Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      3) күнтізбелік бес күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың қосымшасының 678910-тармақтарын қоспағанда, оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы «____» __________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      ______________ Б. Имашев
      2015 жылғы «____» __________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «____» __________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      2015 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің  
2015 жылғы 21 шілдедегі 
№ 550 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қыметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 27 тамыздағы № 226-ОД бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4915 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 20 қыркүйекте № 144 (1347) жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында 2007 жылғы тамыз-қыркүйекте жарияланған).
      2. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының 20-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген).
      3. «Табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 шілдедегі № 226-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3807 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 27 қаңтарда № 13-14 (993-994) жарияланған).
      4. «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9046 тіркелген, 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 77 (28301) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      5. «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 192 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10394 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      6. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу және табиғи монополиялар субъектілерінің қорытындылар ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4166 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 5 мамырдағы № 81 (1061) жарияланған).
      7. «Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі № 177-НҚ бұйрығының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4328 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 11 тамыздағы № 147 (953) жарияланған).
      8. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының 17-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2009 жыл, № 3, 338-бап).
      9. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 28 маусымдағы № 192-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7082 тіркелген).
      10. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 295-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8198 тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 34-38 (27977) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      11. «Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8517 тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 247 (27583) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады