"Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өөзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 909 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 желтоқсанда № 9004 тіркелді

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7058 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде № 251 (26672) 2011 жылғы 10 тамызда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
       73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) рульдеу диспетчерлік пункт, старттық диспетчерлік пункт, мұнара диспетчерлік пункті, шеңбер диспетчерлік пункті, жақындау диспетчерлік пункті, жергілікті диспетчерлік пункт, аудандық диспетчерлік пункт (орталықтың), диспетчер-нұсқаушысы, аға диспетчер, ұшу басшысы үшін үшінші класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы.
      Брифинг диспетчерлік пункті, әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері, Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ауысым бастығы үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) бекітілген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) болуы.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады