"Автомобильдік жүк тасымалын экспедиторлау" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 902 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8973 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Автомобильдік жүк тасымалын экспедиторлау» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жолдауды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      _____________ Т. Дүйсенова
      2013 жылғы 26 қараша

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 20 қарашадағы № 902 
бұйрығымен бекітілген     

       «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім

      1. «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
      4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
      7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
      8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      11) лауазым – қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:
      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
      Экономикалық қызметтің түрін жалпы сыныптауышы (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «52.29 Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер»;
      2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
      жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау;
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф  «Жүктерді тасымалдау экспедиторы»

      6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 4131 «Тауарларды кабылдау және тапсыру, есепке алумен шұғылданатын жұмысшылар»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: автотасымалдар экспедиторы, көліктік-логистикалық қызметтердің экспедиторы;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі жүктерді экспедиторлау үдерісін жүзеге асыру;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүктерді тасымалдау экспедиторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2-параграф «Көлік экспедиторы»

      7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 4131 «Тауарлық-коммерциялық агенттер және экспедиторлар»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жүктерді автотасымалдар бойынша менеджер, қалааралық және халықаралық автотасымалдар бойынша агент;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі жүктерді экспедиторлау процесін ұйымдастыруды, бақылау мен басқаруды жүзеге асыру;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көлік экспедиторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізбесі

      8. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1,  2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

      9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 12-кестелерінде келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

      10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
      11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

      12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

«Жүк автомобиль     
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына   
1-қосымша         

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері


р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының процестерін ескерумен кәсіптің атауы

ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

1

Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау

Жүктерді тасымалдау экспедиторы

Жүктерді тасымалдау экспедиторы

3

-

2

Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру және кедендік - баж рәсімдерін орындау

Көлік экспедиторы

Экспедитор

4

-

      Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

«Жүк автомобиль     
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына   
2-қосымша         

1-кесте

1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүктерді тасымалдау
экспедиторының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне
қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Ұйымдардың жүктерді автокөлікпен экспедициялау қызметтері, көліктік-экспедициялық агентіктер

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Ортақ орта білімі, кәсіби даярлығы (кәсіби даярлық бағдарламалары бойынша білім беруді ұйымдастыру базаларының курстары бір жылға дейін немесе ұйымда оқыту)

Жұмыс тәжірибесіз

Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіби)

2-кесте

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көлік экспедиторының
еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын
талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Автокөлік ұйымдарының жүктерді экспедициялау қызметтері, көліктік-экспедициялық агенттіктер

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Тиісті мамандығы бойынша техникалық білім (орта арнайы немесе орта кәсіби) және практикалық жұмыс тәжірибесі

СБШ 3 деңгейде 3 жыл

«Жүк автомобиль     
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына   
3-қосымша         

КС бірліктерінің тізімі

1-кесте

1. «Жүктерді тасымалдау экспедиторы»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифрі

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі жүктерді алып жүру

Ф 2

Тиеп-түсіру жұмыстары және автомобиль көлігімен тасымалдауда кезінде жүктердің сақталуын қамтамасыз ету

2-кесте

2. «Көлік экспедиторы»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифрі

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Автомобиль көлігімен жүктерді жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру

Ф 2

Автомобиль көлігімен жүктерді жеткізудің барлық қатысушыларымен қарым-қатынасты үйлестіру

Ф 3

Көліктік-экспедициялық құжаттаманы ресімдеу және жүргізу

Ескертпе: Ф – функция.

«Жүк автомобиль    
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына  
4-қосымша      

КС бірліктерінің сипаты

1-кесте

1. «Жүктерді тасымалдау экспедиторы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі 

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф 1

Автомобиль көлігімен тасымал кезінде жүктерді алып жүру процесі

Ілеспе құжаттамасы

М 1-1 Ілеспе құжаттамаға сәйкес жүктерді қоймадан қабылдау

Жүктерді есепке алу, қабылдау және сандық пен сапалық  көрсеткіштерін ілеспе құжаттармен салыстыру дағдылары

Ішкі еңбек тәртібін, жүктерді қабылдау тәртібін,  жүктердің негізгі жеткізушілерінің және олардың қоймаларының мекен-жайларын, жүктерді қабылдау мен жіберуге арналған құжаттар нысандарын және оларды ресімдеу, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс нормаларын білу

Автокөліктік құралында тасымалдау кезінде қажетті қорғау мен сақтау режимін қамтамасыз ететін жабдықты орнату

М 1-2 Тасымалдау кезінде қажетті сақтау мен қорғау режимін қамтамасыз ете отырып жүктерді жеткізу орнына дейін алып жүру

Тасымалдау кезінде сақталуын қамтамасыз етумен жүктерді алып жүру дағдылары

Экспедицияланатын жүктерді тасымалдау мен сақтау шарттарын, жүктерді тасымалдау маршруттарын білу.

Ілеспе құжаттамасы

М 1-3 Жеткізілген жүкті тапсыру

Жүктерді есепке алу, тапсыру және сандық пен сапалық  көрсеткіштерін ілеспе құжаттармен салыстыру дағдылары

Жүктерді қабылдау тәртібін,  жүктердің негізгі жеткізушілерінің және олардың қоймаларының мекенжайларын, жүктерді тапсыруға арналған құжаттар нысандарын және оларды ресімдеуді білу

Қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары

М 1-4 Қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеу

Қабылдап-тапсыру құжаттаманы ресімдеу дағдылары

Жүктерді қабылдау және жіберуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібін білу.

Ф 2

Жүктердің бумасы (ыдыс)

Буманың (ыдыстың) бүтіндігін көзбен тексеру немесе тексеру құралдары

М 2-1 Буманың бүтіндігін тексеру (ыдыс)

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау талаптарына және ілеспе құжаттамаға сәйкес жүктер орамының (ыдыстың) жай-күйін тексеру дағдылары.

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау нормаларын, жүктер орамының бүліну және ақау болуының негізгі типтерін білу

Жүктерді тасымалдауға арналған құралдар

Жүктерді тасымалдауға арналған құралдардың жарамдылығын көзбен қарау немесе тексеру құралдары

М 2-2 Жүктерді тасымалдауға арналған құралдардың болуы мен жарамдылығын бақылау

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау талаптарына және ілеспе құжаттамаға сәйкес жүктерді тасымалдауға арналған құрылғылардың болуы мен жарамдылығын тексеру дағдылары

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды, экспедицияланатын жүктерді тасымалдау мен сақтау технологияларын, жүктерді тасымалдауға арналған құрылғылардың жарамдылық көрсеткіштерін білу.

Жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдары

Автокөлік құралдарының санитарлық жағдайын көзбен тексеру немесе тексеру құралдары

М 2-3 Жүктерді тасымалдауға арналған тиісті автокөлік құралдарының санитарлық жағдайын бақылау

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау талаптарына сәйкес  тасымалданатын жүктерге автокөлік құралдары түрінің санитарлық жай-күйі мен сәйкестігін тексеру дағдылары.

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдауды, еңбекті қорғау,  қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғану  нормаларын білу.

Тиеп-түсіру жұмыстары, жүктерді орналастыру мен салу

Көзбен тексеру

М 2-4 Тиеп-түсіру жұмыстарын, жүктерді орналастыру мен салуды бақылау

Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау талаптарына және ілеспе құжаттамаға сәйкес  тиеп-түсіру  жұмыстарының дұрыстығын, жүктерді орналастыру мен салуды тексеру дағдылары

Тиеп-түсіру  жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуын, автокөлік құралдары мен тиеп-түсіру операцияларына арналған контейнерлердің бос тұру нормативтерін, тиеп-түсіру жұмыстарын орындау, жүктерді орналастыру мен салу нормаларын, еңбекті ұйымдастыру негіздерін және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын  білу.

Жүктердің жетіспеушілігі, бұзылуы туралы актілерді және басқа да құжаттарды жасау және т.б.

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, жүктердің жетіспеушілігі, бұзылуы туралы актілерді және басқа да құжаттарды толтыру нысандары

М 2-5 Жүктердің жетіспеушілігі, бұзылуы  туралы актілерді және басқа да құжаттарды жасауға қатысу

Жүктердің жетіспеушілігі, бұзылуы туралы актілерді және басқа да құжаттарды жасауға қатысу дағдылары

Ұйымның экспедиция жұмыстарына қатысты нормативтік құжаттарды қажетті көлемде, жүктердің жетіспеушілігі, бұзылуы туралы актілердің және басқа да құжаттардың және т.б. нысандарын білу

2-кесте

2. «Көлік экспедиторы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифрі

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф 1

Жүктерді жеткізу

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, жүк иесімен шарт

М 1-1 Жүктерді жеткізуді, оларды қайта тиеуді ұйымдастыру, сақтау, көліктік экспедиция шартында, жүктерді тасымалдау шартында, жүк иелерімен басқа да шарттарда анықталған мерзімдерде жүктермен басқа да жұмыстарды орындау және сақталуы (жүктің тұтынушылық қасиеттерін нашарлатусыз және нормативтен жоғары жоғалуынсыз)

Белгіленген мерзімде жүкпен жұмыс орындауды ұйымдастыру және бақылау дағдылары, бағынышты қызметкерлерге міндеттерді қою дағдылары

Ұйым экспедциясы жұмысына қатысты Қазақстан Республикасынын басқару және нормативтік құжаттарын,

Көліктік-логистикалық маршруттар және жүктерді жеткізу схемалары

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, логистика бойынша әдістемелік және нормативтік әдебиет

М 1-2 Жүк иесінің тілектері мен талаптарын ескере отырып көліктік-логистикалық маршруттар және жүктерді жеткізу схемаларының технологиялық және экономикалық негіздемелерін жасау

Жүк иесінің тілектері мен талаптарын ескеріп, жүктерді жеткізу маршруттары мен схемаларының технологиялық және экономикалық негіздемесін жасау дағдылары.

Экономика негіздерін автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау нормаларын, көліктік- эскпедициялық қызмет көрсетудің технологиясы мен ұйымдастырылуын, көліктік жолдар мен терминалдық жүйелердің пайдаланушылық мүмкіндіктерін, көліктік инфрақұрылымның ұйымдастырылуын (жолдардың өткізу және тасымалдау мүмкіндіктерін) білу

Экспедицияланатын жүк

Коммуникация және байланыс құралдары

М 1-3 Белгіленген тәртіпте жүктерді қабылдау, оларды тасымалдау және тапсыру бойынша қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру

Жүктерді қабылдау, оларды тасымалдау және беру бойынша қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және басқару дағдылары

Жүктердің жіктелуін және орау тәсілдерін, жекелеген жүктердің таңбалануын ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техника, еңбекті ұйымдастыру негіздерін білу

Экспедицияланатын жүк

Коммуникация және байланыс құралдары, жүктердің таңбалануын көзбен қарау, көліктік құжаттама

М 1-4 Жүктерді қабылдау кезінде көліктік құжаттамада көрсетілген нақты алынған орындар саны мен таңбалануын жүк орындары саны мен таңбалануына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру

Ілеспе құжаттамамен қабылданатын жүктерді есепке алу және салыстыру процесін ұйымдастыру және басқару дағдылары.

Тауар-ілеспе, көліктік-экспедициялық төлемдік, сақтандыру және шағымдық құжаттардың ресімделу тәртібін, тауар жүргізу негіздерін білу.

Тасымалдау төлемдері мен алымдар

Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, логистика бойынша әдістемелік және нормативтік әдебиет

М 1-5 Тасымалдау төлемдері мен алымдарды есептеу

Тасымалдау төлемдері мен алымдарын есептеу бойынша дағдылар

Тасымалдауға тарифтердің, салықтардың және жеңілдіктердің қолданыстағы жүйесін, жүктерді жеткізу бағасын анықтау әдістерін, жүктерді жеткізудің көліктік- технологиялық схемаларын оңтайландыру әдістерін білу.

Жүк иесіне жүк қозғалысы туралы хабарлау

Коммуникация және байланыс құралдары

М 1-6 Жүк иесіне жүк қозғалысы туралы хабарлау

Коммуникация және байланыс құралдарының көмегімен жүктерді тасымалдау туралы жүк иелерін жедел хабарлау дағдылары

Көліктік инфрақұрылымын (жолдардың өткізу және тасымалдау мүмкіндіктерін, теңіз, өзен порттарын және кемежайларын, әуежайларын, көліктік түйіндерін) жүктердің орналасу орнын анықтау әдістерін білу

Ф 2

Автокөлік құралдарын жалдау

Коммуникация және байланыс құралдары, жүктерді таңбалауды және тасымалдау автокөлік құралдарын, сақтау бөлмелерін пломбалауды көзбен тексеру

М 2-1 Автокөлік құралдарын жалдауды ұйымдастыру, жүктерді экспедиторлық (жөнелту) таңбалануын және тасымалдау автокөлік құралдарын, контейнерлер, суытқыш камералар, бункерлер және басқа да сақтау бөлмелерін пломбалауды бақылау

Жүктерді тасымалдау үшін автокөлік құралдарын жалдауды ұйымдастыру дағдылары, жүктердің таңбалануы мен тасымалданатын автокөлік құралдарының пломбалануын бақылауды ұйымдастыру дағдылары

Автомобиль құралдарының түрлерін, жүктердің жіктелуі мен жекелеген жүктердің орау тәсілдерін, таңбалануын, тасымалданатын автокөлік құралдарын пломбалау тәсілдері мен тәртібін білу

Экспедицияланатын жүк

Коммуникация және байланыс құралдары

М 2-2 Тиеп-түсіру, қайта тиеу, жүкті ауыстырып тиеу, қоймалық және бумалық жұмыстарды орындау барысын, жүктерді сақтау мерзімдері мен шарттарын, жинақталуын және тапсырысын қадағалауды қамтамасыз ету

Тиеп-түсіру, қайта тиеу, ауыстырып тиеу, қоймалық және орау жұмыстары барысын ұйымдастыру мен басқару, жүктерді сақтау, жинақтау және беру мерзімін сақтауды бақылау дағдылары

Тиеп-түсіру жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуын, тиеп-түсіру жұмыстарын орындау, жүктерді орналастыру мен салу нормаларын, жүктерді сақтау шарттары мен мерзімдерін, еңбекті ұйымдастыру негіздерін және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу

Көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің процесі

Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық құжаттамасы және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау саласындағы халықаралық шарттар

М 2-3 Көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің процесінде шарттар талаптарын, тасымалдау және көліктік-экспедиторлық қызмет мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар талаптарын, еңбек қауіпсіздігі, өрт, санитарлық, экологиялық және басқа да қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз ету

Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету процесінде нормативтік-құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету дағдылары

Көлікте экология мен қозғалыс қауіпсіздігі нормаларын, ұйымның экспедиция жұмысына қатысты Қазақстан Республикасының басқарушы және нормативтік құжаттарын, көлік бойынша халықаралық келісімдер мен конвенцияларды білу

Кедендік декларация, көліктік-тауарлық құжаттар

М 2-4 Көліктік-технологиялық маршруттар мен жүкті жеткізу схемаларының барлық іске асыру кезеңдерінде тауарлық-көліктік және басқа да ілеспе құжаттарын, белгіленген талаптарға сәйкес жүктерді кедендік тазалау үшін қажетті жүк кедендік декларациялар және басқа да құжаттарды ресімдеу

Ілеспе және кеден-баж құжаттарын ресімдеу дағдылары, жүктерді кедендік тазалауды жүзеге асыру дағдылары, көрсетілген құжаттарды ресімдеуге қажетті мөлшерде шет тілін білу

Кемінде бір шет тілін, кедендік төлем жүйесін, тауар-сүйемелдеу, көліктік-экспедициялық және төлемдік құжаттарды ресімдеу тәртібін білу

Ф 3

Экспедицияланатын жүкке арналған сақтандыру құжаттары

Жүктерді сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті-құқықтық актілері және халықаралық келісімдері

М 3-1 Жүктер мен тасымалданатын автокөлік құралдарының бүлінген күйде келу жағдайларында (жүктер мен жүк орындарының бүлінуі және (немесе) жеткіліксіз болуы, пломбаның, пломба бекіткіш құрылғыларының бүлінуі немесе болмауы) белгіленген нысандарға сәйкес жүктерді сақтандырумен байланысты құжаттарды, коммерциялық және басқа актілерді ресімдеу

Жүктердің және жүк орындарының бұзылған және (немесе) жетіспеу жағдайдағы сақтандыру құжаттарын ресімдеу дағдылары, пломбаның, пломба бекіткіш құрылғыларының бұзылғаны немесе олардың болмауы

Көлік бойынша халықаралық келісімдер мен конвенцияларды, жүк бұзылған жағдайда сақтандыру және шағым құжаттарын рәсімдеу тәртібін білу

Көліктік-экспедициялық қызметті есепке алу

Есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдары

М 3-2 Көліктік-экспедициялық қызмет туралы қажетті коммерциялық құжаттаманы есепке алуды жүргізу және белгіленген статистикалық есеп беру нысандарын толтыру

Қажетті коммерциялық құжаттаманы есепке алу және статистикалық есеп беру нысандарын жүргізу дағдылары

Ұйымның экспедиция жұмысына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасының, басқа да басқарушы және нормативтік құжаттардың негіздерін білу

Шағымдық істер

М 3-3 Шағымдық істерді жүргізу

Жүктің және жүктік орындары бұзылған және (немесе) жетіспеу, жеткізу мерзімдерін және шарттың басқа да талаптарын бұзу жағдайында шағымдық істерді жүргізу дағдылары

Шарттарды жасасу, жүк-жолдама, көліктік-экспедициялық, төлем, сақтандыру және шағымдық құжаттарды толтыру тәртібін білу

Ескерту: М – міндет.

«Жүк автомобиль     
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына    
5-қосымша         

Келісу парағы 

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Осы КС ________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _____________________ тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________             Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады