Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери-дәрігерлік комиссиясы туралы ережені бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 09 қазандағы № 590 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 қазанда № 8874 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 17.02.2015 № 118 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 8-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери–дәрігерлік комиссиясы ережесі туралы бекітілсін.
      2. Бұйрық Алматы және Астана қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттеріне,өңірлік қолбасшылық қолбасшыларына, құрамалары мен әскери бөлім командирлеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институтының бастығына жеткізілсін.
      3. Ішкі әскерлер Бас Қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы (Р.Ф. Жақсылықов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және одан әрі ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас Қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы генерал-майор Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министр
      полиция генерал - лейтенанты               Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2013 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 590 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің
әскери-дәрігерлік комиссиясы туралы ереже

1. Негізгі ережелер

      1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (бұдан әрі - Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы)сәйкес әзірленді және Ішкі әскерлер әскери-дәрігерлік комиссияның функцияларын және өкілеттігін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің(бұдан әрі – ІІМ ІӘ)штаттық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – Штаттық ӘДК) ІІМ ІӘ өңірлік қолбасшылықтарының (бұдан әрі – ӨңҚ), құрамаларының, әскери бөлімдерінің, Әскери институтының (бұдан әрі – ӘИ) лазареттері және госпитальдары жанында құрылған штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссиялардың Ішкі әскерлерде әскери қызметшілерді әскери-дәрігерлік сараптамадан (бұдан әрі – ӘДС) өткізу мәселесі бойынша жұмысын жалпы басқаруды жүзеге асырады.
      3. Штаттық ӘДК-ні Қазақстан Республикасы ІІМ ІӘ Бас қолбасшылығы (бұдан әрі – ІӘБҚ) Әскери медицина басқармасы (бұдан әрі – ӘМБ) бастығының ұсынымы бойынша Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы лауазымға тағайындайтын және одан босататын бастық басқарады.
      4. Штаттық ӘДК-нің бастығы тікелей Ішкі істер министрлігінің ІӘБҚ ӘМБ бастығына, ал ӘДС мәселелері бойынша ІІМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі – ІІМ ОӘДК) бастығына бағынады.
      5. Штаттық ӘДК-нің ІӘ әскери қызметшілерін ӘДС мәселелері бойынша нұсқаулары штаттан тыс ӘДК үшін міндетті болып табылады.
      6. Штаттық ӘДК-нің бастығы өз қызметінде Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 37 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының(нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік Реестірінде № 8336 бекітілген).
      7. Штаттық ӘДК-нің бастығы қызмет түрі бойынша және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, ІІМ
ОӘДК-мен, ҚМ ОӘДК-мен өзара іс-қимыл жасасады.
      8. Штаттық ӘДК-нің қорытындысы комиссия мүшелерінің дауыс басымдығымен алқалы түрде қабылданады.
      ІӘ-де қызмет атқаруға жарамдылық Талаптарға сәйкес айқындалады.
      9. ӘДК ұйымдастыру-штаттық құрылымын Қазақстан Республикасы ІІМ бекітеді.

2. Әскери-дәрігерлік комиссиялардың өкілеттігі және функциялары

      10. ӘДС өткізу үшін ІӘ-де штаттық, штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін және уақытша, сондай-ақ госпитальдік ӘДК құрылады.
      11. Штаттық және штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК ӘДС жүргізуі үшін келісімшарт негізінде ІІД госпитальдерінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас (жетекші) медициналық мамандарын тартуы мүмкін.
      12. Штаттық ӘДК жоғары медициналық білімі, маман сертификаты, сондай-ақ ІӘ-нің әскери медициналық бөліністерінде практикалық, клиникалық және сараптамалық жұмыс тәжірибесі бар әскери-дәрігерлік сарапшы-мамандармен жасақталады.
      13. Штаттық ӘДК ӘДС бойынша міндеттерді орындау кезінде әскери медициналық бөліністердің жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын барлық ӘДС органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.
      14. ӘДК-ні қажетті мүлікпен, техникамен қамтамасыз ету бекітілген әскери бөлім арқылы жүзеге асырылады.
      15. Штаттық ӘДК–нің қорытындысын шағым түскен жағдайда ІІМ ОӘДК қайта қарауы мүмкін.
      16. Штаттық ӘДК-нің және штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК-нің жұмысын бақылау ІӘБҚ ӘМБ-ге, ӘДС мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету ІІМ ОӘДК-ге жүктеледі.
      17. ӘДС–тің ұйымдастырылуы әскери–дәрігерлік сараптама органдары туралы Ереженің 21-тармағында көрсетілген міндеттерімен жүзеге асырылады.

3. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК

      18. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК ІӘ әскери қызметшілерін медициналық куәландыру үшін ӨңҚ, құрамалардың, әскери бөлімдердің, ӘИ лазареттері және госпитальдары жанында құрылады.
      19. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК мынадай құрамда құрылады: бастық, бастықтың орынбасары (комиссия мүшелерінің бірі), комиссия мүшелері (кемінде үш дәрігер-маман) және хатшы.
      20. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК бастығы және бастығының орынбасары болып ӘДС мәселелері бойынша неғұрлым дайындалған, ІӘ, ведомстволық медициналық және әскери медициналық мекемелерде жұмыс тәжірибесі бар дәрігер-мамандар тағайындалады.
      21. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК ӘДС мәселелері бойынша Штаттық ӘДК, ІІМ ОӘДК, ҚМ ОӘДК нұсқауларын (түсініктемелерін) басшылыққа алады.
      22. Штаттан тыс тұрақты жұмыс істейтін ӘДК-ге:
      1) әскери бөлімдер кадр аппараттарының жолдамасы бойынша осы медициналық бөліністе зерттеудегі және емделудегі ІӘ әскери қызметшілерінің қатардағы және басшы құрамы адамдарын куәландыру;
      2) ІӘ барлық санаттағы әскери қызметшілерінің науқастануы туралы қорытындыларды, куәліктерді қорытынды шығарылған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Штаттық ӘДК-ге бекітуге ұсыну;
      3) нозологиялық нысандар бойынша сапалы және толық зерттеу жүргізу үшін тізбелер мен әдістемелер әзірлеу;
      4) штаттан тыс ӘДК жұмысына қатысатын мамандардың ӘДС мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және арнайы білім деңгейін арттыру;
      5) штаттан тыс ӘДК құрылған медициналық бөліністерде ӘДС-ке байланысты емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын бағалау және оларды жақсарту бойынша шаралар қабылдау;
      6) ІӘ қатардағы және басшы құрам адамдарын куәландыру нәтижелерін талдау және жинақтау;
      7) ІӘ қатардағы және басшы құрам адамдарын емдеу нәтижесін зерделеу жүктеледі.

4. Госпитальдық ӘДК

      23. Госпитальдік ӘДК (бұдан әрі – ГӘДК) әскери медициналық мекеме бастығының бұйрығымен әскери медициналық мекемеде тағайындалады, құрамына төраға, кемінде үш дәрігер-сарапшы және хатшы кіреді.
      24. ГӘДК бастығы болып әскери медицина мекемесі медицина бөлімінің бастығы тағайындалады.
      25. ІІМ ІӘ әскери клиникалық госпиталінде ГӘДК клиникалық бейіндерге сәйкес Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының шешімі бойынша құрылады.
      26. ГӘДК бастықтары болып жетекші дәрігер-мамандар немесе бөлімше бастықтары, бастықтың орынбасарлары, дәрігер-мамандардың бірі – комиссия мүшесі тағайындалады.
      27. ГӘДК бастығы ӘДС мәселелері бойынша Штаттық ӘДК бастығына бағынады.
      28. ГӘДК қорытындыны ӘДС мәселелері бойынша нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес шығарады.
      ГӘДК қорытындыларын Штаттық ӘДК қарайды, бекітеді және қайта қарайды.
      29. ГӘДК-ге:
      1) осы әскери медициналық мекемеде зерттелудегі және емделудегі әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін, әскери міндеттілерді медициналық куәландыру;
      2) ӘДС байланысты зерттеу және емдеу нәтижелерін зерделеу;
      3) кемшіліктерді жою мақсатында әскери медициналық госпитальдің бастығына және Штаттық ӘДК бастығына әскери қызметшілерді зерттеуде және емдеуде анықталған кемшіліктер туралы баяндамаларды тоқсан сайын ұсыну жүктеледі.

5. Штаттан тыс уақытша жұмыс істейтін ӘДК

      30. Уақытша жұмыс істейтін әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі - УӘДК) ӘИ-де жыл сайын ӘИ бастығының бұйрығымен кандидаттар әскери оқу орнына түсу кезінде мынадай құрамда құрылады:төраға (медицина қызметінің бастығы), төрағаның орынбасары (штаттық дәрігер-мамандар қатарынан) және комиссия мүшелері: терапевт, психиатр, невропотолог, хирург, офтальмолог, отоларинголог, стоматолог, дерматовенеролог және хатшы.
      Осы бұйрықпен УӘДК-нің жұмыс істеу мерзімі және тәртібі айқындалады.
      Сапалы кәсіби іріктеу мақсатында комиссияның құрамына дәрігер-сарапшылар, психолог және лаборант қосылады.
      31. Тиісті дәрігер-мамандар болмаған жағдайда ӘИ бастығына тиісті мамандық дәрігерлерін басқа медициналық мекемелерден шақыруға рұқсат етіледі.
      32. ӘИ УӘДК төрағасы ӘДС мәселелері бойынша Штаттық ӘДК бастығына бағынады.
      33. ӘИ УӘДК өз жұмысында Штаттық ӘДК, ІІМ ОӘДК, ҚМ ОӘДК нұсқауларын (түсініктемелерін) басшылыққа алады.
      34. ӘИ УӘДК қатардағы және басшы құрам адамдарының, ІӘ әскери қызметшілерінің және жоғары әскери оқу орындарына түсетін адамдардың жарамдығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды шығарады.
      35. ӘИ УӘДК төрағасы комиссияның жұмысы аяқтағаннан кейін
күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей қорытындыларды, атқарылған жұмыс туралы есепті және Штаттық ӘДК жарамсыз деп танылған медициналық карталарды жолдайды.
      36. ӘИ УӘДК-нің оқуға түсуге жарамсыздығы туралы қорытындысын Штаттық ӘДК бекітеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады