Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.11.2017 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін. (Қоса беріледі).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы | Г. Нуредилова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Х. Жылқыбеков |
Қарғалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 126 шешімімен бекітілген |
Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін беру туралы Ережесінің 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi Агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген және Қарғалы ауданында тұратын аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындаудың мөлшерін және тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі Қарғалы ауданы аумағында тұрақты жекелешендірілген тұрғынжайларда тұратын тұлғаларға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға ұсынылады.
Жекелешендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй –жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін - ұстауға жұмсалатын шығыстар үлесінің шегі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді,бірақ отбасында мүгедек балалары барлар, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне 2 пайыз мөлшерінде жылытылатын тұрғын үй көлеміне байланысты төленеді.
Тұрғын үй көмегін телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
І, ІІ-топ мүгедектеріне, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларға жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органнан жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін 50 пайыз көлемінде тұрғын үйді жалдау ақысы қайтарылады.
Аудандық әкімшіліктегі тұрғын үй инспекциясымен келісілген, үй иелерімен жиналыста кондоминиум объектілерін басқару органдарының басшыларының қолдарымен және мөрлерімен бекітілген коммуналдық қызметті төлеу бойынша жеңілдіктерін алушылар және кондоминиум ортақ мүлікке күрделі жөндеудің жекелеген түрін өткізу үшін шығындар сметасын негізге ала отырып, кондоминиум ортақ мүлікке күрделі жөндеуге нысаналы жарнаны төлеу туралы түбіртегіне сәйкес тұрғын үй көмегін алушыларға 50% көлемінде және тек қана тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде ғана төленеді.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 07.11.2013 № 156 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.06.2015 № 295 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.
3. Телефонға абоненттік төлемдер тарифтерінің жоғарылатылған өтемақысы тұрғын үй көмегін алатын әлеуметтік қорғалған, қалалық телекоммуникация байланысының абоненттері болып табылатын азаматтарға ұсынылады.
Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 1 адамға 18 шаршы метр көлемінде қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы 31 шаршы метр көлемінде қабылданады, бірақ бір бөлмелі пәтердің көлемінен кем емес болмауы керек.
Тұрғын үй көмегін есептеуде электр энергиясын пайдаланғаны үшін айына бір адамға 60 киловатт/сағат көлемінде, бірақ отбасына 120 киловатт/сағаттан астам емес болып есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегін есептеуде айына бір адамға тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктерге су жылыту, ас дайындаудағы табиғи және сұйылған газ шығындарының нормалары белгіленсін:
1) орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі және газ плитасы бар болған жағдайда-10 кубтық метр;
2) адам тұратын жерлерді жылыту үшін (15 қазаннан бастап 15 сәуірді қосқанда) жылыту аумағының 1 квадрат метріне 10 кубтық метрден.
Коммуналдық қызметтерді есептейтін есептегіш құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормаларын есептеу кезінде есептегіштердің көрсеткіші бойынша нақты шығындар алынады, бірақ шығындар белгіленген нормативтер мен тарифтерден жоғары аспауы қажет.
Коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (сумен қамту, газбен қамту, канализация, жылу қуаты, қоқыс) нақты пайдаланғанына қарай белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
5. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күннен бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл тұста отбасының өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.
6. Отбасының табыстары, тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлемдерінің тарифтері өзгерген кезде "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бұрын есептелген тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
7. Тұрғын үй көмегі өтініш және келесі құжаттар негізінде тағайындалады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) тұрақты мекен-жайы бойынша тіркелуін растайтын құжат мекен-жайының анықтамасы мен селолық округтер әкімдерінің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
10) Арызданушының жеке шот нөмірлері.
Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 07.11.2013 № 156 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығындарға өтемақы алуға құқығы бар отбасылар (азаматтар) 7 тармақта көзделген құжаттардан басқа қосымша келесілерді ұсынады:
1) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшерi туралы шот;
2) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шот.
9. Құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін салыстыру үшін арызданушының қалауы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге сол күні қайтарылады.
10. Тоқсан сайын қайта өтініш берген кезде 7 тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өзгерістер пайда болған жағдайда қайта ұсынылады.
11. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 20.12.2013 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға шешім шығаруға бас тартылады, егер күрделі жөндеу жұмыстары төлемдері және (немесе) кондоминимум объектілерінен жалпы мүлікті күрделі жөндеуге жинақталатын қаражаттық жарна, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының тұтыну нормалары шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейден аспаса.
13. "Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарап, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
14. Уәкілетті орган шешім қабылданғаннан кейін арызданушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
15. Ұсынылған ақпараттың сенімділігіне күдік туындаған жағдайда "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізуге уәкілетті органдарға жүгінеді. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңсыз немесе жоғары тұрғын үй көмегінің тағайындалуына әкеліп соқтырған әдейі жалған мәліметтер берілсе, меншік иесі (жалға алушы) заңсыз тағайындалған соманы өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.
16. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті орган көрсетілетін көмектің көлемін көрсете отырып, пәтер иелерінің (жалға алушылар) тізімін қалыптастырады, олар ай сайын "Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бадамша-Сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына, Ақтөбе "КазТрансГазАймак" акционерлік қоғамының өндірістік филиалы "Қарғалы газ шаруашылығы учаскесі", "АқтөбеЭнергоснаб" жеке шаруашылық серіктестігінің Қарғалы аудандық "Энергоснаб" учаскесіне, АқтөбеЭнергоснаб" жеке шаруашылық серіктестігінің Ақтөбе "Энергоснаб" учаскесіне, Ақтөбе "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарғалы аудандық өндірістік телекоммуникация торабына, Ақтөбе облыстық "КазПочта" акционерлік қоғамының "Қарғалы аудандық пошта байланысы торабы" филиалына беріледі. Соңғысы, берілген тізімдерге сәйкес коммуналдық қызметтерді алушылардың шоттарына тұрғын үй көмегі төлемдерін аударады.
17. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үйді жалдау ақысын, кондоминиумға ортақ меншікті күрделі жөндеуге төленген мақсатты жарналарын, кондоминиумға ортақ меншікті күрделі жөндеуге төленген қаражаттарды жинау жарналарын екінші дәрежелі банктер арқылы ала алады.
Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 07.11.2013 № 156 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
18. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығы негізінде және талаптарына сәйкес есептеледі.
4. Қаржыландыру көздерi
19. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
20. Тұрғын үй көмегiн төлеуге арналған бюджеттiк қаржылардың дұрыс есептелуі мен жұмсалуын тексеру заңнамамен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.