баптардың сипаты немесе егжей-тегжейлі талдамалары, сондай-ақ қордың қаржылық есептілігінде тануға жатпайтын бухгалтерлік баптар туралы ақпаратты қамтиды.

      Түсіндірме жазбада хеджирлеу құралы және оған байланысты хеджирленетін бап, хеджирленетін тәуекелдің сипаты, сондай-ақ хеджирлеу құралының тиімділігін бағалау туралы ақпарат көрсетіледі.

      Жылдық қаржылық есептілікте қаржы құралдары бойынша ақпарат жариялаған кезде қаржы құралдарының әділ құнын айқындау Бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.".

      5. "Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15084 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 мамырда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының (айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады