Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1007 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 20 қаңтарда № 9073 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 868 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.12.2018 № 868 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 308-бабына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Қ.Н. Тілепов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

А. Жұмағалиев


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      _______________ Т. Дүйсенова

      2013 жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1007 бұйрығымен бекітілген

Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау
саласындағы талаптар
1. Жалпы талаптар

      1. Осы Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптар (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 308-бабына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 26-5) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы талаптарда су көлігі ұйымдары қызметкерлерінің олардың еңбек қызметі процесінде мынадай бөлігінде өмірін және денсаулығын сақтауға бағытталған тәртіптер мен рәсімдерді белгілейді:

      1) еңбек қауіпсіздігі:

      жұмыс басталар алдында;

      жұмыс уақытында;

      авариялық жағдайларда;

      жұмыс аяқталарда;

      2) қауіпсіздік қамтамасыз етуде:

      палубалық жұмыстарда;

      рульдік құрылғымен жұмыс істеу кезінде;

      зәкірлік құрылғымен жұмыс істеу кезінде;

      кеме қайықшаларын (қайықтарын) және құтқару құралдарын пайдалану кезінде;

      арқандап байлау жұмыстары кезінде;

      сүйреу жұмыстары кезінде;

      қауіпті және палубалық жүктерді тасымалдау кезінде;

      өндірістік учаске жағалауында.

      3. Осы Талаптар Қазақстан Республикасының ішкі су көлігінің барлық кемелеріне қолданылады: көліктік (жолаушылар тасымалы, жүк таситын, сүйрейтін), мұзжарғыштар, қызметтік-қосалқы, өздігінен жүрмейтін, тіреуіштік, арнайы бағыттағы (құтқару, өрт, оқу), сондай-ақ техникалық флоттың кемелері, жүзгіш крандар және басқа да жүзгіш жүкті ауыстырып тиейтін құралдар.

      4. Осы талаптар негізінде кеме иесі немесе флотқа техникалық және шаруашылық қызмет көрсететін кәсіпорын, өндірістің ерекшелігін және орындалатын жұмыстардың жеке түрлерін ескере отырып, әр мамандыққа еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді.

      5. Ішкі су көлігінде жұмыс уақытында еңбек қауіпсіздігін және қорғауды ұйымдастыру мынадай іс-шаралармен су көлігі ұйымының басшылығымен жүзеге асырылады:

      1) жүзбелі құралдарды тиісті күтіп ұстауды, өндірістік жабдықтар қауіпсіздігін, қызметкерлермен өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде ғимараттарды, сондай-ақ жүзбелі құралдарда, өндіріс үй-жайларында және жабдықтарда еңбек қауіпсіздігіне және қорғауға мониторинг жүргізу;

      2) "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен бекітілген, Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру, олардың қорытындысы бойынша денсаулық үшін қауіпті және зиянды факторларды жою бойынша шаралар қабылдау;

      3) жүзбелі құралдарды, жағалау өндірістік учаскелерде, ғимараттарда және қызметкерлерге зақым келтіретін факторлардың әсер етуінен авариялық жағдайлардың дамуын болдырмау бойынша шараларды қабылдау;

      4) "Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысымен бекітілген Міндетті медициналық тексеріп-қарау өту қағидаларына сәйкес алдын ала (жұмысқа қабылдау кезінде) және кезеңдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеру жүргізуді және кәсіби ауру белгілері байқалғанда шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) өтке қарсы жүйелерге, желдету жүйелеріне және ауаны кондинционерлеуге, күзет жүйесіне және мамандандырылған ұйымдармен отын жүйесіне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ су көлігі қызметкерлеріне өтке қарсы нұсқау беруді жүргізу.

      6. Қызметкерлер саны елуден астам ұйымдарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызмет атқаратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрайды.

      7. Жұмысшылардың саны елуге дейін жететін су көлігі ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және қорғау маманы қызметі ендіріледі, қызметінің арнайылығын есепке ала отырып немесе еңбек қауіпсіздігі мен қорғау міндеттері басқа маманға беріледі.

2. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі

      8. Жұмыс басталар алдында қызметкер өз жұмыс орнын қарайды және жұмыс жабдықтарының дұрыстығын тексереді.

      9. Адамдар үшін қауіп төндіріп тұрған жабдықтың дұрыс еместігін байқаған қызметкер, дұрыс емес жабдықты дереу ажырату шараларын қабылдайды және бұл туралы өзінің капитанына (командиріне), ал ол жоқ болғанда – командалық құрамның кез келген тұлғасына хабарлайды.

3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі

      10. Кеме капитаны (командир) қамтамасыз етеді:

      1) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын тиімді пайдалануды;

      2) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек және демалу тәртібін сақтауды;

      3) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындау;

      4) қауіпті өндірістік объектілерде, учаскелерде авариялардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;

      5) уақтылы нұсқаулықтарды оқыту, жүргізу және қызметкерлермен еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша нормалар және нұсқаулықтарға білімін тексеру;

      6) мамандар арасында еңбекті қорғау бойынша қызметтерді бөлу;

      7) авариялық жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды, оның ішінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру бойынша шараларды.

      11. Экипаждың әрбір мүшесі:

      1) механизмдер, құрылғылар, құралдар, өз қызметінің түрі бойынша қауіпсіз пайдалану нұсқаулығын және қағидаларын орындайды;

      2) жұмыс орнында нұсқама жүргізеді, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексереді және нұсқау берушінің жеке кәртішкесінде жұмысқа жіберу туралы белгісі болады;

      3) қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткендігі туралы куәлігі болады.

      12. Экипаждың әр мүшесі "Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 717 қаулысымен бекітілген кемелердегі қызмет Жарғысымен, лауазымдық нұсқаулықпен және капитанның (командирдің) және механиктің өкімімен атқаратын лауазымдарына сәйкес механизмдер мен құрылғыларға ғана қызмет көрсетеді.

      13. Кемеде, жұмыс орнында олардың экипаж мүшесіне қатысушылар ғана болады.

      14. Рульдік-мотористердің штаттық лауазымына тағайындалған практиканттар, жұмыс орнында оқудан және нұсқамадан өткен жағдайда оқуға куәліксіз жіберіледі.

      15. Экипаж мүшелері жеке қорғау құралдарын пайдалана, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен жұмыс істей білуі керек және осы Талаптармен көзделген жағдайларда жеке қорғау құралдары және алдын алу құралдарын пайдалана білуі керек.

      16. Экипаж мүшелері жазатайым жағдайда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша машықтары бар.

      17. Экипаждың барлық мүшелеріне арнайы бөлек жерде ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.

      18. Жұмыс орындарында және оларға өткелдер жүктер мен бөтен заттар болмау керек, төгілген мұнай өнімдерінен, қардан және мұздан жүйелі түрде тазартылып отыруы керек. Кедір-бұрыр және сырғанауға қарсы жабындар істен шығу шегіне байланысты қалпына келтіріліп отырады. Машиналық-қазандық бөлімнің төсеніш плиталары орындарында тұрады, олардың ойықтарының барлығы жабық болады.

      19. Кемедегі кез-келген жұмыстар, кеме қозғалысы кезінде бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына ауысу тек вахта бастығының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Барлық жағдайда оның рұқсатынсыз румпель бөліміне, білік жүйесінің туннеліне кірулеріне, коффердамға және цистернаның екінші түбіне түсулеріне болмайды.

      Рейдте немесе бір-біріне байлап қойылған кемелерден адамдарды бірінен біріне отырғызу тек капитанның рұқсатымен ғана рұқсат етіледі. Вахта бастығы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы тікелей бұл жұмысқа басшылық етеді. Борттан бортқа өз еркімен ауысуға тыйым салынады.

      20. Дауыл кезінде, палубаға су құйылған кезде ондағы қозғалыстар мен жұмыстардың барлығы тек вахта бастығының немесе капитанның өкімі бойынша мүмкін болады. Бұл ретте жұмыс жасаушылар сақтандыру жұмыс кеудешесін және сақтандыру ұшы бар сақтандыру белдігін киеді.

      21. Вахтада жаурап қалған адамдар мүмкін болған жағдайда құрғақ киімді киеді, ал сулы киімді осы үшін арналған арнайы орындарда кептіреді.

      22. Палуба корпустың барлық периметрін бойлай фальшбортпен немесе сым арқанды қоршаумен қоршалады. Фальшборттың және сым арқанды қоршаудың дұрыстығын үнемі, мезгіл-мезгіл бақылап, босауына қарай тросты сым арқандардың адырналарын қаптап, түтік тәріздес сым арқандарды түзетіп, шынжырлардың ақауланған учаскелерін ауыстырып, орнатылған бағандардың мықтылығын тексеріп және әсіресе қоршауларды ашу орындарында қармақтардың дұрыстығын бақылап отыру қажет.

      23. Сым арқанды қоршаулардың барлық ақаулары тез арада жөнделеді. Сол сәтте жөндеуге келмейтін ақауларды сенімді түрде жабу қажет. Бекітілмеген қоршауларды бекітуге тыйым салынады.

      24. Фальшборттағы аралықтарды, ойықтарды ашу, өндірістік қажеттіліктер үшін сым арқанды қоршауларды алып тастау тек вахта бастығының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Ол кезде адамдардың борт сыртына құлауларының алдын-алу бойынша шаралар қабылданады (қауіпсіздік белгілері қойылады). Жұмыстар жасалып болғаннан кейін фальшборттағы аралықтар мен ойықтар шұғыл түрде жабылады, ал алынған сым арқанды қоршаулар өз орындарына қойылады және дұрыстап бекітіледі.

      25. Кемелерде борт сыртындағы суды көсіп алуға, борт сыртында швабраларды, арнайы киімді жууға, кеменің бортынан шомылуға, фальшбортқа, сым арқанды қоршауларға, кнехталарға адымдауға және отыруға тыйым салынады.

      26. Қозғалтқыштарды, қосалқы тетіктерді, электр құрылғыларды, жабдықтарды жөндеу кезінде оларға берілетін қуат көздерін айырады (немесе жетекті жүйені), ал бұл механизмдердің іске қосылатын құрылғысында және іске қосуды жүзеге асыру мүмкін болатын басқа жерлерде, (тарату қалқандары, басқару пульттері, басқару постылары, рубкалар), "Қоспаңдар – адамдар жұмыс жасап жатыр" қауіпсіздік белгісі ілінеді.

      27. Құрылғының және құбырдың барлық ыстық бөлімдері оқшауланады, май немесе басқа да жанғыш зат түсіп кетуі мүмкін орындар металл қаптамалармен жабылады. 500С астам температураға дейін қыздырылатын немесе теріс температураларға дейін салқындатылатын басқарудың барлық қолсаптары, маховиктер және басқа да органдар дұрыстап оқшауланады.

      28. Бу немесе ыстық су шығатын құбырлар мен клапандарды ашқан кезде ыстық судың ағысы астына түсіп қалмас үшін жанында тұру керек.

      29. Қауіптілігі аса қауіпті жұмыстармен байланысты жұмыстар (қазандарды, газ қалдықтарын, цистерналарды, түп аралық аралықтарды қарау) капитанның (механиктің) басшылығымен жүргізіледі.

      30. Төсеніші уақытша алынып тасталған орындар қоршалады, ал тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсіріледі. Төсеніштің алынып тасталған табақтары өздігінен оларды қозғауды болдырмас үшін жинастырылып бекітіледі.

      31. Сақтандыру кеудешелерін қолданбай сым арқан қоршаулары жоқ кемелерде палубалық жұмыстарды жүргізуге, шлюпкаларда тұруға, палубалармен жүруге тыйым салынады.

      32. Сыр бояу материалдар, бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын сұйықтықтар арнайы орында жабық ыдыста сақталады. Сыр бояу материалдар мен жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды полиэтилен және әйнек ыдыстарда сақтауға тыйым салынады.

      Жеңіл тұтанатын материалдарды машиналық бөлімде сақтауға болмайды. Жұмыс жасау орынында 0,25 литрден көп емес бензинді жабық ыдыста сақтауға рұқсат етіледі.

      33. Зиянды және газдардың жарылу қаупі туындауы мүмкін және улы заттар, сыр бояу материалдар, мұнай өнімдері және оған сәйкес, сақтаулы ғимараттар есіктерінде қауіпсіздіктің белгілері қойылуы керек. Мұндай үй-жайлардың есіктері құлыпталады, үй-жай желдетіледі.

      34. Кемелерді сұйық жанармаймен, майлармен бункерлеу, сондай-ақ кемелерден қалдық суларды және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды қабылдау тек жабық әдіспен жүргізіледі.

      35. Кемелік жұмыстарды команда құрамының адамы басқарады. Жұмыс басшысы:

      1) жұмыстардың орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      2) жұмыс жасаушыларға қауіпсіздік шаралары және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану туралы нұсқаулықтар беруге;

      3) барлық қолданылатын құралдардың, құрал-саймандардың және жеке қорғау құралдарының сенімділігін және ақаулығын тексереді;

      4) жұмыс істеушілерді жұмыс көлеміне және сипаттамасына қарай бөледі.

      36. Жарақтандыру үшін алып жүретін аккумуляторлы шамдар немесе кернеуі 12 вольт жарылуға қауіпсіз орындалудағы ауыспалы шамдар қолданылады:

      1) цистерналардағы жанар жағармай материалдарымен отын деңгейін қарау, тазалау, өлшеу кезінде;

      2) трюмдарда;

      3) лакті бояу және жанғыш газдары бар баллондарды сақтау үй-жайларында;

      4) отын булары, май және жарылысқа қауіпті газ концентрациясын жиналуы мүмкін, қозғалтқыштардың картерлерін, компрессорларды, тісті бергіштерді, тоңазытқыш машиналарын ашу және қарау кезінде.

      37. Бақылау-өлшеу құралдарының бағандарына өлшеу шыңының рұқсат етілетін белгісі көрсетілетін нақты белгілер (қызыл сызық) салынады. Техникалық құралдарға, сондай-ақ қорда тұрған бақылау өлшеу құралдары үнемі жұмыс жасап тұрады, пломба қойылады және тексеру күні қойылған таңбасы болады. Сынған, пломбасы алынған, сондай ақ тексеру мерзімі өтіп кеткен бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануға болмайды.

      38. Техникалық құралдардың барлық сақтандыру қақпақшаларын және автоматты реттеуіштерді даярлаушы зауыт белгіленген мерзімде тексеріп отырады.

      39. Барлық техникалық құралдармен басқару органдары әрекетке қосымша тұтқышпен пайдаланусыз физикалық күш салумен келтіріледі.

      40. Механизмдермен және жүйелермен басқару органдарында және қақпақшалар маховичкаларында ашу немесе жабу үшін олардың айналым бағытын көрсететін жазулары бар нұсқаулар болады.

      41. Клинкеттерді, вентильдерді, құбырларды ұзын сапты кілттермен, контркілттермен және трубалармен ашуға және жабуға тыйым салынады.

      42. Экипаждың әр мүшесі осы еңбек қауіпсіздігін және оны қорғау талаптарын және нұсқауларының бұзылғанын, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жабдықтар, жүйелер, құрылғылар мен механизмдердің ақауларын анықтаса вахта басшысына баяндауы қажет.

4. Авариялық жағдайларда еңбек қауіпсіздігі

      43. Осы Талаптардан ауытқу апатқа ұшыраған кемелерде жұмысты орындауда немесе барлық қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде авариялық-құтқару жұмыстарына қатысушыларға ғана рұқсат етіледі.

      44. Жану немесе өрт болған жағдайда қызметкерлер лезде жұмысты тоқтатады, электр құралдарын, жабдықтарды ажыратады өртке қарсы қызмет қызметкерлерін шақырады және кеме капитанына (командиріне) хабарлайды.

      45. Жазатайым жағдайларда зақымданған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шараларды қабылдайды.

      46. Әрбір жүзбелі құралда, жағалаулық өндірістік учаскеде алғашқы көрсетілетін, қол жетімді жерде медициналық көмекке арналған дәрі қобдишасы көзделеді.

      47. Егер қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамаларында көзделген тәртіпте және шарттарда келтірілген залалдың орны толтырылады.

      48. Әрбір жүзбелі құралда, жағалаулық өндірістік учаскелерде су көлігінің ұйым басшысымен бекітілген регламенттелген өртке қарсы режим, кеме дабылдарының кестесі болады.

5. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі

      49. Жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкерлер электр құралдарын және жұмыс жабдықтарын ажыратады және тоқсыздандырады.

      50. Ауыспалы жұмыс кезінде қызметкерлер жұмыс орындарын тиісті түрде тапсырады.

6. Палубалық жұмыстар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      51. Палубалық жұмыстарды атқару "Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 680 қаулысымен бекітілген Өзен көлігін техникалық пайдалану талаптарына, осы Талаптарға және құрастырушы зауыттардың кемеге орнатылған механизмдер мен құрылғылар нұсқаулығы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      52. Электр қуатын, буды, тығыздалған ауаны немесе сұйықтықты қысыммен кеменің палубалық механизмдерін және құрылғыларының әртүрлі топтарына беру, сондай-ақ энергияның тиісінше түрін беруді айыру вахта бастығының рұқсатымен немесе соның талабы бойынша жүзеге асырылады.

      53. Кеме үстіндегі механизмдер мен құрылғыларды басқаруға бекітілген экипаж мүшелері тежеуіш құрылғылардың дұрыстығы мен қауіпсіз қызмет етуіне назар аудара отырып, механизмдердің барлық түйінінің дұрыстығын тексеріп отыруға міндетті.

      54. Механизмдердің қозғалтқыш тұтқаларының қаптамалары еркін айналады (жүк көтергіш, кішкентай және басқа механизмді құрылғылар). Тұтқалардың қаптамасы желінбеу үшін жиі майланып тұрады.

      55. Кеме үстіндегі механизмдер мен құрылғылардың электр құралдарының қызметі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес орындалады.

      56. Кез-келген жағдайда, жұмыс өндірісіндегі адамның өміріне қауіпті болған жағдайда (борт сыртындағы, биіктіктегі, бекітілген кеңестік пен бөлмелердегі, дауыл кезінде кеме үстіндегі жұмыстарда) капитан (командир) жұмысшыларды олардың қауіпсіз жұмыстануларына нұсқау жасауға, қажетті құрал – жабдықтармен, сақтандырғыш және қорғану құралдарымен, жеке қорғану заттарымен қамтамасыз етуге міндетті; жұмысқа қатысушылардың қауіпсіздік ережелерін білулеріне және қорғану, сақтандырғыш құралдарын және жеке қорғану заттарын қолдануларына көз жеткізу керек; қажетті жағдайда көмек көрсету үшін жұмысшыларды қадағалап отыру керек.

7. Рульді құрылғымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету

      57. Рульді құрылғылардың барлық қозғалғыш бөліктері (рульді машиналар, белдік сымдар және штурлы арқандар, румпелді құрылғылар) адамдар жүретін орындарда алмалы-салмалы қалқандармен немесе былғары терілермен қапталады және мұқият бекітіледі.

      58. Рульді құрылғылардың тұтқаның шетінен қол қозғалтқышының дөңгелек тұтқалары шетінен тоғандармен қорғалады. Тез айналатын дөңгелек тұтқалар тоғанның сыртынан немесе арнайы тежеуіштермен тоқтатылады.

      Штурвалды дөңгелекке сүйенуге тыйым салынады.

      59. Жұмыс жасап тұрған рульді құрылғыларды сыртынан тексеру және майлау, оны қоршап тұрған қалқандар мен былғарыларын алу тек вахта бастығының рұқсатымен жүргізіледі.

      Бұл ретте рульді құрылғының қозғалыстағы бөліктеріне жақындауға болмайды.

      60. Рульдік машиналарда, белдік сымдарда немесе штурлы тежеуіштерде кемені жөндеу қажеттілігі туындаған кезде пайдалану жұмыстары басталғанша рульді машина, белдік сымдар немесе штурлы тежеуіштер жұмыс өндірісі уақытында қондырманың өздігінен ауысуынан қозғалысқа түспеу үшін қондырма секторы тоқтатылады.

      61. Қондырмаларда алдын алу жұмыстарын орындау алдындағы қажеттілік:

      1) рульдерлің (қоңдырғылардың) кездейсоқ кері оралуларына шара қолдану. Бұрылудың еспе бұранда қалағының өзгеру қажеттілігі кезінде жалпы айналыстағы құрылғылардың көмегімен вахта бастығының немесе капитанның ұйғаруымен жүргізіледі. Машина бөлімдеріне бұйрық беру үшін олар мен жұмыс орны арасында мықты байланыс орнатылады;

      2) реттеуші аралықтың бұранда қалағының тұрақтылығы жазылып отырылады;

      3) суатқыш қозғалтқышты кемелерде суатқыш қозғалтқышты рульдерді қалқаларды толық ашып және сол күйінде бекіту керек;

      4) рульдік басқару бекеттерінде реттеуші аралық және қауіпсіздік белгісінің "Қоспау – адамдар жұмыс жасауда" басты қозғауыштары ілінеді;

      5) жұмыс жасалып жатқан кемеде және көпірде құтқару жабдықтарының толық дайындығын қамтамасыз ету;

      6) қалқымалы көпірлерде жұмыс жасау кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалау, ал қажетті жағдайда көмек беру үшін кезекші тағайындалады.

      62. Плоттағы руль (қондырғылар) жанындағы жұмыстар акваторияның тыныш күйдегі жағдайында жүргізіледі; плоттағы руль жанындағы жұмыстарды тәуліктің қараңғы уақытында жүргізуге болмайды.

      63. Кемелердің руль (қондырғылар) жанындағы жұмыстар, дифферентовка жолымен, кеменің артқы жақ көтергіш немесе басқа кеме көтергіш арқылы кеме артқы жағы көтерілген бөлігі капитан басшылығымен жүргізіледі.

8. Зәкірлі құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету

      64. Зәкірлі құрылғының барлық бөлшектері, браншпилі, шпилі, тежегіш және стопорлы құрылғылар қауіпсіз және мықты жұмыс істеу керек. Зәкірді бекітетін құрылғы жектілікті мықтылықты болады және олардың тез берілуіне мүмкіндік береді.

      65. Зәкірді босату немесе көтеру жұмыстары тек вахта бастығының бұйрығы бойынша жүргізіледі.

      66. Шығырлардың бос жұмыс жасауларын алдын ала тексерместен тізбекті атанақтарды тіркеуге тыйым салынады.

      67. Шығырды басқарып тұрған адамға жұмыс уақытында басқару тұтқышынан алыс кетуге тыйым салынды.

      68. Тізбекті атанақтарды, олардың таспалы тежеуіштерге бекітілгенін анықтамай, аулақтандыруға тыйым салынады.

      69. Айлақ тұрағында таспалы тежеуіштерге бекітілгендерден бөлек зәкірлерді тастауға тыйым салынды. Зәкір-тізбектер қосымша жабдық құрылғыларымен бекітіледі.

      70. Зәкір құрылғылары төмендегідей жөндеулерді қажет етсе, кемені пайдалануға тыйым салынады:

      1) зәкір-тізбектердің буындары мен қапсырмалары ажыраса, 20% бұзылған немесе тозған, аралас жүзетін кемелерде - 10%;

      2) зәкір-тізбектерде кергіш қозғалыстағы буындар болса;

      3) зәкірлі-тізбек шығыр көздерінен немесе жабдық бекіткіштерінен тез өтіп шықса;

      4) тізбек жабдықтары, шығырдың тежеуіш құрылғылары, сондай-ақ зәкірдің дистанциялы босату түйіндері дұрыс болмаса;

      5) тұмсықтар мен жабдықтардың тозуы құрылғылардың дұрыс жұмыс жасауына қиындық тудырады;

      6) зәкірлердің дистанциялы босатылуы кезінде кедергісіз босатылуы немесе зәкір өздігінен босатылуы қамтамасыз етілмейді немесе шығару мүмкіндігі болмайды; зәкірдің дистанциялы босатылу жүйесінің жұмыс істеуін тексеру кедірлі зәкір-тізбекпен, кеме үстіндегі жабдықтармен жасалады. Егер тексеру кезінде зәкірдің кедергісіз босатылуы қамтамасыз етілмегендігі немесе өздігінен серпілуі мүмкін болса, онда дистанциялы босатылатын меңгеріктерден зәкірлі құрылғыларды қолдануға тыйым салынады.

      71. Зәкірді босату алдында:

      1) зәкірлі құрылғыларды сыртынан тексеріп және олардың дұрыстығына көз жеткізу;

      2) тізбелі босату мен винтті жабдықтарға дейін лентті тежеуіштердің дұрыстығына көз жеткізу;

      3) зәкір-тізбекті үстіңгі жабдықтардан босату;

      4) тізбекті жәшіктерде адамдардың және бөгде нәрселердің жоқтығына, зәкір - шынжырын авариялық босату құрылғыларының жөнделулеріне көз жеткізу;

      5) зәкір-тізбек бойында адамдардың және бөгде заттардың мұрын жолды қарауыл астындағы жүзбелі құралдардың жоқтығына көз жеткізу.

      72. Зәкірдің шлюпкасымен тасып жеткізу команда құрамының бір мүшесінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.

      Зәкір кішкентай қайыққа қаптама өсінді арқанмен бекітіледі. Зәкір орналасқан малынған арасында, транцевті тақтайы және зәкір арасында, сондай-ақ ағаш қайықта орналасқан айлақ арқанының ішінде тұруға болмайды.

      73. Кішкентай қайыққа кеменің бортындағы жүкті және зәкірді түсіру үш балды толқын кезінде жұлқылаусыз, қалқып, жүк көтергіш құрылғылардың көмегімен атқарылады. Кішкентай қайықта жүк түсіру кезінде жүруге тыйым салынады.

      74. Зәкірді бөрене краннан босату кезінде үстіңгі жабдықтың босатылғандығына көз жеткізу керек. Зәкірге ілінуі бөрене крандардың астында тұруға тыйым салынады.

      75. Зәкір тұмсығы жоқ, зәкірдің салмағы 50 кг дейін тартатын кіші кемелерде, зәкірді қояр алдында міндетті түрде келесіге көз жеткізу қажет:

      1) зәкір шығыры қозғалысының артқы жағы бағытталған роуьске орнатылған және оның планкасы тоқтатылған;

      2) зәкірлі арқан кеме үстінде бөліктерге жіктелген және қажетті ұзындыққа бекітілген.

      Зәкірді қолға ауыстыру кезінде ажыратылған кеме үстіндегі зәкір шығырынан жақын тұруға болмайды.

      76. Зәкірді зәкірлі құрылғыларымен таңдау кезінде:

      1) зәкір-тізбегінің қозғалысы бойында және тізбек жәшігінде адамдардың болуына, кеменің қарауылы астындағы жүзбелі заттардың болуына көз жеткізу керек;

      2) зәкір-тізбектің зәкірлі құрылғының тізбек атанағынан өту жолын және тізбектің босатқыш қозғалысын қадағалау. Тізбек қажалған жағдайда зәкірлі құрылғы жөндеуге тұру қажет;

      3) тізбекті атанақ көзіндегі қажалған зәкірлі тізбекті зәкірлі құрылғының кері айналуынан соң босату қажет;

      4) зәкірді қолды қозғалтқышпен көтеруде бағаналардың кеме үстінде дұрыс және еркін орналасуын және белдіктердің кері жүруін болдырмауды қадағалау қажет. Қолсаптар зәкір механизмі шегесінің (қол валы) бас тартуға дейін тығыз орналастырылады. Зәкірді көтеру кезінде малынған корпус денесіне және қолсаптар орнына кездейсоқ құралдарды қолдануға бірінің үстіне бірін қоюға тиым салынады;

      5) борт сыртындағы зәкірді тазарту (тежеуіштен,тізбектен және басқа да заттардан) тек жаппамен жасалады. Бұл ретте зәкірде аяқпен тұруға тиым салынады. Зәкірді тазалау жұмыстарын жүргізер алдында зәкірлі тізбек винт және тізбекті жабдықтармен бекітіледі. Зәкірді тазалағаннан кейін борт сыртында жұмыс жасаған адамдар кеме үстіне шыққан соң ғана шығырды түсіруге рұқсат етіледі;

      6) зәкірді іріктеуде шлангтің көмегімен зәкірлі тізбекті жуып тұрған кезде зәкірлі тізбектен 1 м қашықтықта жанынан тұру қажет.

      77. Егер адамдарды тізбекті жәшікке зәкірлі тізбекті тазалауға жіберу қажет болса, шығыр жұмысы тоқтатылады, ал зәкірлі тізбек лентті тежеуішке және винтті жабдыққа бекітіледі. Шығырдың түсіру құрылғысына "Қоспаңдар – адамдар жұмыс жасап жатыр" деген қауіпсіздік белгісі ілінеді. Тізбекті жәшікте және кеме үстінде арнайы қармақтардың көмегімен зәкірлі тізбекпен жұмыс жасау қажет.

      78. Зәкірді және зәкірлі тізбекті тазалау жұмыстары 1-шы штурманның (капитанның 1-ші көмекшісінің) жетекшілігімен өткізіледі.

      79. Байланған атанақтардың көмегімен зәкірді сұрыптай отырып, атанаққа кемінде үш шланг немесе зәкірлі тізбектің шынжыр арқанын қою керек. Зәкірді көтеру кезінде зәкірлі тізбек немесе шынжыр арқан сырыла бастаса, зәкірді сұрыптауды тез арада тоқтатып және атанақтағы шлагтар санын көбейту қажет.

      Тізбектің немесе шынжыр арқанның артқы жағын демеу кезінде қолды механизмнің атанағынан 1 м жақын ұстауға, сондай-ақ тізбекті немесе шынжыр арқанды түзеуге болмайды.

      80. Зәкірлерді шағын зәкірлердің көмегімен сұрыптау кезінде зәкірлі тізбекті шағын зәкір шығырлы жабдыққа немесе уақытша үзбелерде бекітілген соң сұрыпталады.

      81. Зәкірді сұрыпталуын және зәкірлі тізбекті қадағалаушы қауіпсіз орынға жайғасады және фальшборт арқылы иілмейді.

      82. Зәкірді көтерген соң, зәкірлі тізбекті лентті тежеуішке және үстінгі жабдықтарға мұқияттап бекітеді, тізбекті жұлдызшаны зәкірлі құрылғының күш бершуі қозғалтқышынан айыру қажет. Электрлі қозғалтқыш кезінде электр қозғауышын энергия көзінен айыру керек, ал қолмен қозғалту кезінде зәкірді көтерген соң тұтқалары мен малынғандар алынады және штаттық орынға қойылады.

9. Кеме қайықшаларын (қайықтарын) және құтқарушы құралдарды
пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      83. Ішкі суда жүзетін кемелер "Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6871 нөмірмен тіркелген) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларына сәйкес және жүзу кемелерін құруда құтқарушы қайықтармен штаттық орындарға орналастыратын, қолдануға тиімді және жеке құрамға белгілі, құлыптанбайтын, жөнделіп тұрған заттармен жабдықталады. Кеме қажеттілігі үшін команданың жағалауға шығуы, кемеге жағалаудан азық-түліктер әкелу және басқа да мақсаттар үшін құтқарушы қайықтарды қолдануға болмайды.

      84. Команданың жағалауға шығуы, түрлі кеме жұмыстарын орындау, тереңдікті өлшеу және басқа жұмыстар үшін кеме жұмысшы қайықтармен қамтамасыз етіледі.

      Кемеде жеке және штаттан тыс қайықтарды ұстауға тиым салынады.

      85. Жұмысшы қайықтардың борттары құтқарғыш сым арқандармен қамтылған, форштта (ең басында) жалпақ жазумен кетпейтін бояумен кеменің аты және иесі көрсетілген жазу бар.

      86. Жұмысшы қайықтың су үстіндегі борты толық жүк тиелген кезде 0,3 борт биіктігін құрайды.

      87. Құтқарушы қайықтар толық жабдықталады, қапталады және дереу қолдануға дайын тұрады. Су ағып түсу үшін тетік ашық болады, ал олардың тығындары тетікпен бірге бұралған шығыршыққа байланады.

      88. Әрбір құтқарушы қайық, оны үнемі қадағалап отыратын, қайықты күтетін кеме командасының бір мүшесіне бекітіледі және ол суға түскен соң, дабыл белгісі бойынша басқаруды жүзеге асырады.

      89. Капитан пайдалануға кемені жүргізер алдында, пайдалану кезінде айына кемінде бір рет кішкентай қайықтардың құрылғыларын, құтқарушы қайықтар мен жұмысшы қайықтардың дұрыстықтарын тексеруге міндетті.

      90. Моторлы кеме қайықтарын басқару кемені, балшық сорғыш кемені басқа да моторлы жүзу құралдарын басқаруға құқық беретін дипломдары (куәлік) бар экипаж мүшелеріне рұқсат етіледі. Қалған экипаж мүшелері қажет болған жағдайда кәсіпкерлік – кеме иесі дайындаған бағдарлама бойынша оқытудан, кәсіпкерлік жетекшісі тағайындаған комиссияға емтихан тапсырған соң, тиісті куәлік алғаннан кейін моторлы қайықты басқаруға рұқсат беріледі.

      91. Кішкентай қайықтарды суға түсіру және көтеру кезінде ауыр жүк көтеретін шығырларды, тежеуіштерді, қайықтың көтеріп-түсіретін құрылғыларын реттеулерін тексеру қажет. Ауыр жүк көтеретін шығырларда, тежеуіштерде, көтеру-түсіру құрылғыларында ақаулар немесе жөндеулер табылса, сонымен қатар, шлюп-талдар шырмалып немесе ширатылып қалса кішкентай қайықты көтеруге және түсіруге тиым салынады.

      Кішкентай қайықта авариялық-құтқару жабдықтар болмаса жолға шығуға тиым салынады.

      92. Кішкентай қайықты түсіру механикаланбаса, шлюп – талдардың бұраңда қалақтары үстіне таралып жатса кішкентай қайықтар бірқалыпты қозғалыстағы қолды шлюп-талдардың көмегімен, бұраңда қалақтарды тетік немесе үзбелер арқылы қайырумен суға түсіру.

      93. Әрбір кішкентай қайықты суға түсірер алдында қайырмалы тығынның орнын, корпусты тексеріп және ағыстың болмауына көз жеткізу қажет.

      94. Кішкентай қайықты суға түсіру және олардың борттан жүріп кетуі тек вахта бастығының рұқсатымен жасалады. Осы жұмысты орындаушыға сақтандырғыш жұмыс кеудешесі кигізіледі.

      95. Кішкентай қайықта бір адамның шығуына тиым салынады.

      96. Ерекше жағдайларда, сүйретпелі кемедегі қысқартылған команда штатында (2 адам), бір адамның қайыққа шығуына келесідей талаптарды орындаған жағдайда рұқсат етіледі: кішкентай қайыққа шығушы кеме қайықтарын пайдаланудың қауіпсіз әрекеттері бойынша және құтқарушы құралдарды қолдану бойынша нұсқау алған және міндетті түрде сақтандырғыш жұмыс желеткесін киген.

      97. Тоқтайтын діңгектері мен басқа да алдыңғы бөліктерінің қайықты түсіру аумағында сына тәрізді үлестері болады, ал ойылған аумағында қайықтарды бөгетсіз суға түсіретін және көтеру үшін бағыттаушы брустар орнатылады.

      98. Қайықты қайық құрылғыларының көмегімен қайықты толық сыйымдылығы ескірілмей түсіру-көтеру кезінде қажетті жағдайда онда екі-үш адам болады; қалғандары басқышпен түседі және көтеріледі (шторм басқышпен).

      99. Отырғызу және түсіру алдында қайықтың үлкені жолаушыларды отырғызу (түсіру) кезегін қояды, мұқият болуларын ескертіп және әрқайсына отырғызу алдында орындарын көрсетеді.

      100. Адамдарды отырғызу-түсіруге және жүктерді тиеу-түсіруге қайық тек айлаққа тоқтаған кезде ғана рұқсат етілді. Кеме бортында тұрған қайыққа түсуге, одан шлюп-талдың көмегімен көтерілуге, сонымен қатар кеменің бортынан қайыққа секіруге тиым салынады.

      101. Жүктерді және адамдарды тасымалдауды вахтаның бастығымен тағайындалған және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамаланған қайықша бойынша үлкеннің басшылығымен жүргізу керек.

      102. Жолаушылар мен жүктерді қайықтағы белгіленген жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділік нормалары артса жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, сонымен қатар жүктерді банкілерге және олардың деңгейінен асыра қоюға тыйым салынады.

      103. Бір адамның есептік салмағы 75 килограмм қабылданады.

      104. Жолаушылар қайыққа аударылуды немесе айырылуды болдырмайтындай жағдайда орналастырылады.

      105. Қайықты кеменің жүруіне түсіріп және көтерген кезде толқынды немесе таза ауада фалинді кеме үстіне жеткілікті ұзындыққа шығарып және оны мұқият бекіту қажет.

      Кемені суға түсірген кезде қайықтың алдынғы жағы суға малынады, содан артқы жағы жайлады, сосын тұмсықты шлюп-талдар түсіріледі. Алдыңғы жағын көтеру кезінде шлюп-талдар кері бағытта алынады.

      106. Қайық кеме бортынан алыстап кеткенде фалинь бауын тек қайық командирінің (қолды) бұйрығымен беріледі. Қайықтың тұмсығы тойтарыла орғытып итерілуі қажет. Қайықты кеме бортынан, айлақтан итеріп жіберуге, оларға қолмен жармасуға немесе ұстауға жол берілмейді.

      107. Қайықта тиым салынады:

      1) транцевті тақтайда және бортта отыруға, тұруға;

      2) банктерде жүруге;

      3) қайық тұрақта тұрған және ол кеме бортына жақындаған немесе алыстаған кезде планширде қолын ұстауға;

      4) қайық командирінің рұқсатынсыз орындарды ауыстыруға немесе көшіруге;

      5) румпельге бар денесімен соғылуға;

      6) егер қайық парус қоюға ыңғайлы болмаса, оған парус қою;

      7) судың жиналып қалуына;

      8) отты ашық түрде қолдануға және шылым шегуге болмайды.

      108. Дауыл кезінде қайыққа шығу тек аварияға ұшыраған кемеге, авария кезінде суға батқандарға және басқа да оқыс жағдайларда көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда рұқсат етіледі. Дауыл соғып тұрғанда қайықпен кеме бортына ық жақтан келу қажет.

      109. Қайықтың қозғалысы кеме жүрісінің шамасындағы мүмкіндігі бойынша жүзеге асады. Қайықтың жетекке алынған, зәкірлі және байлаулы арқандар аумағында қозғалуына тиым салынады. Жүзіп келе жатқан кемелермен қиысуға немесе олармен параллельді жақын қашықтықта қозғалуына тиым салынады.

      Қайықта кеме ағысымен перпендикулярлы курспен ағыс майданына қиысу керек.

      110. Қайықты кеме рөліне жетекке алу кезінде қайыққа алынады және бекітіледі, бұл ретте адамдарға қайықта болуға тиым салынады.

      111. Аспалы моторларды іске қоспас бұрын бейтарап қозғалыстағы айналу бағытын өзгерте алатын құрылғылардың орнатылуына көз жеткізу қажет. Машинаның "алға" және "артқа" айналу бағытын өзгертетін тетікті басқару органына салу кезінде реверсивті аспалы моторларды іске қосуға тиым салынады.

      112. Аспалы моторды іске қосу кезінде қолға жіберілетін бауды орауға тиым салынады.

      113. Қайықта жанғыш заттар қорын металды сыйымды ыдыста сақтап, тығынмен нығыз жабу қажет. Осы мақсатта әйнекті және пластмассалы ыдысты қолдануға тиым салынады.

      114. Моторлы қайықтың қозғалу кезінде шұғыл бұрылу ең аз жылдамдықта атқарылады.

      115. Бұлтты, қар жауғанда немесе қараңғы уақытта көрінуді шектеп отыру кезінде моторлы және еспелі қайықтарға 6 км/с жылдамдықта осы Қағидалар талаптарын сақтай отырып, қозғалуға рұқсат етіледі. Сондықтан да қайыққа 360 градус көріну жиегі бойынша дабыл алауы қондырылады.

      116. Қайықтың қабылдау орнына тойтарлы ілмек пен лақтырғыш арқанмен вахташы болуға міндетті. Қажет болған жағдайда қайыққа кеме бортына қайықтың фалиннің көтеретін лақтырғыш арқан беріледі. Адамдарды отырғызу және түсіру үшін қайықты қабылдау кеменің қисық қоршалған жерлері аз аймақта және суағар, бу шығаратын тесіктер жоқ жерде жүргізіледі.

      117. Қайықты дөңгелекті кеме бортына қабылдау тек машина тоқтап тұрған кезде қажет. Жүзіп келе жатқан кемеге қайық кеменің жүруіне қарай, ал тұрған кемеге ағысқа қарсы жүріп жақындайды.

      118. Егер қайық жүзіп келе жатқан кеме бортына, балшық сорғыш кеме және т.б. соңғылар тоқтайды, ал қозғалысты тоқтату мүмкін болмаған жағдайда, ең аз жылдамдықпен машинамен қарсы борттан қабылданады.

      119. Құрамды жетекке алатын кемеге қайықты тұмсық жағынан қабылдайды, оны артқы жағынан алуға тиым салынады.

      Құрамсыз келе жатқан кемеге немесе құрамды буксир-итермешіге қайықты артқы жағынан қабылдауға рұқсат беріледі.

      120. Қайықты кеме бортына авариялық жағдайларды қоспағанда, жүзетін учаскелер үшін қиындық тудыратын толқындардың аударылып-төңкерілуінде, жүйектер мен басқа жағдайларда қабылдауға тиым салынады.

      121. Қайықтарды қабылдау және басқыштарды орнату орындарында ұзындығы 25 метр болатын құтқарғыш шеңбері ілінеді, оған еркін жіберіледі және қабылдау кешкі уақытта жарық түсіріледі.

      122. Кішкентай қайықтарды кеме үстіне бекіту және қаптау кезінде қайық құрылғыларымен жұмыс кезінде борттын қоршалмаған аумағында жүруге болмайды.

      Кішкентай қайықтарды қаптау, кішкентай қайықтарды кемеге бекіткеннен кейін іске асырылады. Қапталған кішкентай қайықтың үстіне тұруға және қасында болуға болмайды.

      123. Борт сыртына адам құлаған жағдайда оған тез арада құтқару шарын немесе көкірекше лақтырып және қауіпсіздік кестесі бойынша әрекет жасау керек "Борт сыртында адам".

      124. Түнгі уақытта суға кеткен адамды іздеген кезде кеме прожекторының жарығы түсіріледі. Құтқару қайығына ақ алау қойылады 360 градус көрінетіндей болып.

      125. Құтқарып жатқан адамды құтқару қайығының алдынан немесе артынан көтеру керек. Егер адамды көтере алмау жағдайында тәуекелге бармай суға кеткен адамды сақтықпен ыңғайлы жерге қайықты апарып көмек жасау керек.

      126. Жеке құтқару құралдарын қарауды кеме капитаны (командирі) айына кем дегенде үш рет тексеру керек.

10. Арқандап байлап қою жұмысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету

      127. Арқандап байлап қою құралдары кеменің сенімді тұруын және басқа кемелермен соқтығысып қалуын қамтамасыз етеді.

      Айлақтағы тұрақ немесе басқа кеменің борты, айрықша ылғал ауа райы кезінде жұмсақ кранц қолданылады.

      128. Арқандап байлап қою құралдарының жеке бөлшектері (арқан, шығыр имек, ) сенімді байланады және кемені тұрақта қазықтап байлап қою кезінде қатты байлануын қамтамасыз етеді.

      129. Арқандап байлау жұмысына темір, өсімдікті және синтетикалық арқандар қолданылады. Жөнделмеген қазықтап байлап қою құралдарын қолданылуға тиым салынады, істен шыққан немесе сертификат талаптарына сай келмейтін стопорлы шынжыр, блогтар, скобалар.

      130. Темір арқандарды ширатылған, езілген жерлері бар, үзілген жерлерді арқандап байлап қоюға рұқсат етілмейді.

      131. Барлық арқандап байлау жұмыстары кеме экипажы бөлімі кезекшісінің басшылығымен жүргізіледі. Арқандап байлап қою жұмысымен айналысып жатқан экипаж мүшелері сақтандырғыш желет және қолғап киюі керек. Қазықтап байлап қою жұмысының алдында кеме желісі бойынша кезекшісінің басшысымен кеме тораптары немесе радиостанциялар арқылы байланыс орнатылады. Түнгі және қараңғы уақыттарда арқандап байлап қою жұмыстары жүргізіліп жатса ол кезде міндетті түрде прожектор жарығы түсіріледі.

      132. Арқандап байлап қою жүргізіліп жатқан кезде бөтен адамдардың болуы және арқандап байлап қою жұмысымен айналыспайтын экипаж мүшелеріне арқандап байлап қою жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болуға тиым салынады.

      133. Кемені арқандап байлап қою кезінде, кеме теңіз деңгейінен төмен айлақта және борттан төмен болған жағдайда арқанды байлау көтеріледі.

      134. Арқандап байлап қою жұмысын жүргізер алдында қазықтап қою механизмдерін іске қосуға дайындап қою керек: шынжыр барабандардан айырылып тұрғанын және тежегіште сенімді тұрғанын, зәкір шынжырының бұрандада бекітіліп тұру керек.

      135. Арқандап байлап қоюды қолмен келтіру механизмдерін тек қазықтап байлап қою механизмдерін іске асырылған кезде қолданылады, қалған уақытта штат орындарында сақталады.

      136. Қазықтап байлап қою арқандарын жағаға немесе басқа кемеге арқансыз лақтыруға болмайды. Байлап қою арқандарын лақтырған кезде "Сақтан!" деп айқайлау керек. Байлап қою арқанының ұшына рұқсат етілген жүктерді пайдалануға болады.

      Ескертпе. Байлап қою арқандарын лақтырған кезде лақтырған немесе қабылдаушы адамның арасы 1 метрден алшақ болмауы тиіс.

      137. Егер кеменің ескі винтіне арқандап немесе ескіш дөңгелегіне байлап қою арқанды құлаған жағдайда тез арада арқанның қасынан кетіп кеме бөлімі кезекшісінің басшысына тез арада хабарлау керек.

      138. Барабан арқылы байлау арқандарын тартып алу кезінде зәкірді кемеге тартып алатын шығыр орнынан кетуге болмайды.

      139. Арқандап байлап қою жұмыстары кезінде тиым салынады:

      1) байлау арқанын керген кезде немесе байлау арқанын араластырған кезде;

      2) барабан айналып жатқан кезде байлау арқанын лақтыруға немесе жинауға болмайды;

      3) фальшбортта және ұштары бекітіліп тартылған сым арқанның қасында болуға;

      4) кеменің жүрісі кезінде қолды шынжырға 1 метр жақындатып ұстауға;

      5) кнехтердің, кипті планкалардың, роульстердегі арқан бұралаң бұрыштардың ішкі жағында болу;

      6) байлау арқанын ұстаған қолдан сырғанатуға;

      7) арқандап байлау кезінде байлау арқанының үстінде жүруге және айлақта жүруге;

      8) шынжырды кеменің толық тоқтап болмайынша байлауға.

      140. Байлау арқанын фальшборттан жоғары 0,9 м немесе клюзда сақталып тұрған арнайы ілгіштер арқылы беру керек.

      141. Кемені шлюздаған кезде байлау арқанының жағдайын бақылап, қатты күштеуінен, босату керек.

      142. Кемені (кемелерді) орнату кезінде жанасты арқанды шлюпкаға қарай кіргізу керек. Арқан бухтаға кеме артқы жағында немесе ортаңғы бөлігінде болу керек. Шлюпкада екі адамнан кем емес адам болуға рұқсат етіледі. Кемеден жанасты арқанды бөшкеден кеткенше дейін жинауға болмайды.

      Бөшкеде жанасты соңы болса оның берілуі кеме палубасынан тойтарыс ілмекпен өткізу керек.

      143. Жабдықталмаған жағалауға экипаж күшімен кемені арқандап байлау кезінде, вахта басшысы кеменің тұмсық бөлігін жағалауға абайлап келтіріп, жасанды арқанды ауыстыру және бекіту уақытында қозғалыссыз күйінде машина мен рульдік құрылғының көмегімен ұстап тұрады. Бұл жағдайда арқандап байлау жұмысын екі адамнан кем емес жасайды, вахта басшысы бұйрығымен орындалады. Біреуі кемеде трапты беріп және бекітеді немесе уақытша орнатады, екіншісі жағалауға өтіп жасанды арқанды бекітеді. Егер кеме борты қазықтап байлап қою жерінен биік болған жағдайда жоғарыда айтылған жағдайларды сақтай отырып, байлау арқанын лақтыру арқылы екінші экипаж мүшесіне береді.

      144. Егер жанасты соңы жағаға байланса, айлақта немесе басқа кемеде өзінің экипаж күшімен, кезекшінің басшысы кемені тоқтатып байлау арқанын сол объектіге жақындатып ұстауы міндетті. Кеменің объектіге келмейінше борттан секіріп байлау арқанын бекітуге болмайды.

      145. Екі кемені бір-біріне арқандап байлау тек бір желіде болған және ең жай жүріс кезінде жүргізіледі.

      146. Арқандап байлау үшін берілген арқанға талаптар:

      1) палуба асты бөлмелерде кіру жолын кеспеу және конструкциялармен жабдықтарға қол тигізбеу;

      2) бір ғана бағыттаушы құрылғы арқылы өту.

      147. Байлау шынжырының соңғы ұшын бір-біріне ұшқындамас үшін ажырату керек.

      148. Шынжыр арқанды жинау тек сол орында бекітілгеннен кейін ғана, арқанның байланғаны және сол жердегі адамдардың қауіпсіздік орнына кеткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

      149. Кемені айлақ жанынан кнехтке тарту кезінде жанасты арқанның түпкі соның қолымен тартысу қосымша шлагтарды кнехтке лақтыруға қалдыру қажет. Байлау арқанын кнехтаға байлаған кезде жаймен ұстау керек.

      150. Арқанды кнехтаға немесе арқандап байлап қою тумбасына ілген кезде қолды негізгі арқаннан ұстап салу керек.

      151. Байлау арқанын кнехтаға іледі содан соң кнехтанын екі ілмегіне сегіздік етіп байлайды.

      152. Темір байлау арқандарын темір тартпа сақтаған дұрыс, арқанның соңын барабан тартпасына жіңішке жіппен байлау керек.

      153. Арқан тартпасымен жұмыс жасар алдында мыналардың дұрыстығына көз жеткізу керек:

      1) тартпадағы ленталық тежегіштің дұрыстығына;

      2) тартпадағы арқанды айналдыру қондырғысының дұрыстығына;

      154. Вьюшкаға жанасты арқанды орау және орнату кезінде өте төмен еңкеюге болмайды.

      155. Палуба бойынша керекті мөлшерде шлагтармен таратылғаннан кейін ғана бухтадан жанасты арқанды беруді болады.

      Шатасқан арқан немесе қазықшалар бар арқанды беруге сондай-ақ бухта немесе шлагтар ішінде орналасқан жанасты арқанды беру кезінде болмайды.

      156. Арқандау жұмыстарын біткеннен соң барлық артық арқандар жиналады ал, байлау механизмдері энергия көздерінен айырылады.

      157. Автоматты арқандарды серпу қауіпсіз орында жүзеге асырылады.

      Автоматты арқанды қарау үшін кемені байлау кезінде қоршаудың сыртына шығуға тиым салынады.

      158. Капронды шынжыр арқандарды қолдану кезінде олардың, шексіз созылғыштығын, тайғақтығын, жылудың әсерінен тез тозып (күн сәулесінен, жылу көздеріне жақын болуы) және үйкеліп қалатынын есте сақтау қажет.

      Капронды тежеуіштерді бекітетін арқандар орнына қолдану кезінде міндетті түрде қауіпсіздік шараларын ескере отырып, сақтау керек.

      159. Капронды шынжыр арқандардың үйкелуін азайту үшін төмендегідей талаптарды сақтау қажет:

      1) шығырдың, шынжырдың, үзбелі арқандардың, роульстердің атанақтарының жоғары жұмсақ және қылау мен тотығу;

      2) шынжыр арқанды алу кезіндегі барабанның диаметрі капронды арқанның алты диаметрінен кем болмау;

      3) блоктың тегершігінің диаметрі кемінде капронды арқаннан алты - сегіз диаметр, ал тегершіктің жалпақтығы арқанның диаметрінен 25% -ға артық;

      4) байлауда ұзақ тұрған кезде астының үйкелетін орнына төсеніш немесе олардың желкендерін тыстау қажет.

      160. Капронды шынжыр арқанды кеменің шынжырларын бекітіп ұстап тұратын жабдықтың орнына қолдануға болмайды.

      161. Капронды шынжыр арқанды байлайтын арқандардың орнына қолдану кезінде тізбекті жабдықтарды қолдануға тиым салынады.

      162. Капронды шынжыр арқандармен жұмыс істеу кезінде созылмалы шынжыр арқан серіппе секілді және бірден өз ұзындығының қалпына келуге тырысатындығын есте сақтау қажет.

      163. Капронды шынжыр арқандар тексеруге жиі түседі және ай сайын жарамсыз болады. Талшықтары үзілген, үйкелген, жарылған, ширатылған жіптердің араласқан және басқа да ақаулары бар капронды шынжыр арқандарды пайдалануға тиым салынады.

      164. Шынжыр арқанды шығырдың атанақтары немесе қақпалары арқылы алу кезінде көбірек шлагтарды қою және шынжыр арқанды қолмен атанақтан 1 м жақындатпай ұстау қажет.

      165. Шығыр мен қақпалар жұмысын басқарушы тұлға олардың шынжыр арқанды алу кезінде бірқалыпты жұмыс жасауын қадағалап, шлагтардың атанақтан босанып және ұшып кетпеуін болдырмау қажет.

      166. Тығыз толтырылған шынжырдың еріп кетуін болдырмауда шынжырды атанақтан бірте-бірте босатуға болмайды. Шынжыр шығырдың, қақпаның қозғалысында босаңсиды.

      167. Арқандау механизмдердің атанақтарына ол айналуы кезінде қосымша шлагтарды жайғастыруға болмайды.

      168. Арқандау операциясы алдында капронды шынжырлар кеменің үстіне созылады. Шынжырды орамынан шығаруға тиым салынады.

      169. Капронды бекіткіш арқанды жамаған кезде жұмысшының қолдары оттың қабырға жағында болу қажет.

      170. Синтетикалық бекіткіш шынжырлардың шлаг сандары кнехт жамалған жүк кемелері үшін жүк көтерімділігіне, тіркеп сүйреулерді-қуаттылығына, жолаушылар-судың сыйымдылығына байланысты анықталады. Кеменің жүк көтерімділігі (қуаттылығы, су сыйымдылығы) көбірек болса, сондай артықшылықта шынжырдың шлагтарын кенхтға жамау керек. Шлагтардың орташа саны 8 болу керек. Жоғарғы шлагтар созылмалы тежеуіштен жасалатын айқастармен бекітіледі.

      171. Жабдықтарды босату кезінде шынжырдың керілген жағында жүруге тиым салынады.

      172. Аспалы бортты крандармен кеме үстінде және қоршауда, қоршалмаған леердегі жұмыстар борт сыртындағы жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, орындалады.

      173. Кемеге немесе жағаға жақындаған уақытта қондырмасы бар крандарды қоршаудан салуға тиым салынады. Олар екінші үстінен салынады.

11. Тіркеп сүйреу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету

      174. Тіркеп сүйреу бойынша барлық жұмыстар вахта бастығының басшылығымен орындалады.

      175. Тіркеп сүйреу ретінде бастапқы диаметрінен 10%-ға жуығы тозған немесе тотыққан сымдары бар болат шынжырларды, олардың жалпы санынан алты диаметр ұзындықтағы 10 % айырылған сымдарды қолдануға тиым салынады. Бұл талаптар тіркеу құрылғыларының кешеніне кіретін шынжырларға да қатыстырылған.

      Тіркеп сүйреу темір ілгектер мен бөлшектерде (қадалық істік, қапсырма, жапқыш қапсырма) жарылу, сондай-ақ тіркеп сүйреу доғалар сынған болса тіркеп сүйреу шығаруға болмайды.

      176. Барлық тіркеп сүйреу қақпалардың екі жағынан, көрінетін жеріне "Тіркеп сүйреуден сақтаң!" қауіпсіздік белгісі ілінеді.

      177. Тіркеп сүйреу шынжырдың тіркеп сүйреу жүкарбаның атанағындағы ең түпкі арты қажетті жағдайда оны еркін өршітуге тез беруге болады.

      178. Кемені, тіркеп сүйреу кезінде тіркеп сүйреу ілгектің жанында, тіркеп сүйреу арқанның жұмыс істеп тұру аумағында, сондай-ақ сүйреу шығыры және ілгектің алдында орналасуға болмайды.

      179. Тіркеп сүйреу-итергіш үшін (жүк теплоходтарын) ауыр жүк құрамын қалыптастыру рейдтік флоттары порттарында (айлақ) жүргізіледі. Рейдті тіркеп сүйрегіштің команда мүшелері мен рейд капитандары құрамдарды қалыптастыру кезінде сақтандырғыш жұмыс желеткелерімен жұмыс жасайды.

      180. Тіркеп сүйреуден (итергіш) өту үшін баржаны тіркеп сүйреу (итергіш) экипаж командасыз қызмет көрсету кезінде баржада тіркеп сүйреуден баржаға екі жақты леерлік қоршау өтпелі басқышы бекітіледі. Командасыз баржада арқандап байлау мен зәкірді көтеру және қайтару бойынша жұмыстарды орындайтын экипаж құрамдары жұмысшыларды сақтандыру кеудешелермен жұмыс жасайды. Тіркеп сүйреудің (итергіш) вахтасының бастығы осы орындалған жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және бақылайды.

      181. Тіркеп сүйрегіш шынжырлардың қауіпті борттық созылуы пайда болатын кезіндегі оңтайлы орындауларда басқа да сақтану шараларының қатарында осы Қағидаларында көрсетілген кеме ені шегінде соңғы тіркеп сүйрегіш арқаларда тіркеп сүйреу шынжырларды ұстап тұратын шектеу құрылғыларын қолдануды ұсынады. Құрылғы тіркеп сүйрегіш шынжырдың темір ілгектен немесе тіркеп сүйрегішінің жүкарбасынан еркін босатылуына кедергі болмайды.

      182. Тіркеп сүйреу шынжырды қолмен беру және алу кезінде борт пен шынжырдың шынжыр берілетін немесе алынатын арада жүруге тиым салынады. Ауыр тіркеп сүйреу шынжырды өткізгішпен берген дұрыс.

      183. Тіркеп сүйрегіш арқанын гакқа орнатуды тығыз бекітілген арқан кезінде тез және қауіпсіз берілуі қамтамасыз етілуіне сай жүргізілу керек. Тіркеп сүйрегіш арқанды гакқа орнатқан кезде оның шетінде тұру керек.

      184. Барлық сүйретілген кемелер толық шыққанда, олардың зәкірлері және жанасты арқандары таңдалып және бекітіліп, сүйретілген кемелерді байланыстыратын арқандары тартылып және растайтын дабыл берілгенін құрылым қозғалысын бастайды.

      185. Тіркеп сүйрегіш шынжырдың шоқырын салу мен алуға тек шынжыр әлсізденген кезде рұқсат етіледі. Шоқырды (әлсізденген) өршітуді жұлқусыз істеу қажет. Қақпадағы шоқырды тіркеп сүйрегіш шынжырға салу кезінде адам тіркеп сүйрегіш шынжыр ауыса алатын горизонталды жазықтықтан төмен жүруі қажет.

      Адамдарға тіркеп сүйрегіш шынжырдың шоқыры жиналып және буксирлеу басталған соң кеменің артында жүруге болмайды.

      186. Кеме қозғалысы кезінде тіркеп сүйрегіш шынжырды борттан қақпаға көтеруге болмайды; тіркеп сүйрегіш шынжырды борттан қақпаға кеме қозғалмай тұрған кезде көтереді. Тіркеп сүйрегіш шынжырды борттан қақпаға көтеру кезінде жұмысшыларға борт пен көтеріліп жатқан тіркеп сүйрегіштің арасында жүруге тиым салынады.

      187. Тіркеп сүйрегіш темір ілгектен босату кезінде жұмысшыларға тіркеп сүйрегіштің қақпадан кеменің тиісті бортына аударылып жатырғандығын ескерту қажет. Тіркеп сүйрегіш қолға аударып жатырғанда аударудың қарсы жағында тұру қажет.

      Тіркеп сүйрегіш шынжырды босату кезінде тіркеп сүйрегіш қақпаның астында тұруға болмайды.

      188. Тіркеп сүйрегіш шынжырды қолға алу кезінде вахта басшысы шынжырдың алу немесе өшіктіру жылдамдығын бұзбайтындай кеменің мүлде жай қозғалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте ол жұмысшылар мен шынжырдың жағдайын үнемі қадағалап отыруы қажет.

      189. Тіркеп сүйреуді аяқталған соң, барлық шынжырларды өзінің штаттық орнына салу керек.

12. Қауіпті және палубалық жүктерді тасымалдау бойынша
қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      190. Қауіпті жүктерді тасымалдау, тиеу 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады:

      1) "Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 27 мамырдағы № 517;

      2) "Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643;

      3) "Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839;

      191. Қауіпті шығындарды меншіктенушілер немесе сондай шығындармен айналысуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық - құқықтық жауапкершіліктері "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.

      192. Қауіпті жүктерді тасымалдауға қабылдауға дейін жүк жіберуші нысан бойынша өтініш жазады, өтініште жүк жіберуші жүкті тиеу, түсіру және жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, арнайы киімдер мен қорғану құралдарын қолдану, ыдыстардың (қапталғандар) бұзылуын, ішіндегілерінің ұсақталуын және ағып кетулерін болдырмау, қауіпті жүк төгілген немесе құйылған орынды зарарсыздандыру, сондай-ақ жүк тасымалдаудың қауіпсіздігі үшін радиактивті ластану жағдайларында адамдарды, орын мен жүктерді қатерсіздендіру бойынша жеткілікті нұсқау береді.

      Жүк жіберушінің өтініші жүкпен бірге белгіленген жерге дейін барады.

      193. Команда құрамы кемеге қауіпті жүкті қабылдар алдында порт әкімшілігі мен жүк жіберушілерден жүктің ерекшілігі, қауіпсіздік ережелері, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережесі туралы нұсқаулық алады.

      194. Кеме командасына қауіпті жүкті тасымалдау алдындағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықты 1-ші штурман (капитанның 1-ші көмекшісі), ал машина командасына механик өткізеді.

      195. 1-ші штурман (капитанның 1-ші көмекшісі) кемеге тиеліп жатқан қауіпті жүктердің бумалары (қаптары) және ыдыстары келесі талаптарға сай болуын қарайды:

      1) қауіпті жүктер стандарттарға немесе техникалық талаптарға сай және жүкті тиеу, тасымалдау және түсіру кезіндегі қауіпсіздікке кепілді сапалы, мықты, таза және дұрыс қаптар мен ыдыстарда қапталады немесе салынады;

      2) әйнек немесе басқа да материалды қауіпті сұйық заттарды (шөлектер, баллондар, канистрлар, құмыралар, битондар, бөшкелер, бактер және т.б.)тасымалдауға арналған ыдыстар, олардың бітеулігін, заттардың көлікке тиеу кезінде ағып кетпеуін (құйылып, тасып) қамтамасыз ететін жақсы тығыздалған тығындармен жабылады;

      3) шөлмектерде және басқа да әйнек немесе керамикалық ыдыстардағы қауіпті сұйық заттар ағаш жәшіктерде, торларда немесе еркін кеңістікті борпылдақ орама материалдармен толтырылған қоржындарда салынады.

      196. Қауіпті жүктер дұрыс қапталмаса, ыдыста уатылып немесе ағып кетпеуі үшін, бекітілген стандартқа сай емес (техникалық талаптарға) және маркілері қойылмаса тасымалдауға қабылдауға тиым салынады.

      197. Қауіпті жүктерді қайта тиеу жұмыстары кезінде кемеге жақындап келіп, арқандап байлауға тиым салынады.

      198. Қауіпті жүктерді тиеп болған соң, аралық,сөккіш, бағандар мен сыналардың көмегімен бекіту қажет. Жарылу қауіпі бар жүктерді астынғы бөлімдер мен кеме үстінде орнату ұшқындамайтын құралдардың көмегімен атқарылады.

      199. 1-ші штурман қауіпті жүктерді бортқа қабылдауда (газдың иісін, улы заттардың ағып кетуін мезгілінде табу және т.б.) бақылауға және қажетті жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      200. Тасымалдау кезінде арнайы қадағалауды қажет ететін қауіпті жүктерді тасымалданатын жүктің ерекшелігін жақсы білетін жүк жіберушінің жол серігі бастап алып жүреді.

      201. Жарылуға қауіпті қоспа бар және улы булар бөлетін жүктерді, сонымен қатар, тұтанғыш және жанғыш заттарды тасымалдау кезінде жүк қоятын астыңғы бөлімдер мұқият желдетіледі.

      202. Жүктердің ыдыстары бұзылған немесе айрықша иістерді және қауіпті, ауада зиянды және қауіпті қоспалардың пайда болуы кезінде астыңғы бөлімдер ашылып, желдетіледі. Ауада қауіпті иістердің жоқтығы анықталғаннан кейін және осы Қағидада көрсетілген шараларды сақтай отырып, адамдар астыңғы бөлімге жіберіледі.

      203. Егер тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде қауіпті жүктердің бір бөлігі радиоактивті заттармен шашылған, төгілген немесе ластанған болса, онда жүктің ерекшелігіне қарай, анық тобына сәйкес:

      1) шашылған қауіпті жүкті ағаш күрекпен ағаш жәшікке жинап алып, оны қауіпсіз жерге шығару қажет, ал төгілген қауіпті затқа құм себіп жою қажет;

      2) жүк иесін немесе оның жолсерігін, олар болмаған жағдайда, экологиялық қауіпсіздікке жауапты (эколог, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор) санитарлық бақылау органы мен әскери күзет өкілдерін және қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығын қауіпті жүк шашылған немесе төгілген зарарсыздандырған орынды көрсетуге апарады;

      3) радиоактивті заттармен ластанғандарды жоюға тез арада шара қолдану;

      4) қауіпті заттар шашылған немесе төгілген жерлерде жүруге тиым салу.

      204. Жүкті сақтауға мүмкін болмаған немесе жүк адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе кеме немесе басқа жүгі барлар кеменің өзендер мен арықтарда жүру жолында жағалауларға түсіріліп, зиянсыздандырады, ал теңіз, көл немесе бөгендерде жүру жолында осылай жағалауға түсіріп және зиянсыздандырады, болмаған жағдайда, борт сыртына шығар тасталады және оның орнын шектеледі (кез-келген жағдайда жағалауға түсіруге және зиянсыздандыруға жататын улы және радиоактивті заттар шыққаны үшін.

      205. Кемеде қауіпті жүгі бар ыдысты ашуға тиым салынады. Ыдысты тек жүк жіберушінің жазбаша түрдегі рұқсат хатымен және оның көрсеткен барлық қауіпсіздік шараларын қабылдағаннан кейін түзетуге болады.

      206. Қауіпті жүк ішінде бос ыдыстар жүк жіберуші ыдысты лас қалдықтардан толық босатқаннан соң, сонымен қатар оның ішін және сыртын тазалағасын тасымалдауға қабылданады.

      207. Қауіпті жүктермен авариялық жұмыстарды орындаушы тиісті қорғану киімдерімен және қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталады.

      208. Қауіпті жүктерді түсіргеннен кейін, трюмдер (астыңғы бөлімдер) әкелінген жүктердің қалдықтарынан мұқият тазартылады, жуылады, қажет болған жағдайда зиянсыздырылады. Бұл жұмысты санитарлық бақылау өкілінің қадағалауымен өткізеді.

      Қауіпті жүктермен жұмысты аяқтағаннан кейін барлық жұмысшылар санитарлық тексерістен өтеді.

      209. Кемеде үнемі қауіпті жүктерді тасымалдайтын авариялық құтқару командасының мүшелері қауіпті жүктермен авариялық құтқару жұмыстарының әдіс-тәсілдері бойынша оқыту және білімдерін тексеру курстарынан өтіп, тиісті куәлік алады.

      210. Тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылған тәсілі салағы 20 килограммнан жоғары жүктер үшін, сондай-ақ 3 метрден жоғары биіктікке жүкті көтерген кезде міндетті болып табылады.

13. Жағалаудағы өндірістік учаскеде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету

      211. Кірмежолдары және ғимаратқа кірмежолын, жағалау өндіруші аумағына еркін кірумен қамтамасыз етіледі. Өрт инвентарына, қосымша есік және сыртқы өрт баспалдағына қолжетімді, сондай-ақ түнгі уақытта жарықтандырылған.

      212. Жағалаудағы өндірістік аумағы участкесінде тазалық сақталып, жүйелі түрде қоқыстан тазартылып отырады. Қыста қардан және мұздан уақтылы тазаланады және құммен немесе шлакпен себіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады