Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 желтоқсанда № 9017 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 193 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.06.2016 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуiн;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     М. Құл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы      
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 22 қарашадағы    
№ 271 бұйрығымен        
бекітілген           

Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі
үшін қосымша ақы төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдениет ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес әзірленген және театр әртістерінің мен кино актерлерінің, опера және балет театры әртістерінің, концерттік ұйымдар әртістерінің кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Қосымша ақы төлеудің мақсаты материалдық ынталандыру арқылы театр әртістері мен кино актерлерінің, опера және балет театры әртістерінің, концерттік ұйымдар әртістерінің кәсіби шеберлігі және шығармашылық әлеуетін көтеру.
      3. Қосымша ақы белгілеу мемлекеттік кәсіпорынның тиісті қаржы жылына бекітілген даму жоспарымен еңбекақы төлеу қоры есебінен және қор шегінде жүзеге асырылады.

2. Театр әртістеріне, кино актерлеріне, опера және балет
театры әртістеріне, концерттік ұйымдардың әртістеріне
кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу тәртібі

      4. Театр әртістеріне, кино актерлеріне, опера және балет театры әртістеріне, концерттік ұйымдардың әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы мынадай критерийлерден белгіленеді:
      1) ағымдағы репертуардағы жұмыспен қамтылу икемділігі;
      2) орындаушылық шеберлігі;
      3) облыстық (өңірлік), республикалық, халықаралық конкурстар мен (немесе) фестивальдердің лауреаттары.
      Орындаушылық шеберлікті ретінде шығармашылық білімді, дағдыны және әдістерді қолдана білуді түсіну қажет.
      5. Театр әртістеріне, кино актерлеріне, опера және балет театры әртістеріне, концерттік ұйымдардың әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы мөлшері кәсіби шеберлікті анықтайтын көркемдік жетекшінің, тиісті құрылымдық бөлімше жетекшісінің немесе оның орынбасарының қосымша ақыны белгілеу туралы жазбаша ұсынысы негізіндегі ұйым жетекшісінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
      6. Ұсыныста келесі мәліметтер көрсетіледі:
      тегі, қызметкердің аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
      жұмысшының лауазымы;
      репертуарлық парақ туралы қысқаша ақпарат;
      қосымша ақы төлеу негіздемесі және мөлшері.
      7. Театр әртістеріне, кино актерлеріне, опера және балет театры әртістеріне, концерттік ұйымдардың әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы осы Қағиданың 4-тармағында айқындалған критерийлерге сәйкес лауазымдық жалақыға пайыздық қатынаста мына мөлшерде жүзеге асырылады:
      1) ағымдағы репертуардағы жұмыспен қамтылу икемділігі үшін – лауазымдық жалақыдан 25 %-ға дейін;
      2) орындаушылық шеберлігі үшін – лауазымдық жалақыдан 25 %-ға дейін;
      3) облыстық (өңірлік), республикалық, халықаралық конкурстар мен (немесе) фестивальдердің лауреаттары – лауазымдық жалақыдан 20 %-ға дейін.
      8. Театр әртістеріне, кино актерлеріне, опера және балет театры әртістеріне, концерттік ұйымдардың әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақының жалпы мөлшері лауазымдық жалақыдан 50 %-ға дейін белгіленеді.
      9. Театр әртістеріне, кино актерлеріне, опера және балет театры әртістеріне, концерттік ұйымдардың әртістеріне кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы еңбекақымен ай сайын бірге есептеледі.
      10. Кәсіби шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу күнтізбелік жыл бойына қолданылады және қажеттілігіне қарай қайта қаралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады