Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 03.06.2020 № 470 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалдамалы және жеке тұрғын үйлерді тұтынғаны үшін жалдау құнының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелген азаматтардың келесідей санаттары белгіленсін:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады;
оралмандар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
көп балалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар жатады.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Ж.Кольжанов | Х. Жылқыбеков |