Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 557 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 желтоқсанда № 9045 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 259 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 25.05.2016 № 259 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі департаменттері мен басқармаларының бастықтары мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау кезінде оларды жоғарыда көрсетілген қағидалармен таныстырсын.

      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ә. Майкеевке жүктелсін.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Жақсыбеков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2013 жылғы 27 қарашадағы
№ 557 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін атқару барысындағы, әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау кезіндегі мінез-құлқының негізгі нормаларын белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшілер заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға міндетті.

      3. Мемлекеттік қызметшілер басшылықтың оларға қызмет бойынша және қызмет мүддесінде берген тапсырмаларын теріс талқыламауға және сын пікір айтпауға тиіс.

      4. Мемлекеттік қызметшілер:

      1) жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға;

      2) әрдайым және барлық жерде абыройлы және ізетті болуға, азаматтардың ар-намысы мен абыройын құрметтеуге;

      3) өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлық көрсетуге жол бермеуге, оларды лайықсыз әркеттерден сақтандыруға;

      4) Министрліктің мүддесіне нұқсан келтіретін және тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге төзбеуге;

      5) қызметтік субординацияны, мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

      6) ұжымдағы басқа мемлекеттік қызметшілердің өздерінің еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерден сақтануға;

      7) ұжымда іскерлік өзара қарым-қатынастарды және ұйымшылдықты қалыптастыруға және нығайтуға ықпал етуге;

      8) өзінің іс-әрекеттерімен әріптестері арасында достықты нығайтуға, өзара сыйластық негізінде өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға;

      9) басшылық құжаттарын, нормативтік құқықтық актілерді нақты білуге және оларды практикалық жұмыста дұрыс қолдануға тиіс.

      5. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындаудағы басымдыққа мыналарды қоюға тиіс:

      1) тапсырмаларды жедел және сапалы орындау;

      2) тапсырмаларды орындау үрдісінде шығармашылық ұстаным;

      3) қызметтік істер үдерісінде тек объективті және анық мәліметтер беру;

      4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеу;

      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

      6) егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, тікелей бастығына, әскери полиция органдарына және Министрліктің басшылығына жазбаша түрде дереу хабарлау;

      7) пікірсайысты әдепті түрде жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады