Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8808 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 16.10.2023 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

      2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына, Бас әскери және көлік прокуратураларына, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана прокуратураларына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшiн жіберілсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 18.11.2016 № 172 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.08.2019 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 101 бұйрығына қосымша

Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін
қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 16.10.2023 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) ауыстыру туралы мәліметтер, ауыстыру негіздері;

      3) қолтаңбасы;(соның ішінде, болған жағдайда электрондық цифрлық);

      4) туған күні, айы, жылы;

      5) туған жері (туу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні, кім берді);

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган, шетелге шығу төлқұжаты болған жағдайда, төлқұжаттың деректері (бейнесуреттерді жалғай отырып, нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган);

      7) алдыңғы жеке басын куәландырған құжаттарды беру туралы деректер (құжатты берген орган, беру негіздері, ауыстыру себептері);

      8) азаматтығы (бұрынғы азаматтығы),Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған күні;

      9) азаматтың тұрғылықты жерінің мекенжайы және тіркелген жерлері (тіркелген жері мен тұрғылықты жерінің бұрынғы мекенжайы), тұрғылықты жері бойынша (бұрын тұрған жері бойынша) немесе мекендеген жері бойынша тіркелген күні;

      10) электрондық почтаның адрес(тер)і; (соның ішінде әлеуметтік желілерде тіркелу туралы мәліметтер);

      11) байланыс телефондарының нөмірлері (үйдің, жұмыс орнының, ұялы және отбасы мүшелерінің);

      12) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);

      13) ұйымның – жұмыс орнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН);

      14) жеке кәсіпкердің қызметі туралы мәліметтер (заңды мекенжайы, тіркелген күні (тіркеуден шығару негіздері), қызметінің түрі;

      15) заңды тұлғаларды құру және қызметіне қатысу (шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестер, акциялардың), соның ішінде өзге заңды тұлғаларда туыстарының және жекжаттарының, соның ішінде бұрын қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтер (заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркелген күні), қызметінің түрі, құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарату негіздері, құқық қорғау және қазыналық органдар тарапынан наразылықтардың болуы туралы мәліметтер;

      16) еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні мен ондағы жазбалар туралы мәліметтер;

      17) жеке сәйкестендіру белгілерін (меншік немесе иемдену құқығының негізі, маркасы, тіркелу орны, мемлекеттік тіркеу нөмірлік таңбасы, кадастрлық нөмір, орналасқан жерінің мекенжайы және т.б.) көрсете отырып, меншік құқығындағы, сондай-ақ сенімгерлікпен басқару құқығындағы мүлік (мүліктік жағдай)туралы мәліметтер (автокөлік, жылжымайтын мүлік объектілері (пәтер, үй, гараж, жер, саяжай телімі, авторлық құқық объектілері және т.б.);

      18) жеке құрам бойынша актілердің және оларға қатысты материалдардың түпнұсқалары мен көшірмелерінде көрсетілген мәліметтер;

      19) мемлекеттік марапаттар және ведомстволық үздіктік белгілері, құрметті, арнайы және әскери атақтар, сыныптық шендер, ынталандырулар, жазалаулар туралы мәліметтер (атауы, түрі, күні);

      20) аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер; психологиялық зерттеу және заңнаманы білуге тестілеу нәтижелері туралы ақпарат;

      21) ішкі қызметтік тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтер;

      22) медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер;

      23) полиграфологиялық зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер;

      24) уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңдері, еңбек демалыстары, жүктілік және бала туу бойынша демалыстар, іссапарлар туралы мәліметтер;

      25) әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы);

      26) еңбек қызметі туралы мәліметтер (лауазымы, құрылымдық бөлімшесі, ұйым және оның атауы, жалпы және үздіксіз еңбек өтілі, мекенжайлар мен телефондар толық көрсетілген, қазіргі уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер, сондай-ақ бұрын атқарған лауазымдарының атаулары мен ол ұйымдарда жұмыс істеген уақыты толық аталған басқа ұйымдардың деректемелері);

      27) білімі, біліктілігі және арнайы білімдерінің немесе арнайы дайындығының болуы туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, диплом, куәлік, аттестат немесе аяқтау туралы басқа құжат берілген күн);

      28) білім беру мекемесі туралы мәліметтер, соның ішінде оның атауы мен заңды мекенжайы, факультеты немесе бөлімі, оны аяқтағаннан кейінгі біліктілігі мен мамандығы;

      29) ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (иемдену туралы актінің нөмірі мен күні);

      30) біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өту туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлаудан өту туралы құжат берілген күн, білім беру мекемесінің заңды мекенжайы мен атауы, оны аяқтағаннан кейінгі біліктілігі мен мамандығы);

      31) еңбекақысы туралы мәліметтер (соның ішінде қызметтік айлығы, үстемесі, сыйақысы, салық және зейнетақы аударымдары туралы деректер);

      32) тұлғаға қатысты атқарушылық құжаттардың болуы жөніндегі мәліметтер;

      33) әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті немесе тіркеу куәлігін берген органның атауы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке қабылдау/шығару туралы деректер);

      34) әскери бөлімнің атауы, мерзімді қызметтен өткен кезеңі;

      35) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некелескен болуы, некеге отыру туралы куәліктің деректері, жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұбайының жеке басын куәландыратын құжат, туыстық дәрежесі, отбасының өзге мүшелерінің, асыраудағы адамдардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (ол болған кезде) және туған күндері, балалардың болуы және олардың жастары, балаларды туу туралы, некені бұзу туралы куәліктер, нөмірлері мен берілген күндері, құжатты берген орган);

      36) жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы мәліметтер (атауы, келісім-шартқа отыру күні);

      37) қызметтік куәлік туралы мәліметтер (нөмірі мен берілген күні, әрекет ету мерзімі);

      38) тұрғын үйде, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде, жұбайын жұмысқа орналастыруда мұқтаждық туралы мәліметтер;

      39) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарға қатысты мәліметтер;

      40) сотталған және ақталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық істері іс жүргізумен, тоқтатылған адамдарға қатысты мәліметтер;

      41) азаматтық және әкімшілік істерді қараған кезде талапкер, жауапкер, үшінші тараптар, дауласу мәніне дербес талаптарды білдірушілер (білдірмейтіндер) ретінде қатысқан (қатыспаған) адамдар, істердің қозғалысы, оның ішінде аппеляциялық, кассациялық шағымдар мен қадағалау өтінішхаттары келіп түскен күндер, оларда қарар бөлігі, сот актісін тараптарға беру күні, заңды күшіне енетін күні көрсетілген орындалған сот актілері туралы мәліметтер;

      42) қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізетін қатысушылар туралы мәліметтер;

      43) ұсталған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алу туралы мәліметтер (дактилоскопиялық формуланың мәліметтерін, бармақтардың таңбаларын қамтитын дактилоскопиялық карточка);

      44) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдар туралы, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған адамдар туралы мәліметтер;

      45) хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер;

      46) жеке басы анықталмаған мәйіттер туралы мәліметтер;

      47) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ тағылған айыппұлдарды төлеу немесе жазаны орындау нәтижелері;

      48) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар туралы мәліметтер;

      49) белгілі бір қызметпен айналысу және нақты бір лауазымдарды атқару құқығынан шектелген адамдар туралы мәліметтер;

      50) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған адамдар туралы мәліметтер;

      51) тексеру субъектілері (объектілері), бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қоныс аударуымен профилактикалық бақылау және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін қадағалау туралы мәліметтер;

      52) террористік іс-әрекетті, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;

      53) экстремизмді, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;

      54) экстремизм, терроризмді қаржыландыруды немесе қылмыстық жолмен алынған пайданы заңдастыруды жүзеге асыруға қатысты адамдар жасаған қаржылық операциялар туралы мәліметтер;

      55) адамдар мүлікті оқшаулау бойынша жасаған мәмілелер туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік, көлік, заңды тұлғаларға қатысу үлестері, акциялар және т.б.);

      56) діни сенімінің түрі туралы мәліметтер;

      57) мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша босатылған адамдар туралы мәліметтер, соның ішінде жағымсыз уәждер бойынша босатылған адамға қатысты қылмыстық істі ақталатын негіздер бойынша қысқарту немесе оны ақтау туралы мәліметтер;

      58) қылмыстық әрекеттер, жауынгерлік іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болған және жарақаттанған адамдар туралы мәліметтер.

      59) ұлты туралы мәліметтер (ұлтын өзгерту);

      60) мемлекеттің атауын, бару мақсатын, кіру және шығу күнін, онда болу уақыт аралығын қамтитын, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығу туралы мәліметтер;

      61) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкімшілік қуу түріндегі тағылған әкімшілік жазалардың саны (аталған әкімшілік ықпал ету түрі қолданылған адамдар туралы дербес деректерді міндетті түрде көрсетумен);

      62) атыс қаруын тіркеген адамдар туралы мәліметтер;

      63) сот актілері бойынша борышкерлер туралы мәліметтер (соттың атауы, шешім шығарған күні, қарыздың сомасы, өндіріп алушы туралы деректер);

      64) жазасын түзету мекемелерінде өтеп жүрген, тергеу изоляторында, гауптвахтада, қабылдағыш-таратқыштарға, әкімшілік-қамауға алынған адамдар үшін қабылдағыштарға қамалған адамдар туралы мәліметтер;

      65) жүргізуші куәлігінің болуы туралы мәліметтер: атауы, құжаттың нөмірі, құжат берілген күн, құжаттың әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган;

      66) қаруды, соның ішінде әскери, иір ойықты және тегіс оқпанды аңшы, сондай-ақ газды және травматикалық қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат туралы мәліметтер: құжаттың нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган, қарудың нөмірі, үлгісі;

      67) тұлғаның мемлекеттік және кедендік шекаралардан өтуі туралы мәліметтер: күні, негізі;

      68) қоғамдық-қауіпті аурулар диагнозы бойынша денсаулық сақтау мекемелерінде есепте тұрған адамдар туралы мәліметтер (маскүнемдік, уытқұмарлық, нашақорлық, туберкулез, АИВ/ЖПИЖС, жүйке аурулары, мінез-құлық бұзылыстары);

      69) тілдерді меңгеру туралы мәліметтер (тілді меңгеру деңгейін көрсете отырып);

      70) спорттық жетістіктер туралы мәліметтер;

      71) тұлғаның сайлауға қатысуының нәтижелері туралы мәліметтер;

      72) ата-ана құқығынан айрылған, сондай-ақ оларда шектелген адамдар туралы мәліметтер;

      73) Қазақстан Республикасынан тыс аумаққа қуылған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер;

      74) арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау тәртібіндегі ұйымға орналастырылған кәмелетке толмағандар адамдар туралы мәліметтер;

      75) мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің жақын туыстары туралы мәліметтер;

      76) тұлғаның қызметінің түрлері туралы мәліметтер, лицензияның нөмірі, берілген күні;

      77) адвокаттар, медиаторлар және нотариустар, сот орындаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), сертификаттар, лицензиялар туралы мәліметтер);

      78) ақталған адамдар туралы мәліметтер;

      79) рақымшылық және кешірім жасалған адамдар туралы мәліметтер;

      80) шартты-мерзімінен бұрын босату алған адамдар туралы мәліметтер;

      81) сотталған адамдар туралы мәліметтер;

      82) шет елде білім алып жүрген адамдар туралы мәліметтер;

      83) сот хабар-ошарсыз жоғалды немесе өлді деп таныған адамдар туралы мәліметтер;

      84) партияның құрамында болуы туралы мәліметтер;

      85) террорлық актілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар, қираулар мен авариялар салдарынан қаза болған немесе жарақаттанған адамдар туралы мәліметтер;

      86) әскери оқиғалардың барысында қаза болған немесе өлген ретінде танылған адамдар туралы мәліметтер;

      87) елдің ішінде қозғалу туралы мәліметтер (бару бекеті, келу бекеті, барған күні, жолға шығу күні, жолда түспейтін, транзиттік, бару мақсаты);

      88) азаматтың жеке басын көзбен көру үшін бейнесурет туралы мәліметтер (портреттік деректер);

      89) табыс туралы декларацияны тапсыру (тапсырмау) туралы мәліметтер;

      90) қосымша еңбек қызметі туралы мәліметтер;

      91) қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе жұмыстан жағымсыз уәждер бойынша босатылған адамға қатысты соттың өзгертілген немесе күші жойылған шешімдері туралы мәліметтер;

      92) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін арызбен, жолданыммен, хабармен, сұрау салумен, үн қосумен, ұсыныспен, өтінішхатпен жүгінген адамдар туралы мәліметтер;

      93) мүлікті пайдалану құқығына сенімхат берілген адамдар туралы мәліметтер;

      94) автокөлікті жүргізу құқығына сенімхат берілген адамдар туралы мәліметтер;

      95) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт заңды тұлғаның басшылары болған адамдар туралы мәліметтер;

      96) мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттар бойынша жауапсыз жабдықтаушылар болып табылатын тұлғалар туралы мәліметтер;

      97) қамқоршы, тұлғаның қорғаншылығы туралы мәліметтер;

      98) адамның өлуі туралы мәліметтер (өлу актісі, нөмірі, күні, өлу актісін берген органның атауы);

      99) адамға босқын мәртебесін беру немесе оған саяси баспана ұсыну туралы мәліметтер;

      100) жеке тұлғалардың (с.і.ЖК) салықтық және өзге борыштары туралы, сондай-ақ тұлға құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік бюджет алдындағы борыштарының болуы туралы мәліметтер;

      101) Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік және өзге органдар мен ұйымдардың дербес деректерді қамтитын өзге де ақпараттық жүйелері арқылы алынатын тұлғалар туралы мәліметтер.

      102) жынысын өзгерту туралы мәліметтер;

      103) өзге мемлекеттік органдар жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбелеріне енгізілген дербес деректер;

      104) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың банктегі операциялары мен есепшоттары бойынша мәліметтер, банк несиелерінің болуы (болмауы) туралы мәліметтер;

      105) Интернет-ресурстардағы сайттар, IP-адрестер туралы мәліметтер және абонентке көрсетілетін интернет-қызметтердің көлемі мен сипатына қатысты өзге мәліметтер.

      106) туыстарымен байланысты жоғалтқан іздестіріліп жатқан адамдар туралы мәліметтер;

      107) өзі туралы анықтама деректерін хабарлауға қабілетсіз адамдар туралы мәліметтер;

      108) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесі үшін, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер;

      109) атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдар туралы мәліметтер;

      110) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер;

      111) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған сомалар туралы мәліметтер;

      112) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтер;

      113) жетім балалардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың Республикалық деректер банкінің үміткерлері бала асырап алу (құрылғанның нысанына қарай: асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, асырап алушы отбасы) туралы мәліметтер;

      114) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер;

      115) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстату) және терроризмді қаржыландырумен айналысқаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;

      116) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметте;

      117) шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарын басқара отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен адамдар туралы мәліметтер;

      118) Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы Конвенцияның 2-бабының 3-тармағына сәйкес орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында жарамды, шетелде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады