Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 қарашадағы № С-21/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаметінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда № 3931 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.04.2016 № С-2/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы С-19/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      10 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "8) химиятерапиядан өткен туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға, ақша қаражатын аудару арқылы, туберкулез диспансерінің тізімдері бойынша, ұсынылған төлем туралы шотқа және атқарылған жұмыс актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес өткізілген конкурс нәтижесі бойынша, құны 300 теңгеге тең ыстық тамақ ұйымдастыруға;".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      21 кезектен тыс сессияның
төрағасы, бесінші шақырылған
хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көкшетау қаласының әкімі Ж.Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады