Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № А-13/579 «Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/136 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 мамырда № 3729 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № А-5/225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.06.2013 № А-5/225 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № А-13/579 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3588 болып тіркелген, "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде 2013 жылғы 29 қаңтарда жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 1)2)3)4) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының әрекеті 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Айтмұхаметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады