"Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 наурызда № 10394 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 550 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9046 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 77 (27698) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:
      1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;
      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейлері;
      3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;
      4) өзіне мыналарды қамтитын жиынтық кесте:
      нормативтік техникалық ысыраптар үшін – нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамалары;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін – шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамалары;
      5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбалар және шамасы мен мерзімдерін көздейтін нормативтен тыс ысыраптарды (болған жағдайда) жою және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары қоса беріледі.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына кезеңдерге ұсынады:
      нормативтік техникалық ысыраптар бойынша – бес және одан астам жылға;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша – бес және одан астам жылға.
      Субъект тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып айқындалады.»;
      Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларына Қосымшада:
      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
      Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімге өзіне нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейін, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптарды және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамаларын қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.
      1-баған – табиғи монополия субъектісі ұсынатын ақпараты бойынша көрсетілетін қызметтің реттік нөмірі көрсетіледі.
      2-баған – көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.
      3-баған – жалпы көлем көрсетіледі (суды алу, желіге босату).
      4-баған – заттай және пайыздық көріністегі нақты ысыраптар көрсетіледі.
      5-баған – бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.
      6-баған – нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар - бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар) заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (С. М. Жұманғарин):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізуді;
      4) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін қағаз және электронды жеткізгіштегі көшірмесін жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                               Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»                  «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі      Инвестициялар және даму
      __________ А. Мамытбеков       министрі
      2015 жылғы 16 қаңтар           ______________ Ә. Исекешев
                                     2015 жылғы 27 қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ________________ В. Школьник
      2015 жылғы 30 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады