Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № С-41/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қазанда № 5015 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.04.2016 № С-2/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Көкшетау" газетінде және 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      8 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "8. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:
      1) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерді шығарған күні;
      2) 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
      3) 26 сәуір - Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күні;
      4) 9 мамыр - Жеңiс күнi;
      5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
      6) 1 маусым - Балаларды қорғау күнi;
      7) 1 қазан - Қарттар күнi.";
      10 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Көкшетау қаласында жұмыспен өтеу есебімен. Төлем оқу құнының 100% мөлшерінде білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде жүргізіледі.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бесінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының 41-ші
кезектен тыс сессиясының төрағасы
С.Рахымжанов
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық

мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев

      2015 жылғы "22" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады