Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № А-9/185 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 қыркүйекте № 3812 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № а-2/27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 17.02.2016 № а-2/27 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары З.К. Жұматоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады