Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 6С-52/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ж.Мыңбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ұ.Ахметова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жарқайың ауданының әкімі |
М.Балпан |
26.02.2018
Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешімімен бекітілген |
Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарқайың ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 22.10.2018 № 6С-29/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай – ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.6.Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
4) 1 қазан - Қарттар күні;
5) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Осы қағидалар Жарқайың ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
2 Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың атауына өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың өзге де санаттарына;
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышымен);
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күн көріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Әлеуметтік көмек белгіленеді:
Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерде:
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы адамдарға;
Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың өзге де санаттарына;
Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;
Қарттар күніне:
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға;
Мүгедектер күніне:
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға, азамат (отбасы) кірісіне қарамастан беріледі:
"Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Жарқайың аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдары есебінде тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышымен) - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасыға), оқиға болғаннан кейін үш айдан кешіктірмей - 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге оқуын төлеуге арналған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет жылдық құнының жүз пайыздық мөлшерінде;
жоғары медициналық оқу мекемелерінде оқитын жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектері бар отбасылар, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан студенттерге – "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арасындағы шарттың, оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама және көрсетілген топқа жататындығын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет оқудың шығынын өтеуге жүз пайыз мөлшерінде төленеді;
күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға) - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
- шұғыл емделуге (операция жасауға);
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, қалалық және ауданаралық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүретінін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда 100% мөлшерінде, қалалық және ауданаралық жолаушылар көлігі бағыттарында жол жүруге шығындарды өтеу үшін.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 28.05.2019 № 6С-39/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде әлеуметтік көмек өтініш берусіз көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын жүз пайыз мөлшерінде:
коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеу шығындары өтініш берушінің түбіртек көшірмесіне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары немесе мүгедектеріне нақты тұрғылықты орыны бойынша алатын алаңына сәйкес жылу беру маусымы кезеңінде қатты отын шығындары өтініш берушінің берген түбіртек көшірмесіне сәйкес алушылардың жеке шоттарына аудару арқылы өтеледі;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға коммуналдық қызмет шығынын төлеуге - 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2019 № 6С-43/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жарқайың ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Жарқайың ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 6С-20/4 шешіміне қосымша |
Жарқайың аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жарқайың аудандық маслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада "Целинное знамя" аудандық газетте жарияланған) шешімі;
2. Жарқайың аудандық маслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 5С-31/2 "Аудандық маслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4030 тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызда "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі;
3. Жарқайың аудандық маслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/4 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық маслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 тіркелген, 2015 жылғы 1 мамырда "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі;
4. Жарқайың аудандық маслихаттың 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/5 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық маслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5361 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі;
5. Жарқайың аудандық маслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/7 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық маслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6. Жарқайың аудандық маслихаттың 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-10/3 "Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарқайың аудандық маслихаттың 2013 жылғы 4 қарашадағы № 5С-27/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5910 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырда "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған).