Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету" қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 30 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9375 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерінің қаржылық есептілігін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда «Заң газеті» газетінде № 163 (2364) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартында:
      7-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      «7-1. Қор қаржы активтерін мынадай санаттар бойынша жіктейді:
      1) амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар;
      2) әділ құны бойынша бағаланатындар.
      Қордың қаржы активтерін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген санаттардың біріне жатқызу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Бағалау қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қаржы активтері бойынша дисконт немесе сыйлықақы пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі қолданыла отырып амортизацияланады.»;
      12-тармақта:
      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша дисконттың немесе сыйлықақының амортизациясы күн сайынғы негізде жүзеге асырылады.»;
      төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Амортизацияланған құны бойынша бағаланатындар» санатында есепке алынатын қаржы активтерінің құнсыздану сомасы Бағалау қағидаларына сәйкес айқындалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағының үшінші, он екінші және он үшінші абзацтары 2013 жылғы 11 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Осы қаулының 1-тармағының төртінші – оныншы абзацтар аралығы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                          Қ. Келімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
      Министр Б. Сұлтанов
      2014 жылғы 31 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады