Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтосандағы № С-32/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 4605 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № С-2/7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 26.04.2016 № С-2/7 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Көкшетау қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Көкшетау" газетінде және 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      2 тараудың 10 тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға байланысты, табысын есепке алмай, жылына бір рет:
      - туберкулез ауруларымен ауыратын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдарға әлеуметтік төлемдер бойынша комиссия шешімімен табысы есепке алынбастан, Ақмола облыстық тубдиспансерінің тізімі негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе үш ай бойы азық-түлік жиынтығын және емделген кезде қала бойынша жүріп тұруға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде соманы;
      жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлар анықталғанда, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, апат, лаңкестік жағдайында бөлінген қаражатқа байланысты.";
      10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "5) отбасының жанбасына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
      10 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "8) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына және өткізілген конкурсқа сәйкес ұсынылған атқарылған жұмыс актісіне және төлем туралы шотқа сәйкес химиятерапиядан өткен, туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға мектеп асханаларына ақша қаражатын аудару арқылы құны 300 теңгеге ыстық тамақ ұйымдастыруға.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бесінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының
32-ші
кезекті сессияның
төрағасы
Р.Калишев
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көкшетау қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
А.Смайылов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады