"Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда № 5361 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 26.03.2018 № 6С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Целинное знамя" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
      2 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаментінің Жарқайың аудандық бөлімшесі;";
      9 тармақтың 11 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге.";
      11 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "ауру тарихының көшірмесі негізінде онкологиялық стационарда арнайы ем алудан өткен өтініш бойынша онкологиялық ауруларға - азаматтың (отбасының) жан басына шыққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      11 тармақтың 3 абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      ""Жарқайың ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу үшін - азаматтың (отбасының) жан басына шыққандағы орташа табысын есепке алмағанда, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
      "Жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгідетері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге - "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, студент және жұмыс беруші арасындағы шарттың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама және көрсетілген топқа жататындығын растайтын анықтама негізінде өтініш бойынша жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде төленеді.";
      27 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ж.Мыңбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      25.04.2016

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады