Ақсу ауданы Құрақсу ауылдық округін тарату және оның аумағын Ақсу ауданы Матай поселкелік округ құрамына енгiзу туралы

Жаңа

Алматы облысы мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі N 15-103 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі N113 қаулысы. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 24 сәуірде N 2347 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, Ақсу ауданының әкімдігі мен мәслихатының пікірлерін ескере келе, Алматы облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Алматы облысының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауданының Құрақсу ауылдық округі таратылсын және оның аумағы Ақсу ауданы Матай поселкелік округ құрамына енгiзілсін.
      2. Алматы облысының статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыс елді мекендерінің есебі мен тіркеуіне тиісті өзгерістер енгізсін (келісім бойынша).
      3. Осы қаулы мен шешiмнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Баталовқа жүктелсiн.
      4. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облысы мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А. Мұсаханов

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ә. Қыстаубаев

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады