Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 30 желтоқсанда № 9046 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналар:
      «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2006 жылғы 23 қыркүйекте № 39(300) жарияланған);
      «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 12 маусымда № 88 (1511), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 7 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы                 А. Дүйсебаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»                        «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің орынбасары –    Мұнай және газ министрі
      Индустрия және жаңа                 _____________ Ұ. Қарабалин
      технологиялар министрі              2013 жылғы 8 қараша
      ______________ Ә. Исекешев
      2013 жылғы 4 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»                        «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі           Статистика агенттігінің
      _______________ А. Мамытбеков       төрағасы
      2013 жылғы 24 қыркүйек              _______________ Ә. Смайылов
                                          2013 жылғы 11 қазан

      «КЕЛІСІЛГЕН»                        «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының           Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация             Экономика және бюджеттік
      министрі                            жоспарлау министрі
      _______________ А. Жұмағалиев       _______________ Е. Досаев
      2013 жылғы 24 қараша                2013 жылғы 4 қазан

Қазақстан Республикасы  
Табиғи монополияларды   
реттеу агенттігі төрағасы
міндетін атқарушының   
2013 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 283-НҚ бұйрығымен   
бекітілген      

Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық
ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының
техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітудің тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы ресми өтініші;
      2) өтінімнің электрондық нысаны – табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) бірінші басшысы немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар оның орнын алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, қағаз түпнұсқасындағы құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар,
отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық
нормаларын бекіту тәртібі

      4. Субъект уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімді қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
      5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:
      1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;
      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейлері;
      3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;
      4) өзіне мыналарды қамтитын жиынтық кесте:
      нормативтік техникалық ысыраптар үшін – нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамалары;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін – шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамалары;
      5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбалар және шамасы мен мерзімдерін көздейтін нормативтен тыс ысыраптарды (болған жағдайда) жою және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары қоса беріледі.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының жиынтық кестесі бірыңғай қаріппен (мөлшері № 14 «Times New Roman» қарпі пайдаланылады) басылады.
      Өтінімге қоса берілетін есептер және негіздейтін материалдар тігіледі, нөмірленеді, мөрмен расталады және Субъектінің бірінші басшысы не оның орнын алмастыратын тұлға (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы Субъекті бұйрығының көшірмесі қоса беріледі) қол қояды.
      7. Уәкілетті орган өтінім алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, жазбаша хабардар етеді.
      8. Уәкілетті орган Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады:
      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпаратты ұсынбау немесе оларды толық емес көлемде ұсыну;
      2) құжаттарды осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарын бұза отырып ұсыну.
      9. Уәкілетті орган өтінімді күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі өтінім уәкілетті органға түскен күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес қосымша материалдар сұратылған және ұсынылған жағдайда, өтінімді қарау мерзімі сұратып отырған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      10. Уәкілетті орган Субъект ұсынған материалдарға және есептерге талдау жүргізудің негізінде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейіне сараптаманы жүргізеді, қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізеді.
      11. Уәкілетті орган нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейіне сараптаманы уәкілетті органның жанындағы сараптамалық кеңестің мүшелерін, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды, қоғамдық бірлестіктерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын және өтінім берген Субъектіні тарта отырып жүргізеді.
      12. Уәкілетті орган жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша Субъект ұсынған деңгейлерді бекіту туралы шешім немесе уәкілетті орган белгілеген шамаға дейін түзетуді ескере отырып бекіту туралы шешім қабылдайды, оның ішінде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының мәлімделген шамаларын олар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда ескермейді не нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуден бас тартады. Нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейі бекітуден бас тартылған жағдайда Субъектіге дәлелді қорытынды жолданады.
      Бұл ретте нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуден бас тартуға Субектінің шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуы негіз болады.
      13. Уәкілетті органның нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

3. Қорытынды ережелер

      14. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына кезеңдерге ұсынады:
      нормативтік техникалық ысыраптар бойынша – бес және одан астам жылға;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша – бес және одан астам жылға.
      Субъект тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып айқындалады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын уәкілетті орган Субъектінің ұйымдастыру-техникалық жағдайлары (озық технологияны, өндірістік процестердің механизациясын, авоматизациясын енгізу, материалдардың, шикізаттың, отынның жаңа түрлерін пайдалану) өзгерген, өндірістің ерекшелігі мен құрылымы өзгерген жағдайда, сондай-ақ Субъектіні тексерулер, уәкілетті органның жанындағы сараптамалық кеңес мүшелері қорытындылары немесе ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын және энергия шығыстарының нақты шамаларын талдау нәтижелері бойынша қайта қарайды.
      16. Субъект уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптар туралы ақпаратты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші айының 20 күнінен кешіктірмейтін мерзімде жыл сайын ұсынады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің
нормативтік техникалық ысыраптарын,
шикізат, материалдар, отын, энергия
шығысының техникалық және     
технологиялық нормаларын     
бекіту қағидаларына         
қосымша                

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Нормативтік техникалық ысыраптар туралы ақпарат

Есепті кезең 20 ___ ж.

Индексі: НТЫА-1

Кезеңділігі: жылдық

Ұсынатын тұлғалар тобы: табиғи монополия субъектілері

Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне

Тапсыру мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші айының 20 күнінен кешіктірмейтін мерзімде

__________________________________    _______________________________
(табиғи монополия субьектісінің    (ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрінің коды)
атауы, БСН/ЖСН)

р/с

Табиғи монополия субьектісі қызметінің атауы

Жалпы көлем (суды алу, желіге босату)

Есепті кезеңге арналған нақты ысыраптар

Бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар

Нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар-бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар)

мың Гкал, млн. кВт сағ, мың м3

%

мың Гкал, млн. кВт сағ, мың м3

%

мың Гкал, млн. кВт сағ, мың м3

%










      Қысқарған сөздер
БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЭҚЖЖ – ҚР МЖ 03-2007 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

Ұйымның атауы _______________________ Мекенжайы _____________________
Ұйым басшысының Т.А. Ә. ________________ Телефон: ___________________
Электрондық почта мекенжайы ____________
Орындаушының аты-жөні және телефоны ____ Телефон ____________________
Қолы _____________________________
            (ұйым басшысы)

М.О.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі
түсіндірме

Нормативтік техникалық ысыраптар туралы ақпарат

1. Жалпы нұсқаулықтар

      Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптар туралы ақпаратты дайындауына арналған.
      Табиғи монополия субъектілері көрсетілген ақпаратты уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші айының 20 күнінен кешіктірмей ұсынады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімге өзіне нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейін, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптарды және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамаларын қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.
      1-баған – табиғи монополия субъектісі ұсынатын ақпараты бойынша көрсетілетін қызметтің реттік нөмірі көрсетіледі.
      2-баған – көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.
      3-баған – жалпы көлем көрсетіледі (суды алу, желіге босату).
      4-баған – заттай және пайыздық көріністегі нақты ысыраптар көрсетіледі.
      5-баған – бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.
      6-баған – нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар - бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар) заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.

Об утверждении Правил утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 17 сентября 2013 года № 283-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2013 года № 9046. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 21 июля 2015 года № 550

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 21.07.2015 № 550.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 12-1, подпунктом 5-1) пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» и подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий.
      2. Признать утратившими силу:
      приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 августа 2006 года № 191-ОД «Об утверждении Правил утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4379, опубликованный в газете «Юридическая газета» от 12 октября 2006 года № 181 (1161));
      приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 февраля 2009 года № 49-ОД «О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 4 августа 2006 года № 191-ОД «Об утверждении Правил утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5681, опубликованный в газете «Юридическая газета» от 12 июня 2009 года № 88 (1685), в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 7, 2009 года).
      3. Департаменту стратегического планирования, сводного анализа и международного сотрудничества Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Мартыненко А.В.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) опубликование настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, после официального опубликования в средствах массовой информации.
      4. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Базарбаев С.П.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его официальное опубликование в средствах массовой информации, с последующим представлением в Юридический департамент Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Метенова С.С.) сведения об опубликовании;
      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Дуйсебаева А.Ж.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Председателя                          А. Дуйсебаев

«СОГЛАСОВАН»
Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан - Министр
индустрии и новых технологий
Республики Казахстан
______________ А. Исекешев
от 4 декабря 2013 года

«СОГЛАСОВАН»
Министр нефти и газа
Республики Казахстан
______________ У. Карабалин
от 8 ноября 2013 года

«СОГЛАСОВАН»
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
______________ А. Мамытбеков
от 24 сентября 2013 года

«СОГЛАСОВАН»
Председатель Агентства
Республики Казахстан по
статистике
______________ А. Смаилов
11 октября 2013 года

«СОГЛАСОВАН»
Министр транспорта
и коммуникаций
Республики Казахстан
______________ А. Жумагалиев
от 24 ноября 2013 года

«СОГЛАСОВАН»
Министр экономики и
бюджетного планирования
Республики Казахстан
______________ Е. Досаев
от 4 октября 2013 года

Утверждены приказом        
и.о. Председателя Агентства    
Республики Казахстан       
по регулированию          
естественных монополий       
от 17 сентября 2013 года № 283-ОД

Правила утверждения нормативных
технических потерь, технических и технологических норм
расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов
естественных монополий

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках».
      2. Настоящие Правила определяют порядок утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии субъектов естественных монополий.
      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) заявка - официальное обращение субъекта естественной монополии в уполномоченный орган об утверждении нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии;
      2) электронная форма заявок - документ, полностью воспроизводящий вид и данные подлинного бумажного документа в электронно-цифровой форме, удостоверенный электронной цифровой подписью первого руководителя Субъекта естественной монополии (далее - Субъект) или лица, его замещающим, обладающим полномочиями на удостоверение данного документа.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан о естественных монополиях и регулируемых рынках.

2. Порядок утверждения нормативных технических потерь,
технических и технологических норм расхода сырья, материалов,
топлива, энергии

      4. Субъект представляет в уполномоченный орган заявки на утверждение нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии в бумажной или электронной форме.
      5. К заявке на утверждение нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии прилагаются:
      1) предлагаемый уровень нормативных технических потерь;
      2) предлагаемые уровни технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии;
      3) обоснование представленных нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии (соответствующие расчеты нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии);
      4) сводная таблица, включающая в себя:
      для нормативных технических потерь – предлагаемый уровень нормативных технических потерь, утвержденные нормативные технические потери и фактические величины потерь за текущий период и предыдущие два и более лет, предшествующие дате подачи заявки;
      для технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии – предлагаемый уровень технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии, утвержденные технические и технологические нормы расхода сырья, материалов, топлива, энергии и фактические величины расхода сырья, материалов, топлива, энергии за текущий период и предыдущие два и более лет, предшествующие дате подачи заявки;
      5) пояснительные записки о необходимости утверждения нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии и планы мероприятий по ликвидации сверхнормативных (при наличии) и снижению нормативных технических потерь, предусматривающие величину и сроки.
      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 30.12.2014 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Сводные таблицы нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии печатаются единым шрифтом (используется шрифт «Times New Roman» размером № 14).
      Прилагаемые к заявке расчеты и обосновывающие материалы прошиваются, пронумеровываются, заверяются печатью и подписываются первым руководителем Субъекта, либо лицом его замещающим (с приложением копии приказа Субъекта о возложении обязанности первого руководителя).
      7. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней со дня получения заявки проверяет полноту представленных материалов и в письменном виде уведомляет Субъекта о принятии заявки или об отказе в принятии заявки к рассмотрению с приведением причин отказа.
      8. Уполномоченный орган отказывает в принятии заявки Субъекта к рассмотрению при:
      1) непредставлении или представлении не в полном объеме документов и информации, указанных в пункте 5 настоящих Правил;
      2) представлении документов с нарушением требований пункта 6 настоящих Правил.
      9. Заявка рассматривается уполномоченным органом в течение тридцати календарных дней. Срок рассмотрения заявки исчисляется со следующего дня поступления заявки в уполномоченный орган. В случае запроса и предоставления дополнительных материалов в соответствии с подпунктом 5) статьи 7 Закона Республики Казахстан «О естественных монополиях и регулируемых рынках», срок рассмотрения заявки приостанавливается до получения запрашиваемой информации.
      10. Уполномоченный орган проводит экспертизу предлагаемого уровня нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии на основе анализа представленных Субъектом материалов и расчетов, проводит сравнительный анализ показателей деятельности Субъектов, занимающихся аналогичным видом деятельности.
      11. Уполномоченный орган проводит экспертизу предлагаемого уровня нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии с привлечением для этого членов экспертного совета при уполномоченном органе, государственных органов, потребителей, общественных объединений, представителей Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан и Субъекта, представившего заявку.
      12. Уполномоченный орган по результатам проведенной экспертизы принимает решение об утверждении предлагаемого Субъектом уровней или решение об утверждении с учетом корректировки до величины установленной уполномоченным органом, в том числе не учитывает заявленные величины нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии, в случае представления их не в полном объеме, либо отказывает в утверждении нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии. В случае отказа в утверждении предлагаемого уровня нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии, Субъекту направляется мотивированное заключение.
      При этом, основанием для отказа в утверждении нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии является представление Субъектом документов, содержащих недостоверную информацию.
      13. Решение уполномоченного органа об утверждении нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии оформляется приказом уполномоченного органа.

3. Заключительные положения

      14. Субъект представляет заявки на утверждение нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии на следующие периоды:
      по нормативным техническим потерям – на пять и более лет;
      по техническим и технологическим нормам расхода сырья, материалов, топлива, энергии – на пять и более лет.
      При утверждении Субъекту предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора) сроки действия нормативных технических потерь, технических и технологических норм расхода сырья, материалов, топлива, энергии определяются исходя из периода реализации инвестиционных программ и (или) инвестиционных проектов.
      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 30.12.2014 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      15. Нормативные технические потери, технические и технологические нормы расхода сырья, материалов, топлива, энергии пересматриваются уполномоченным органом в случае изменения организационно-технических условий Субъекта (внедрение прогрессивной технологии, механизации, автоматизации производственных процессов, использования новых видов материалов, сырья, топлива), изменения специфики и структуры производства, а также по результатам проверок Субъекта, заключений членов экспертного совета при уполномоченном органе или анализа фактических величин потерь, расходов сырья, материалов, топлива и энергии.
      16. Субъекты ежегодно представляют информацию о нормативных технических потерях в уполномоченный орган в срок не позднее 20-го числа первого месяца года следующего за отчетным, согласно приложению к настоящим Правилам.

Приложение             
к Правилам утверждения нормативных
технических потерь, технических 
и технологических норм расхода сырья,
материалов, топлива, энергии субъектов
естественных монополий      

      Сноска. Приложение с изменением, внесенным приказом Министра национальной экономики РК от 30.12.2014 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Форма, предназначенная для сбора административных данных

Информация о нормативных технических потерях

Отчетный период 20___ г.

Индекс: ИНТП-1

Периодичность: годовая

Круг лиц представляющих: субъекты естественной монополии

Куда представляется: в Агентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополий

Срок представления: ежегодно в срок не позднее 20-го числа первого месяца года следующего за отчетным

______________________________________ ______________________________
(наименование, БИН/ИИН субъекта       (код вида деятельности по ОКЭД)
естественных монополий)

№ п/п

Наименование услуги субъекта естественных монополий

Общий объем (забора воды, отпуска в сеть)

Фактические потери на отчетный период

Утвержденные нормативные технические потери

Сверхнормативные потери (фактические потери–утвержденные технические нормативные потери)

тыс. Гкал, млн. кВт час, тыс. м3

%

тыс. Гкал, млн. кВт час, тыс. м3

%

тыс. Гкал, млн. кВт час, тыс. м3

%










      Аббреавиатуры:
      БИН – Бизнес-идентификационный номер;
      ИИН – Индивидуальный идентификационный номер;
      ОКЭД – ГК РК 03-2007 Общий классификатор видов экономической деятельности.

Наименование организации _________

Адрес ____________________________

Ф.И.О. руководителя организации
__________________________________

Телефон: _________________________

Адрес электронной почты __________


Фамилия и телефон исполнителя
__________________________________

Телефон _______________________

Подпись __________________________
        (руководитель организации)
М. П.


Пояснение по заполнению формы, предназначенной для сбора
административных данных

Информация о нормативных технических потерях

1. Общие указания

      Настоящее пояснение предназначено для подготовки субъектами естественной монополии информации о нормативных технических потерях.
      Указанная информация представляется субъектами естественной монополии в уполномоченный орган ежегодно, в срок не позднее 20-го числа первого месяца года следующего за отчетным.

2. Пояснение по заполнению формы

      К заявке на утверждение нормативных технических потерь прилагается сводная таблица, включающая в себя предлагаемый уровень нормативных технических потерь, утвержденные нормативные технические потери и фактические величины потерь за текущий период и предыдущие два и более лет, предшествующие дате подачи заявки.
      1 графа – указывается порядковый номер услуги, по которой субъект естественной монополии представляет информацию.
      2 графа – указывается наименование услуги.
      3 графа – указывается общий объем (забора воды, отпуска в сеть).
      4 графа – указываются фактические потери, в натуральном и процентном выражении.
      5 графа – указываются утвержденные нормативные технические потери, в натуральном и процентном выражении.
      6 графа – указываются сверхнормативные потери (фактические потери – утвержденные технические нормативные потери), в натуральном и процентном выражении.