"Мемлекеттік, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 801 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 қарашада № 8906 тіркелді

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттiк, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiне салу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 16 наурыздағы № 90-93 (26495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу қағидаларына:
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Азаматтық әуе кемелерінде қосымша келесі белгiлер енгiзiледi:
      1) пайдаланушы (авиакомпания) атауының жазылуы фюзеляждың бетiне екi жағынан;
      2) пайдаланушының (авиакомпания) эмблемасы тiк жазықтық арттағы қанаттануының екi жағынан;
      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Жалауының бейнесi мөлшерi мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiнiң мөлшерлерiне сәйкес фюзеляждың тұмсық бөлiгiнiң екi жағынан;
      4) әуе кемесiнiң түрiн көрсету фюзеляждың екi жағынан, тiк шрифтпен, фонға қанық;
      Дайындаушы зауыт енгiзген әуе кемесiнiң түрi деген белгiнi сақтау ұсынылады.»;
      17-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Мемлекеттік органдардың Интранет порталында орналастырылуын;
      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады