"Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 4757 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 6С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Целинное знамя" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық бөлімшесі;".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
В.Виничук
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      30.03.2015

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады