Күші жойылды – Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 18.05.2015 № 46-318 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 14), 15) тармақшаларына сәйкес Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383 - баптарында белгіленген, жер салығының базалық ставкасы 50 процентке жоғарылатылсын, автотұраққа (паркинг), автомобильге май құю станцияларына, казиноға бөлініп берілген (арналған) жерлерді қоспағанда.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына" жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Ахметжанов |
Мәслихат хатшысы | Б. Казиев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жамбыл ауданы бойынша | |
салық басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Серікбаева Раушан Төленқызы |