"Өкімдер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 573 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 291 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 31 желтоқсанда № 9055 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 147 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 147 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1472) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың және қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына, сондай-ақ "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрық пен қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оларды кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық және қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

Ұлттық Банкінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы

___________ Қ.Н. Келімбетов

Қаржы министрі


______________ Б.Т. Сұлтанов



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 573 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 291 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
16 қаулысына
1-қосымша

      Нысан

Салық (кеден) органының салық төлеушінің (салық агентінің),
кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын
тоқтата тұру туралы
өкімі

      20 ___ жылғы "___"_____________ № _______

      (жазба күні)

      _____________________________________________________________________

      (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын

      _____________________________________________________________________

      ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)

      ___________________________________________________________ ұсынылды.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабына/"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына және _____ жылғы "___" ___________ № _______

      (хабарламаны табыс ету күні)

      хабарламасына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (салық (кеден) органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе жеке кәсіпкердің,

      _____________________________________________________________________

      жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың аты-жөні,

      _____________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), орналасқан орны)

      банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша

      _____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды)

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында/"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексі 162-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X тиісті торкөзінде көрсету керек):


___________________________________________ теңге сомасы шегінде

      (сомалары санмен және жазумен)


барлық шығыс операциялары

      _____________________________________________________________________

      (тоқтатыла тұрудың себебі)

      Мөрдің орны

      _____________________________________________________________________

      (Салық (кеден) органы басшысының аты-жөні)

      Осы өкім ________ жылғы "___" ________________ табыс етілді.

      *Салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органымен көрсетіледі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 573 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 291 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
16 қаулысына
2-қосымша

      Нысан

Салық органының агенттiң банк шоттары бойынша
шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
өкімі

      20 __ жылғы "___" ______________ № ______

      (жазба күнi)

      ____________________________________________________________________

      (банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын

      ____________________________________________________________________

      ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)

      _________________________________________________________ ұсынылды.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы _____ жылғы "___" ____________ № _________

      (хабарламаны табыс ету күні)

      хабарламасына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (салық органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе жеке кәсіпкердің,

      _____________________________________________________________________

      жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың аты-жөні,

      _____________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)

      банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша

      _____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды)

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X тиісті торкөзінде көрсету керек):


_____________________________________________ теңге сомасы шегінде

      (сомалары санмен және жазумен)


барлық шығыс операциялары

      Мөрдің орны _________________________________________________________

      (Салық органы басшысының аты-жөні)

      Осы өкiм ______ жылғы "___" ____________ табыс етiлдi.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 573 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 291 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 27 ақпандағы
16 қаулысына
3-қосымша

      Нысан

Салық органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары
бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
өкімі

      20 __ жылғы "___" _______________ № _______

      (жазба күні)

      _____________________________________________________________________

      (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын

      _____________________________________________________________________

      ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)

      ___________________________________________________________ ұсынылды.

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына, сондай-ақ

      _____________________________________________________________________

      (салық органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      салық органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін беру туралы

      _____ жылғы "___"___________ № _____ хабарламасына сәйкес

      (хабарламаны табыс ету күні)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе жеке кәсіпкердің,

      _____________________________________________________________________

      жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының және адвокаттың аты-жөні,

      _____________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)

      банк шоттары (корреспонденттiк шоттарды қоспағанда) бойынша

      _____________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру коды)

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 611-бабының 2-тармағында көзделген ақшаны алып қою жағдайлары мен операцияларын қоспағанда, басқа барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.

      Мөрдің орны ____________________________________________________

      (Салық органы басшысының аты-жөні)

      Осы өкім ________ жылғы "___" ________________ табыс етілді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады