"Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 113-2064 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 797 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 113-318 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Астана қаласының коммуналдық мүлкін тиімді басқаруды және иелік етуді арттыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 1 тамызында № 404 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 тамыздағы № 112 «Астана хабары», 2005 жылғы 11 тамыздағы № 122 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына және «Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімдік басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген интернет-ресурстарда және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3.зОсы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов басшысы Р. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады