Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 1011 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 17 қаңтарда № 9072 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 895 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 01.09.2015 № 895 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының  2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет
этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтың ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жолдауды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан, Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                               А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация 
министрінің       
2013 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1011 бұйрығымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің осы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама) сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің (бұдан әрі - Министрліктің мемлекеттік қызметшілері) өз қызметтік міндеттерін орындау барысында әріптестері және азаматтармен қарым-қатынастағы мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды.
      3. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері өзінің қызметінде:
      1) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де мемлекеттік қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алғаны;
      2) адалдық, тәртіп, жауапкершілік, белсенділік, бастамашылық танытуға және келіссөздер (кездесулер) барысында басқа тұлғаларға % щыдамдылық, сыпайылық, әдептілік және құрмет көрсеткені;
      3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларға қарамастан адам мен азаматтың ары мен намысын құрметтегені;
      4) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарағаны;
      5) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытқаны;
      6) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдаланғаны;
      7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда ұтымды, тиімді және қызметтік мақсатта ғана пайдаланғаны;
      8) өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындауға, нақты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жұмысты ұйымдастырғаны және жоспарлағаны;
      9) жұмыс уақытын тиімді пайдалануға және басқа мемлекеттік қызметшілерге ұжымда өздерінің еңбек міндеттерін орындауына кедергі келтіретін іс-қимылдардан аулақ болғаны;
      10) қызметтік дәреже сатысын сақтағаны;
      11) мүдделер шиеленісінің алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдағаны;
      12) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киімнің іскерлік қалпын ұстануға тиіс;
      13) өзінің қызметтік міндеттемелерін орындаған кезеңінде, мемлекеттік қызметшілердің бастамашылығын қолдауға және көтермелеу;
      14) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
      15) Ар-намыс кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлық тәртібін сақтағаны жөн;
      16) Министрліктің мемлекеттік қызметшісіне сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолданғаны.
      4. Министрліктің мемлекеттік қызметшісі мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
      1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
      2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
      3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
      5. Министрлікте кадрлық шешімдерді қабылдаған кезде мемлекеттік қызметшілерге кемсітудің кез-келген нысандарына, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік қызметшілерге тамыр-таныстық, артықшылықтар мен жеңілдіктердің кез-келген нысанына жол берілмейді.
      6. Министрліктің мемлекеттік қызметшісі қызметтен тыс уақытта:
      1) қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі;
      2) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуі;
      3) Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің жоғары атағына кір келтіруі мүмкін кез-келген жеке байланыстардан қашуы қажет.
      Қызметтен тыс қатынастарда Министрліктің мемлекеттік қызметшілері осы Қағидалардың және мемлекеттік қызмет саласында және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманың талаптарын сақтағаны және Министрліктің мемлекеттік қызметшісінің беделіне, намысына нұқсан келтіруі немесе оның ақиқаттығына, әділдігіне, объективтілігіне және әділ сыншылдығына күмән келтіруі мүмкіндіктерінен қашқаны жөн.
      7. Көлік-коммуникациялық саладағы қызмет ететін субъектілеріне тексерулерді жүзеге асыру кезінде Министрліктің мемлекеттік қызметшісі:
      1) көлік-коммуникациялық саладағы субъектілерін әділ, объективті тексереді;
      2) көлік-коммуникациялық тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтайды;
      3) тексеруге әсер етуі мүмкін көлік-коммуникациялық тексерілетін субъектілердің өкілдерімен өзара қарым-қатынастан қашады.
      8. Министрліктің мемлекеттік қызметшілері қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады