Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қыркүйекте № 3804 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.04.2016 № С-2/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұсынылған әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары бекiтілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық

мәслихатының 19 кезекті

сессияның төрағасы
Ә.Жақсылықов
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық

мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көкшетау қаласы әкімінің м.а. М.Әубәкіров

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ С-19/4 шешімімен бекітілді

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша қала әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган;
      7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 16.02.2015 № С-34/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы Қағидалар Көкшетау қаласы аумағында және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органдардың мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
      6. Әлеуметтік көмек:
      1) ақшалай нысанда алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы;
      2) заттай нысанда көрсетіледі.
      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) кезеңімен (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) ұсынылады.
      8. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:
      1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерді шығарған күні;
      2) 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
      3) 26 сәуір - Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күні;
      4) 9 мамыр - Жеңiс күнi;
      5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
      6) 1 маусым - Балаларды қорғау күнi;
      7) 1 қазан - Қарттар күнi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 22.09.2015 № С-41/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Алушылар санатының тiзбесiн, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерiн, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерiн жергілікті атқарушы органдар белгiлейдi және жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен бекiтiледi.
      10. Өмірлік қиын жағдай туындағанда келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      Көкшетау қаласында, Станционный кентінде, Красный Яр селосында, Чайкино кентінде тұрақты тұратын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), азаматтардың өтініші бойынша жылына бір рет отбасының бір мүшесіне:
      - балаларды ұстауға, 1 қыркүйекке мектепке дайындауға әр балаға 5 айлық есептік көрсеткіш;
      - балаларды сауықтыруға мемлекеттік сатып алуды өткізу жолымен жолдама сатып алу;
      - күндізгі бөлімде оқитын колледж студенттерінің оқуы үшін төлеміне оқу құнының мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
      2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға байланысты, табысын есепке алмай, жылына бір рет:
      - туберкулез ауруларымен ауыратын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдарға әлеуметтік төлемдер бойынша комиссия шешімімен табысы есепке алынбастан, Ақмола облыстық тубдиспансерінің тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе үш ай бойы азық-түлік жиынтығын және емделген кезде қала бойынша жүріп тұруға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде соманы;
      жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлар анықталғанда, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, апат, лаңкестік жағдайында бөлінген қаражатқа байланысты;
      3) 1, 2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне сауықтыру үшін өтініштің берілген күніне сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізіп, кезек бойынша;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындары үшін 100 пайыз мөлшерінде, ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен:
      сумен, канализация, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына;
      байланыс қызметтерін (абоненттік төлем), газбен жабдықтауға алушылардың шотына.
      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысқа қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай бір шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына аударылады.
      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын немесе тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі;
      5) отбасының жанбасына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға жолақы құжаттарының негізінде (ары-бері жүруіне) Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жолақы құнын 100 пайыз төлеу;
      7) Көкшетау қаласындағы медициналық мекемелерімен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курстарында оқитын студенттерінің оқуы үшін төлемді ұсынылған шотқа сәйкес 100 пайыз төлеу;
      8) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына және өткізілген конкурсқа сәйкес ұсынылған атқарылған жұмыс актісіне және төлем туралы шотқа сәйкес химиятерапиядан өткен, туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға мектеп асханаларына ақша қаражатын аудару арқылы құны 300 теңгеге ыстық тамақ ұйымдастыруға;
      9) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілгенге, 18 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы отбасыларға, жан басына шаққан табысы кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған отбасыларға Қазақстан Республикасының "Теледидар жүргізу туралы" 2012 жылдың 18 қаңтарындағы Заңының 42 бабының 9 тармағына сәйкес теледидар абоненттік жабдықпен қамтамасыздандыру үшін жабдықтың құны мөлшерінде өтініш бойынша көмек көрсету;
      10) көру бойынша 2 топ мүгедектеріне қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін жылына бір рет 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге мөлшерінде көрсетіледі;
      11) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Көкшетау қаласында жұмыспен өтеу есебімен. Төлем оқу құнының 100% мөлшерінде білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 21.11.2013 № С-21/4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № С-32/6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.09.2015 № С-41/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      11. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) жергiлiктi өкiлдi органдар ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн негiздемелердiң түпкiлiктi тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.
      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың жергілікті атқарушы органымен келісімі бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленедi.
      13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Әлеуметтік көмек алу үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала,село, кент әкіміне:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;
      2) мекенжай анықтамасын;
      3) Үлгiлiк қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) отбасы мүшелерінің (азаматтың) табысы туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні не басқа да құжаттарды өтінішке қоса ұсынады.
      15. Құжаттардың салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      16. Өмірлік қиын жағдаймен байланысты әлеуметтік көмек беруге өтініш түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, село әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда уәкілетті орган тиісті органдардан әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратады.
      19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректерінің негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы табысының есептеулерін жүргізеді және арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мөлшері көрсетілген әлеуметтік көмек тағайындау туралы қорытындыны шығарады.
      22. Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар және арнайы комиссияның әлеуметтік көмек тағайындау туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 18 және 19 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      23. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартылған жағдайда-негіздемесі көрсетіліп) өтініш берушіні хабардар етеді.
      24. Бір негіздеме бойынша әлеуметтік көмек бір күнтізбелік жылда қайта тағайындалмайды.
      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Әлеуметтік көмек көрсетуді тоқтату және қайтару негіздемелері

      27. Әлеуметтік көмек:
      1) өтініш беруші қайтыс болған;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тұрақты тұруға кеткен;
      3) өтініш берушіні мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) жалған мәліметтер анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. 29. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингілеуді және есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау

Решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 27 августа 2013 года № С-19/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 17 сентября 2013 года № 3804. Утратило силу решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 26 апреля 2016 года № С-2/7

      Сноска. Утратило силу решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 26.04.2016 № С-2/7 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Председатель
19-ой очередной сессии

Кокшетауского городского
маслихата пятого созыва
А.Жаксылыков
      Секретарь
Кокшетауского городского
маслихата пятого созыва
Б.Бегалин

      "СОГЛАСОВАНО"
      И.о. акима города Кокшетау М.Аубакиров

  Утверждено
решением Кокшетауского
городского маслихата
от 27 августа 2013 года
№ С-19/4

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Кокшетау

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:
      1) памятные даты - события, имеющие общенародное историческое, духовное и культурное значение, и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима города по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) центральный исполнительный орган - государственный орган, обеспечивающий реализацию государственной политики в сфере социальной защиты населения;
      7) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      8) уполномоченный орган - исполнительный орган города в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      9) уполномоченная организация - Республиканское государственное казенное предприятие "Государственный центр по выплате пенсий Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан";
      10) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акима города для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      11) предельный размер - утвержденный максимальный размер оказания социальной помощи.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решением Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 16.02.2015 № С-34/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории города Кокшетау и соответствующей административно-территориальной единицы.
      4. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      5. Лицам, указанным в статье 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" и в статье 16 Закона Республики Казахстан 13 апреля 2005 "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.
      6. Социальная помощь предоставляется:
      1) в денежной форме через банки второго уровня или территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта" путем перечисления на счета получателя;
      2) в натуральной форме.
      7. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, ежеквартально, 1 раз в полугодие).
      8. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:
      1) 15 февраля - День вывода войск из Афганистана;
      2) 8 Марта – Международный женский день;
      3) 26 апреля – День памяти участникам и инвалидам ликвидации аварии на Чернобыльской атомной электростанции;
      4) 9 мая – День Победы;
      5) 31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода;
      6) 1 июня – День защиты детей;
      7) 1 октября – День пожилых.
      Сноска. Пункт 8 - в редакции решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 22.09.2015 № С-41/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      9. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, а также при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара сроки обращения за социальной помощью устанавливается местным исполнительным органом и утверждается решением местного представительного органа.
      10. В трудной жизненной ситуации социальная помощь оказывается следующим категориям граждан:
      1) семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Кокшетау, поселке Станционный, селе Красный яр, поселке Чайкино, с доходом ниже прожиточного минимума по заявлению граждан один раз в год одному члену семьи:
      - на содержание детей, на подготовку к школе к 1 сентября в размере 5 месячных расчетных показателей на каждого ребенка;
      - на оздоровление детей один раз в год в виде путевок, приобретенных путем проведения государственных закупок;
      - на оказание социальной помощи студентам колледжа, обучающимся на очном отделении, на оплату за обучение в размере стоимости обучения;
      2) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающимся в экстренной социальной поддержке без учета дохода один раз в год одному члену семьи:
      - туберкулезным больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, на основании списка Акмолинского областного тубдиспансера - без учета дохода в размере 15 месячных расчетных показателей или продуктовый набор и проезд по городу на период лечения на сумму в размере 15 месячных расчетных показателей в течение трех месяцев по решению комиссии по социальным выплатам;
      - семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной социальной поддержке, в исключительных случаях, таких как пожар, наводнение, другое стихийное бедствие природного или техногенного характера – в размере 30 месячных расчетных показателей;
      3) инвалидам 1, 2 и 3 групп, участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним, другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны, лицам, которым установлен стаж работы в тылу не менее 6 месяцев в период с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, ветеранам труда, Героям социалистического труда для оздоровления путевки, приобретаемые путем проведения государственных закупок, в порядке очередности согласно даты подачи заявлений;
      4) ) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за коммунальные услуги в размере 100 процентов ежемесячно за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета:
      за водоснабжение, канализацию, теплоснабжение, мусороудаление, электроснабжение, согласно реестров, предоставленных поставщиками услуг на счета услугодателей по заявлению получателя;
      услуги связи (абонентская плата), газоснабжение на лицевые счета получателей.
      По выбору получателя социальной помощи расходы на твердое топливо в период отопительного сезона возмещаются согласно занимаемой площади по месту фактического проживания участника или инвалида Великой Отечественной войны, путем перечисления на лицевые счета получателей из расчета расхода угля на отопление 1 квадратного метра площади для жилых зданий 1-2 этажной постройки в размере 49,75 килограмма, или согласно предоставленных квитанции на приобретение твердого топлива.
      Социальная помощь предоставляется и на совместно проживающих и прописанных с ними членов семьи, на которых льготы распространяются до тех пор, пока ими пользуется участник Великой Отечественной войны;
      5) пенсионерам на платную операцию, не имеющую бесплатной альтернативы на территории Акмолинской области, и онкологическим больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, со среднедушевым совокупным доходом не более 17 месячных расчетных показателей - в размере 15 месячных расчетных показателей, один раз в год;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним, другим категориям лиц, приравненным по льготам и гарантиям к участникам войны, а также лицам, пострадавшим в зоне Семипалатинского ядерного полигона, за проезд на госпитализацию по территории Республики Казахстан - единовременно, в размере 100 процентов от стоимости проезда железнодорожным (плацкартный вагон), автомобильным пассажирским транспортом (кроме такси) от станции отправления одного из видов указанных транспортных средств до места госпитализации;
      7) студентам, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях, заключившим договор о трудоустройстве с государственными медицинскими учреждениями города Кокшетау после окончания учебы, на оплату за последний курс обучения в размере 100 %;
      8) детям школьного возраста, инфицированных туберкулезом, проходившим химиотерапию, и туберкулезно контактным детям по спискам туберкулезного диспансера путем перечисления денежных средств, согласно Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" и проведенного конкурса, на организацию горячего питания стоимостью 300 тенге, согласно представленного счета об оплате и акта выполненных работ;
      9) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним по льготам и гарантиям, многодетным семьям, имеющим 4 детей до 18 лет и малообеспеченным семьям, проживающим со среднедушевым доходом ниже черты бедности, единовременная помощь для обеспечения телевизионными абонентскими приставками, в соответствии с пунктом 9 статьи 42 Закона Республики Казахстан от 18 января 2012 года "О телерадиовещании" в размере стоимости;
      10) инвалидам 2 группы по зрению за проезд в городском общественном транспорте оказывается один раз в год в размере 8640 (восемь тысяч шестьсот сорок) тенге;
      11) студентам обучающимся в высших медицинских учебных заведениях с учетом отработки в городе Кокшетау. Выплаты производить в размере 100 % от стоимости обучения на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, договором о трудоустройстве между студентом и государственными медицинскими учреждениями города Кокшетау, справки с места учебы и справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к малообеспеченным гражданам, либо к социально - уязвимым слоям населения."
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными решениями Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 21.11.2013 № С-21/4 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 24.12.2014 № С-32/6 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 22.09.2015 № С-41/5 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      11. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местным представительным органом в кратном отношении к прожиточному минимуму.
      Окончательный перечень оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся и проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается местным представительным органом.
      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местным представительным органом перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.
      12. К памятным датам и праздничным дням размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере по согласованию с местным исполнительным органом области.
      13. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

3. Порядок оказания социальной помощи

      14. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму города, села, поселка предоставляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) адресная справка;
      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      15. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      16. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким поселка села в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      17. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа.
      Аким поселка, села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      18. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      19. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      20. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      21. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      22. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 18 и 19 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.
      23. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      24. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      25. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи), установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи;
      26. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города республиканского значения, столицы, района (города областного значения) на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      27. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      28. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      29. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".