Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының "Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 02 қазандағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қарашада № 8888 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 95 бұйрығымен

      Сноска. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 95 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 156-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Имашев

      «Келісілді»
      Жеке сот орындаушыларының
      республикалық алқасының
      төрағасы
      ___________ Г. Ким
      2013 жылғы 26 қыркүйек

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің      
2013 жылғы 2 қазандағы № 310
бұйрығына қосымша      

Қазақстан Республикасы         
Әділет министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 3 қарашадағы № 303      
бұйрығымен бекітілген         

Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту
ережесі

      1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 156-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушылары тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібін, шарттары мен мерзімін анықтайды.
      2. Жеке сот орындаушыларының тағылымдамадан өтушілеріне мынадай талаптар белгіленеді:
      Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      жоғары заңгерлік білімінің болуы;
      Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғаны туралы мәліметтердің болмауы;
      сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің болмауы;
      мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылғаны туралы мәліметтердің болмауы;
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы мәліметтердің болмауы.
      3. Тағылымдамадан өтушілер сот орындаушысы болып кемінде үш жыл, оның ішінде жеке сот орындаушысы болып кемінде бір жыл жұмыс істеген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өтеді.
      4. Тағылымдаманың ұзақтығы үш айдан бір жылға дейін. Тағылымдама мерзімі өңірлік алқа басқармасының отырысында атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс өтіліне байланысты белгіленеді. Атқарушылық іс жүргізу саласында жұмыс өтілі болмаған жағдайда тағылымдама мерзімі бір жылдан кем белгіленбейді.
      5. Осы Ереженің 2-тармағының талаптарына жауап беретін және тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлға еркін нысанда жазылған өтінішпен жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының төрағасына жүгінеді және өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Өтінішке тіркеледі:
      1) жеке куәлік құжатының көшірмесі;
      2) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) мәліметтің болмауы туралы құжат:
      Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану;
      сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы;
      мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылғаны туралы;
      заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы.
      6. Тағылымдама ақылы негізде жүзеге асырылады. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту үшін ақы мөлшері тағылымдамадан өткен әрбір ай үшін есеп айырысу жүргізілген күні белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде болады. Тағылымдамадан өту үшін ақы төлеуді ай сайын, ақы төленуге жататын тағылымдамадан өтудің алдындағы айдың бірінші күнінен кешіктірмей тағылымдамадан өтуші жүргізеді және тағылымдамадан өту туралы шарт жасалғаннан кейін тікелей жүзеге асырады. Тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өту үшін ақыны уақтылы төлемеген жағдайда, өңірлік жеке сот орындаушыларының алқасы тағылымдамадан өту туралы шартты бұзады.
      7. Тағылымдама жеке сот орындаушыларының өңірлік алқа басқармасының төрағасымен тағайындалған жеке сот орындаушысының басшылығымен өтеді. Бір жеке сот орындаушысында екі тағылымдамадан өтуші бір уақытта тағылымдамадан өте алады.
      8. Тағылымдамадан өту жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы бекітетін және барлық тағылымдамашылар үшін міндетті болып табылатын бірыңғай бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарлама жеке сот орындаушыларының кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын зерделеуді, жеке сот орындаушылары немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылған семинарлық сабақтарға баруды қоса алғанда, атқарушылық іс-әрекеттер жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік дағдыларды тағылымдамадан өтушілердің меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтуы тиіс.
      9. Тағылымдама жетекшісі атқарушылық іс-әрекеттер жасау және жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру бойынша тағылымдамадан өтушінің кәсіби дайындық деңгейін ескере отырып бекітілген бағдарлама негізінде жеке тағылымдама жоспарын әзірлейді және жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының төрағасына бекіту үшін ұсынады.
      10. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамадан өтуші тағылымдама жетекшісінің басшылығымен:
      азаматтарды қабылдауды ұйымдастыруды;
      түсетін хат-хабарды қабылдау, тіркеу және есепке алу тәртібін;
      кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді;
      іс номенклатурасын жасауды;
      кітаптарды, журналдарды және жасақтарды жүргізу тәртібін;
      есеп жасауды зерделейді.
      11. Тағылымдамадан өтуші атқарушылық іс- әрекеттер жасауға қатысады, тағылымдама жетекшісінің нұсқауы бойынша және бақылауымен іс жүргізу мен атқарушылық іс жүргізу жөніндегі өзге де құжаттардың жобаларын дайындайды.
      12. Тағылымдамадан өтуші атқарушылық құжаттар қызметін реттейтін заңнамалық және өзгеде нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделейді.
      13. Тағылымдама аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өтуші жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасына ұсынылатын қорытынды есепті дайындайды, есеп мыналарды қамтуы тиіс:
      тағылымдамадан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтер;
      тағылымдама жоспары бойынша орындалған жұмыстардың сипаты;
      практикалық жеке жұмыстан алған дағдылары.
      Есепке тағылымдамадан өтуші тағылымдама уақытында өзі жасаған, тағылымдамадан өтуші және тағылымдама жетекшісі қол қойған іс жүргізу және өзге құжаттардың үлгілері, сондай-ақ тағылымдама жетекшісінің ұсынысы беріледі, онда тағылымдамадан өтушінің жалпы дайындығының деңгейі және тағылымдамадан өту барысында алған кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдылары көрсетіледі.
      14. Осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген материалдар жеке сот орындаушыларының өңірлік алқа басқармасының отырысында оларды өңірлік алқаға ұсынған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей қаралады.
      Әңгімелесу арқылы отырыс басқарма мүшелері тағылымдамадан  өтушінің атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыруға теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейін анықтайды.
      Тағылымдаманың қорытындысы туралы шешім барлық басқарма мүшелерінің дауыс беруімен қабылданады. Шешімдер қабылдауға негіз болатын критерийлері атқарушылық құжаттарды орындау бойынша дербес қызмет үшін қажетті дайындық пен дағдыларды игеру дәрежесі болып табылады.
      15. Осы Ереженің 14-тармағымен белгіленген мерзімде әңгімелесу және тағылымдамадан өту туралы материалдарды қарау қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік басқарма алқасының отырысында осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша тағылымдаманың өткендігі туралы қорытынды бекіту жөнінде шешім шығарылады немесе тағылымдаманың өткендігі туралы қорытындыны бекітуден дәлелді бас тартады.
      16. Тағылымдаманың нәтижелері туралы қорытынды немесе тағылымдамадан өткендігі туралы қорытындыны бекітуден дәлелді бас тартылғандығы жөнінде ақпарат үш жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өткен тұлғаға жіберіледі.
      Тағылымдамадан өту туралы қорытындыны бекітуден бас тартқан жағдайда тағлымдамадан өтуші жалпы негізде тағылымдамаға қайта жіберіледі.
      Тағылымдаманың өткендігі туралы қорытынды бекітуден бас тарту жөніндегі өңірлік алқаның шешімімен келіспеген жағдайда сот тәртібімен шағымдануға болады.

Жеке сот орындаушысында   
тағылымдамадан өту ережесіне
қосымша            

Нысан

________________________________
(алқаның атауы)    
Жеке сот орындаушыларының
өңірлік алқа басқармасының
отырысында бекітілді 
___ жылғы ____«___» № ___ хаттама
Өңірлік алқаның төрағасы
________________________________
қолы А.Ә.Т.

Тағылымдамадан өткені туралы
қорытынды

Тағылымдамадан өтушi ________________________________________________
                                 (толық А.Ә.Т.)
20___ жылғы _______«___» №______ тағылымдамадан өту туралы шарттың
негізінде тағылымдамадан өтті.
Жеке сот орындаушы __________________________________________________
           (толық Т.А.Ә., 20 ___ жылғы _______«___» №____ лицензия)
тағылымдама жетекшісі болып тағайындалған.
Тағылымдамадан өту мерзімі 20 __ жылғы_____«__» бастап 20 ___
жылғы_______«___» дейін белгіленген.
Тағылымдамадан өту уақытында тағылымдамадан өтушi ___________________
                                                   (толық Т.А.Ә.)
тағылымдамадан өтудің бағдарламасы және жеке тағылымдама жоспарын толық орындады.
Тағылымдама жетекшісі _______________________________________________
                                      (қолы, аты-жөні,тегі)

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады