2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 тамыздағы № С-19/4 "Көкшетау қаласының жекелеген санаттарындағы мұқтаж азаматтарының тізбесін анықтау, мөлшерін белгілеу және әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Көкшетау" газетінде және 2013 жылғы 19 қыркүйекте "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тараудың 2 тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 34–ші кезектен тыс сессиясының төрағасы |
А.Аузаров |
Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Бегалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2015 жылғы "_____" ақпан