Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 6С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | В.Камышанский |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
Жарқайың аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешімімен бекітілген |
Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарқайың ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемелекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Жарқайың аудандық бөлімшесі;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 30.03.2015 № 5С-40/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 6С-3/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2016 № 6С-7/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне жергілікті атқарушы органмен ақшалай нысанда ұсынылатын көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының шоттарына аудару арқылы ұсынылады.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күні;
2) 1 қазан – Қарт адамдар күні;
3) қазанның екінші жексенбісі – Мүгедектер күні.
8. Осы Қағидалар Жарқайың ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
2. Санатттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері
9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға;
онкологиялық ауруларға;
туберкулез ауруларына;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы, орташа табыстың бар болуы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 6С-3/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;
2) Қарттар күніне:
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын тұлғаларға;
3) Мүгедектер күніне:
1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға.
11. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық стационарда арнайы ем алудан өткен өтініш бойынша онкологиялық ауруларға - азаматтың (отбасының) жан басына шыққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
"Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауратын адамдарға ем алу үшін – азаматтың (отбасының) жан басына шыққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен жағдайда азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алмай, оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей берген өтініштері бойынша азаматтарға (отбасыларға) - 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
- шұғыл емделуге (операция жасауға);
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 6С-3/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.04.2017 № 6С-10/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.12. Өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын жүз пайыз мөлшерінде:
коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеу шығындары өтініш берушінің түбіртек көшірмесіне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары өтініш берушінің берген түбіртек көшірмесіне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға коммуналдық қызмет шығынын төлеуге - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 19.02.2014 № 5С-31/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.13. Ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 19.02.2014 № 5С-31/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.13-1. Жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгідетері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге - "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарттың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама және көрсетілген топқа жататындығын растайтын анықтама негізінде өтініш бойынша жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде төленеді.
Ескерту. Қағидалары 13-1-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 6C-3/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.14. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
15. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Жарқайың ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
18. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3–қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
26. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
27. Алынып тасталды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 6C-3/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.28. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
29. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жарқайың ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату
және қайтару үшін негіздемелер
30. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болған;
2) Жарқайың ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
31. Артық төленген сома өз еркімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы тәртібімен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
32. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.