Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 340 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 16 қаңтарда N 2557 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 350 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 16.10.2014 № 350 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5)5-6) тармақшаларына  сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көксу ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Шаяхметова Айгүл Нұртайқызы) және "Көксу ауданының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Искаков Дәурен Маратұлы) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квотаға сәйкес бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жолдаманы қамтамасыз етсін.
      3. Көксу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 179 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2392 нөмірімен 2013 жылғы 10 шілдеде енгізілген, "Нұрлы Көксу" газетінде 2013 жылғы 19 шілдеде N 28 (4653) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Исабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады