"Локомотив паркін пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қарашадағы № 939 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8977 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Жұмағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрінің
      міндетін атқарушы
      _____________ Қ. Әбсаттаров
      2013 жылғы 04 қараша

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «26» қарашадағы   
№ 939 бұйрығымен        
бекітілген            

«Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандарты

1. Жалпы бөлім

      1. «Локомотив паркін пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызметінің саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және жағдайларына талаптарды айқындайды және:
      1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;
      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;
      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
      9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
      11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
      12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5.КС паспорты келесіні анықтайды:
      1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы) Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеушісі (әрі қарай - ҚР МС 03-2007) 33.17 «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»;
      КжКМ 2006 жылғы 19 шілдедегі № 178 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі басшылары, мамандар және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (БА);
      2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
      локомотив паркін пайдалану.
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті»

      6.Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:
      1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ –4, СБШ –4;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 8311 «Локомотивтер машинисті»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару;
      5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.

2-параграф «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам
машинистінің көмекшісі»

      7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:
      1) біліктілік деңгейі: ҰБШ –3, СБШ –3;
      2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай - ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 8311 «Локомотивтер машинисті»;
      3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті көмекшісі;
      4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - машинаны жұмысқа дайындау және оны жабдықтау, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда техникалық қызмет көрсету;
      5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті көмекшісі еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізімі

      10. КС бірліктері тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

      11. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

      12. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
      13. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісім парағы, сараптамасы және тіркеуі

      14. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      15. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

«Локомотив паркін пайдалану»
кәсіби стандартына     
1-қосымша          

Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері

№ р/с

Қызмет түрі атауы

Кәсіп атауы, еңбек нарығы үрдістері ескеруімен

ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

1

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару.

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті

Өздігінен жүретін салмақ сынау вагондары машинисті

4

-

2

Машинаны жұмысқа дайындау және оны жабдықтау. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисті көмекшісі

Машинист көмекшісі

3

-

Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

«Локомотив паркін пайдалану»
кәсіби стандартына     
2-қосымша          

1-кесте

1. Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Арнайы өздігінен
жүретін жылжымалы құрам машинистінің еңбек жағдайларына, білім
және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігі ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша.
Жұмысқа рұқсат: медециналық куәландырылғаннан кейін, еңбекті қорғау нұсқамалығы, жұмыс орнында еңбекті қорғау нұсқамалығы, сонымен қатар өртке қарсы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік дайындық, практикалық жұмыс тәжірибесі

Машинист көмекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл

2-кесте

2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Арнайы өздігінен
жүретін жылжымалы құрам машинистінің көмекшісінің еңбек
жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржол көлігі ұйымдары.

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша
Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, еңбекті қорғау нұсқамалығы, жұмыс орнында еңбекті қорғау нұсқамалығы, сонымен қатар өртке қарсы нұсқамалықтан соң.

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар)

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

«Локомотив паркін пайдалану»
кәсіби стандартына     
3-қосымша          

КС бірліктерінің тізімі

1-кесте

1. «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды қабылдау

2 Ф

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды басқару

3 Ф

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды тапсыру

2-кесте

2. «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің
көмекшісінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды қабылдау кезінде қатысу.

2 Ф

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды басқару кезінде қатысу.

3 Ф

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды тапсыру кезінде қатысу.

Ескертпе: Ф – Функция.

«Локомотив паркін пайдалану»
кәсіби стандартына     
4-қосымша          

КС бірліктерінің сипаттамасы

1-кесте

1. «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің»
еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

1 Ф

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам

1-1 М Тескіш құрылғыны, пойыздық радиобайланысты, үзіліссіз типті автоматты локомотивті дабыл беру жүйесін және қауіпсіздіктің басқа да құралдарын тексеру, машина мен тіркеу бірліктерін тежегіш жұмысына, қозғалтқыш, қозғалғыш бөлшегі және серіппелі аспа жағдайына аса мән бере отырып тексеру. Поезд дабылы, дабыл жабдықтарын, қосымша бөлшектер және құралдар, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер қорабы мен орау құралдарының бар екендігін тексеру, радиобайланысты машинист пен жіберу станциясы кезекшісінің тікелей сөйлесуі арқылы тексеру

Тапсырмаларды нақтылау, бағыныштыларға тапсырма қою, Машина жұмысын, тіркеу бірліктерін, қауіпсіздік құралдарын тексеру, құралдар мен дәрі қорабы барын тексеру нәтижелерін бағалау. Радиобайланысты машинист пен жіберу станциясы кезекшісінің тікелей сөйлеуі кезінде өзіндік нормалау дағдысы, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету дағдысы

Жақындаулар,принциптер, және көліктің техникалық сипаттамаларын қолдану тәсілдері. Техникалық қызмет көрсету, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету туралы білім

1-2 М Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның вагон немесе тіркемемен тіркелу дұрыстығын тексеру

Тапсырмаларды нақтылау, құрамның вагон немесе тіркемемен тіркелу нәтижесін бағалау

Жақындаулар,принциптер, және жылжымалы құрамын тіркеу және ағыту тәсілдері туралы білім

2 Ф


Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам


2-1 М Қозғалыс кестесі мен қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, машинаны жүргізудің тиімді режимін сақтау, отын-энергетика қорларын үнемдеп жұмсау

Бағыныштыларға тапсырма қою, машинаны жүргізудің тиімді режимі нәтижесін бағалау. Тіркелген жүктін шамадан арттырмау, отын-энергетика қорларын үнемдеп жұмсау кезіндегі және қозғалыс кестесі мен қауіпсіздік талаптарының орындалуы кезіндегі өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы

Жақындаулар,принциптер, және өзі жүретін жылжымалы құраммен басқару, жанармайды үнемді жұмсау туралы білім

2-2 М Машина ақауларын жою, ал жою мүмкін болмаған жағдайда поезд қозғалысы кестесін өзгертпей аралықты босату

Бағыныштыларға тапсырма қою,аралық тұрақтардағы көліктің жағдайын тексеру нәтижесіне баға беру.Ақаулықтар кезінде өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы және оларды жою бойынша шаралар қабылдау,ал егер жою мумкіндігі жоқ кезінде бекітілген уақыт аралығында аралықты босату,поез қозғалысы кестесінің шалысуға рұқсат бермеу

Жақындаулар, принциптер, және көліктің техникалық сипаттамаларын қолдану тәсілдері. Техникалық қызмет көрсету, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамның күтім тәртібі туралы білім

2-3 М Құрылғы жұмысына және машинада орнатылған қауіпсіздік ережесіне бөгде адамдарды жібермеу, бағдаршамның тыйым салу дабылында жүріс кезінде кабинадан шықпау

Бағыныштыларға тапсырма қою, көлікке орнатылған құрылғының жұмысына бөгде тұлғаларды рұқсат бермеу және ұстану нәтижесіне баға беру, Бағдаршамның тыюшы сигналға сапар кезінде басқарма кабинасын тастап кетпеу

Жақындаулар,еңбек тәртіптеме принциптер, және теміржолдағы сигнал беру, өзі жүретін жылжымалы құрамды тапсыру, тежегіш башмакты пайдалану, жазбаша доклад тәртібі, маршруттық бетті рәсімдеу, машинист формуляры туралы білім

3 Ф

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам

3-1 М Машинаны шаң мен ластан тазарту, ылғал-май бөлгіш конденсат жасау, машинадан шығар кезде қол тежегішімен тоқтату, кабинаны кілттеу, екі жағынан тежегіш башмақтарын салу

Ылғал мен майдан бөлгіштерден конденсатты кұйылыс тетігінен, щаңнан, балшықтан тазарту кезінде өзіндік анықтау және өзіндік нормалау дағдысы, көліктің тежелуін қол тежегішпен және тежегіш башмактарды дөңгелектің астына салу.маршруттық беттерді толтыру дағдысы

3-2 М Пойыз және маневрлік жұмыстардағы ақаулар туралы борт журналында, машинаның түйіндері мен агрегаттарындағы ақаулар, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жазу

Маневрлік және поездік жұмыстары кезіндегі бұзылушылықтар туралы борттық журналға жазба енгізу кезіндегі өзіндік анықтау дағдысы, түйіндердің бас тартуы және көлік агрегаттары, қозғалыс кестесінің бұзылушылықтары

2-кесте

2. «Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистінің
көмекшісінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам


1-1 М Шунттаушы жабдықтарды тексеруге, поездік радиобайланыс, автоматты локомотивті үзіліссіз типті сигнал беру және басқа қауіпсіздік аспаптар,көліктің және тіркемелер бірлігінің жөнділігі, тежегіштердің жұмысына ерекше көңіл аударуға, қозғалтқыштың жағдайын(күйін), қозғалғыш бөліктерін және рессорлы асып қоюға қатысу. Поездік сигналдың және сигналдық жабдықтардың болуын, қосымша бөліктерін және құралын,дәрі-дәрмек жиынтығы бар дәрі қобдишасы және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін байлау жабдықтарын, радиобайланыстың жөнділігін, жөнелту станциясының кезекшісі мен машинисттің арасында тікелей келіссөздер жүргізу арқылы радиобайланысты тексеруге қатысу

Көліктің дұрыстығын, тіркемелі бірліктерін, қауіпсіздік жабдықтарын, құралдың және дәрі қобдишасының болуын тексеру тәсілін анықтау. жөнелту станциясының кезекшісі мен машинисттің арасында тікелей келіссөздер жүргізу арқылы радиобайланысты дұрыстау кезіндегі өзіндік анықтау дағдылары, және де алғашқы медициналық көмек көрсету

Алғашқы медициналық көмек көрсету, қөліктің техникалық сипаттамалары туралы білім

1-2 М Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды вагондармен немесе тіркемелерге тіркеуді тексеруге қатысу

Құрамды вагондармен немесе тіркемелерге тіркеудің дұрыстығын тексеру кезінде өзіндік ұйымдастыру және өзіндік анықтау дағдылары

Жылжымалы құрамды тіркеу және ажырату туралы білім

2 Ф

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам

Арнайы өзі жүретін жылжымалы бөгде тұлғаларды рұқсат бермеу және ұстану нәтижесіне баға беру, Бағдаршамның тыюшы сигналға сапар кезінде басқарма кабинасын тастап кетпеу

2-1 М Қозғалыстың қауіпсіздігі және кестені орындаумен қамтамасыз ету, жанармайлы-энергиялық ресурстарын үнемді жұмсау, көлікті айдау режимін бақылау

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды басқару уақытында машинисттің әрекетін есте сақтау кезінде өзіндік ұйымдастыру және өзіндік анықтау дағдылары

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды басқару туралы білім

2-2 М Көліктердегі ақаулықтарын жоюға (машинистің басқаруымен) қатысу, ал егер жою мумкіндігі жоқ кезінде бекітілген уақыт аралығында аралықты босату, поез қозғалысы кестесінің шалысуға рұқсат бермеу

Жұмыстың орындалу тәсілдерін дербес анықтау. ақаулықтарын табу және оларды жою туралы шаралар қолдану кезінде өзіндік ұйымдастыру және өзіндік анықтау дағдылары

Көліктің техникалық сипаттамасы туралы білім

2-3 М Машинада орналасқан, жабдықтардың және қауіпсіздік жүйе жұмысына бөгде тұлғалардың қатысуына рұқсат бермеу, ерекше қырағылық көрсетіп, бағдаршамның тыюшы сигналына сапар кезінде басқарма кабинасын тастап кетпеу

Машинада орналасқан, жабдықтарға бөгде тұлғалардың қатысуына рұқсат бермеу және ұстану, бағдаршамның тыюшы сигналына сапар кезінде басқарма кабинасын тастап кетпеу кезінде өзіндік бағалау және өзіндік анықтау дағдылары

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды күту, теміржолдардағы сигнал беру туралы білім

3 Ф

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам

Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам

3-1 М Машинаны шаң мен ластан тазарту, ылғал-май бөлгіш конденсат жасау, машинадан шығар кезде қол тежегішімен тоқтату, кабинаны кілттеу, екі жағынан тежегіш башмақтарын салу

Жұмыстың орындалу тәсілдерін дербес анықтау. Қол тежегішімен жұмысты өзіндік бағалау.

Машинадан шығар кезде қол тежегішімен тоқтату, кабинаны кілттеу, екі жағынан тежегіш башмақтарын салу. Арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды өткізу және тежегіш башмақтарын қолдану туралы білім

      Ескертпе: М – мақсат.

«Локомотив паркін пайдалану»
кәсіби стандартына     
5-қосымша          

Келісу парағы

Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Осы КС _______________________________ тіркелді.
Кәсби стандарттардың реестріне № ________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ______________ Күні _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады