Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 38-160 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне аудандық бюджет қаражаты есебінен тұрғын-үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: М. Тілеубай
Мәслихат хатшысы: Б. Смаилов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қаратал ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы Серік Жапарұлы Амандосов
24 қыркүйек 2013 жыл