«Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қазандағы № А-9/389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/28 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпанда № 3650 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.06.2013 № А-5/225 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қазандағы № А-9/389 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3411 болып тіркелген, «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылғы 12 маусымда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың екінші және бесінші азат жолдары алынып тасталсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік атестаттау», «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметтердің регламенттері алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады