Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 234 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
С.КІШКЕНЕБАЕВ | А.ЕРМАҒАМБЕТ |