"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі" электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 60 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 1937 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Есткерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 14.04.2014 № 115 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      Облыс әкiмi                                Қ.Бозымбаев
      
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      А. Жұмағалиев
      «26» наурыз 2013 жыл

Жамбыл облыс әкімдігінің
«04» наурыз 2013 жылғы
№ 60 қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» электрондық
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары стандарттың 12-қосымшаларында көрсетілген, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы немесе өтініш берушіде электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда Электрондық үкіметтің: www.egov.kz» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
      5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      2) тұтынушы - электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
      3) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
      5) "электрондық үкіметтің" шлюзі –электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
      6) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық қолтаңбалардың жиынтығы;
      7) электрондық құжат – ақпарат электрондық - цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      8) мемлекеттік электрондық қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      9) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
      10) "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры – Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және мемлекеттік басқару органдары мен басқа да субъектілерге, олардың өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар туралы өзекті әрі шынайы мәлімет ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырылған түрде жинауға, сақтау мен өңдеуге, Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру үшін арналған ақпараттық жүйе;
      11) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      12) "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі – электрондық қызметті жүзеге асыру шеңберінде «электрондық әкімдіктің» ақпараттық жүйелерінің кірігуі үшін арналған «электрондық үкімет» шлюзінің жүйесі;
      13) құрылымдық-функционалдық бірліктер – қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың мекемелердің немесе басқа да ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімі, ақпараттық жүйелер;
      14) Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі – халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ, тиісті министрліктер мен ведомстволармен халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
      15) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе - нотариалдық қызметтің автоматтандырылуы және әділет органдары мен нотариалдық палаталардың өзара әрекеттесуі үшін арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
      16) Автоматтандырылған жұмыс орны.

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет
беруші әрекетінің тәртібі

      6. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қызмет көрсетушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету барысында функционалдық әрекеттесу диаграммасы № 1), осы Регламенттің  2-қосымшада келтірілген:
      1) тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірі және шартты белгі көмегімен "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелуді жүзеге асырады ("электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелмеген тұтынушылар үшін жүргізіледі);
      2) үдеріс 1 – қызметті алу үшін тұтынушының "электрондық үкіметтің" веб-порталында жеке сәйкестендіру нөмірі мен шартты белгіні енгізуі (авторизация үдерісі);
      3) шарт 1 – "электрондық үкіметтің" веб-порталында жеке сәйкестендіру нөмірі және шартты белгі арқылы тіркелген тұтынушы туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
      4) үдеріс 2 – тұтынушы туралы деректерде қателіктердің болуына байланысты "электрондық үкіметтің" веб-порталымен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама дайындауы;
      5) үдеріс 3 – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын экранға шығару мен оның құрылымы мен нысанының талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру (мәліметтерді енгізу); сұраныс нысанына Стандарттың 11 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электронды түрдегі көшірмелерін тіркеу, сонымен қатар сұранысты куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қол таңба тіркеу куәлігін таңдау;
      6) шарт 2 - "электрондық үкіметтің" веб-порталында электрондық цифрлық қол таңбаның тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде бар-жоқтығын, сонымен бірге сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірінің арасында) тексеру;
      7) үдеріс 4 – тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңба дұрыстығының расталмауына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құру;
      8) үдеріс 5 – тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қызмет көрсету сұранысын куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) қызмет көрсетуші өңдеу үшін "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына жіберу;
      9) үдеріс 6 – электрондық құжатты "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында тіркеу;
      10) шарт 3 – қызмет көрсетушінің тұтынушы тіркеген құжаттардың Стандартта көрсетілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру;
      11) үдеріс 7 - тұтынушының құжаттарында қателіктердің болуына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құру;
      12) үдеріс 8 - тұтынушының "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқыры қалыптастырылады.
      7. Қызмет көрсетушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету барысында функционалдық әрекеттесу диаграммасы № 2), осы Регламентке 2- қосымшада келтірілген:
      1) үдеріс 1 – қызмет көрсетушінің қызметкерінің "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында қызмет көрсету үшін жеке сәйкестендіру нөмірі мен шартты белгіні енгізуі (авторизация үдерісі);
      2) үдеріс 2 – қызмет көрсетушінің, осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын экранға шығару мен тұтынушы туралы мәліметтерді енгізу;
      3) үдеріс 3 - "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына тұтынушының деректері туралы сұраныс жіберу;
      4) шарт 1 – "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында тұтынушы туралы деректердің болуын тексеру;
      5) үдеріс 4 – "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында тұтынушы туралы деректердің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама құру;
      6) үдеріс 5 - қызмет көрсетушінің қызметкерінің құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгіге қатысты бөлігінде сұраныс нысанын толтыру және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына тіркеу, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру;
      7) үдеріс 6 – электронды құжатты "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында тіркеу;
      8) шарт 2 – қызмет көрсетушінің тұтынушы тіркеген құжаттардың Стандартта көрсетілген құжаттарға және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру;
      9) үдеріс 7 - тұтынушының құжаттарында қателіктердің болуына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құру;
      10) үдеріс 8 - тұтынушының "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Электронды құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқыры қалыптастырылады.
      8. Қызмет көрсетушінің халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізілетін қадамдық әрекеттері мен шешімдері (қызмет көрсету барысында функционалдық әрекеттесу диаграммасы № 3), осы Регламентке  2- қосымшада келтірілген:
      1) үдеріс 1 – қызмет көрсету үшін Орталық операторының халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйе автоматтандырылған жұмыс орнында жеке сәйкестендіру нөмірі мен шартты белгіні енгізуі (авторизация үдерісі);
      2) үдеріс 2 – Орталық операторының, осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын экранға шығару мен тұтынушы туралы мәліметтерді енгізу, сонымен қатар тұтынушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін енгізу (тек нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша, сенімхатты басқа түрде куәландыру жағдайында – сенімхат туралы мәліметтер толтырылмайды);
      3) үдеріс 3 - "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына тұтынушының деректері туралы, сондай-ақ, тұтынушының сенімхат бойынша өкілінің деректері туралы – бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе не сұраныс жіберу;
      4) шарт 1 – "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында тұтынушы туралы деректердің, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде сенімхат туралы деректердің болуын тексеру;
      5) үдеріс 4 – "жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында тұтынушы туралы деректердің, және бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде сенімхат туралы деректердің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкін еместігі туралы хабарлама құру;
      6) үдеріс 5 – Орталық операторының сұраныс нысанын, құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгіге қатысты бөлігінде толтыру және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына тіркеу, қызмет көрсетуге сұраныс нысанын (енгізілген деректерді) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру;
      7) үдеріс 6 – Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжатты (тұтынушының сұранысын) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына жіберу;
      8) үдеріс 7 - электронды құжатты "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында тіркеу;
      9) шарт 2 – қызмет көрсетушінің тұтынушы тіркеген құжаттардың Стандартта көрсетілген құжаттарға, және қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру;
      10) үдеріс 8 - тұтынушының құжаттарында қателіктердің болуына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құру;
      11) үдеріс 9 - тұтынушының Орталық операторы арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы.
      9. Қызмет көрсетуге сұраныс нысанын толтыру бойынша әрекеттердің сипаттамасы:
      1) тұтынушының "электрондық үкіметтің" веб-порталына кіру үшін жеке сәйкестендіру нөмірі, логин мен шартты белгіні енгізуі;
      2) осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдау;
      3) «Қызметке online тапсырыс беру» батырмасы арқылы қызметке тапсырыс беру;
      4) сұранысты толтыру және электронды түрдегі қажетті құжаттарды тіркеу:
      тұтынушының "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелуінің нәтижесі бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі автоматты түрде таңдалады;
      пайдаланушы «сұранысты жіберу» батырмасының көмегімен сұранысты куәландыруға (қол қоюға) өтуді жүзеге асырады;
      5) тұтынушының электрондық цифрлық қол таңбаның тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) сұранысты куәландыру (қол қою) – тұтынушы «қол қою» батырмасының көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбамен сұранысты куәландыруды (қол қоюды) жүзеге асырады, осыдан кейін сұраныс қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнына жіберіледі;
      7) қызмет көрсетушінің автоматтандырылған жұмыс орнында сұранысты өңдеу;
      8) тұтынушының дисплей экранына келесі ақпарат шығарылады: жеке сәйкестендіру нөмірі, сұраныс нөмірі, қызметтің түрі, сұраныстың мәртебесі, қызмет көрсету мерзімі;
      «мәртебесін жаңарту» батырмасы арқылы тұтынушы сұранысты өңдеудің нәтижесін көруге мүмкіндік алады;
      жауапты алу барысында "электрондық үкіметтің" веб-порталында «нәтижесін қарау» батырмасы пайда болады.
      10. Сұранысты өңдеуден кейін тұтынушы өңдеудің нәтижесімен келесі тәртіппен танысу мүмкіндігін алады:
      қызметті алу тарихында «дайын құжатты қарау» батырмасын басқаннан кейін - сұраныс нәтижесі дисплей экранына шығарылады;
      «сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұраныс нәтижесі тұтынушы көрсеткен магнитті тасымалдауышта Adobe Acrobat пішімінде сақталады.
      11. Қызметті көрсету бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті call-орталық үнсандығы бойынша: (1414) алуға болады.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:
      Тұтынушы;
      Уәкілетті орган;
      Орталықтардың операторлары;
      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы;
      "Электрондық үкіметтің" шлюзі;
      "Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі;
      "Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны;
      Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орны;
      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;
      Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе.
      13. Әрекеттердің (рәсімдер, функциялар, операциялардың) кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы, әр әрекеттің орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      14. Әрекеттердің сипаттамаларына сәйкес, олардың қисынды кезектілігінің арасындағы өзара әрекеттестікті (электрондық қызметті көрсету үдерісінде) көрсететін диаграмма, осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      15. Тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижесі, осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес, сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      16. Тұтынушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) конфиденциалдылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
      3) қол жетімділік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау).
      17. қызмет көрсетудің техникалық шарттары:
      1) интернетке шығу;
      2) қызмет көрсетіліп жатқан тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірінің болуы;
      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталымен авторизациялау;
      4) пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
1 қосымшасы

Кесте 1. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы
жүргізілетін құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің
сипаттамасы 

1

Әрекеттің № (жұмыс ағымы,  барысының)

1

2

3

4

2

Құрылымдық-функционалдық бірлік атауы

Тұтынушы

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

Тұтынушы

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операцияның) және олардың сипаттамасы

"Электрондық үкіметтің" веб-порталында жеке сәйкестендіру нөмірі және құпия сөз арқылы авторизациялау

Тұтынушы мәліметінде ақаулар болса, соған байланысты қабылдамайтыны жөнінде хабарлама құрылады

Қызметті таңдап алады да, сұраныс мәліметі құрылады, пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңба таңдауы бойынша

Тұтынушы мәліметінде ақаулар болса, соған байланысты қабылдамайтыны жөнінде хабарлама құрылады

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-басқарушылық шешім)

Сұраныстың табысты құрылуы туралы ескертпе көрсетіледі

Сұраған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде хабарлама құрылады

Сұранысты маршруттау

Сұраған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде хабарлама құрылады

5

Орындау мерзімі

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2-егер тұтынушы мәліметінде бұзушылықтар болса; 3-егер авторизация табысты өтсе;

4 - егер тұтынушы мәліметінде бұзушылықтар болса; 5 –егер бұзушылықтар жоқ болса;

-

кестенің жалғасы:

1

Әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысының)

5

6

7

8

2

Құрылымдық-функционалдық бірлік атауы

Тұтынушы

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

3

Әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операцияның) және олардың сипаттамасы

Тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру (қол қою) және "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына сұранысты жіберу

Құжатты тіркеу

Тұтынушы мәліметінде ақаулар болса, соған байланысты қабылдамайтыны жөнінде хабарлама құрылады

Көрсетілген қызметтің нәтижесін тұтынушының алуы

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-басқарушылық шешім)

Сұранысты маршруттау

Арызға нөмір беру арқылы сұранысты тіркеу

Негізделген бас тарту құрылады

Дайындалған құжатты көрсету

5

Орындау мерзімі

30 секунд – 1 минут

1 минут

30 секунд

15 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

-

7 - егер тұтынушы мәліметінде бұзушылықтар болса; 8 –егер бұзушылықтар жоқ болса;

-

-

Кесте 2. Қызмет көрсетуші арқылы жүргізілетін
құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы

1

Әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысының)

1

2

3

4

2

Құрылымдық-функционалдық бірлік атауы

Қызмет көрсетуші

Қызмет көрсетуші

Қызмет көрсетуші

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры

3

Әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операцияның) және олардың сипаттамасы

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында жеке сәйкестендіру нөмірі және құпия сөз бойынша авторизациялау

Қызмет көрсетуші қызметкерлерінің қызмет түрін таңдауы

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына тұтынушы мәліметтері туралы сұраныс жіберу

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында мәліметтердің жоқтығына байланысты хабарламаның құрылуы

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-басқарушылық шешім)

Арызға нөмір иелендіру арқылы жүйеде сұранысты тіркейміз

Сұраныстың табысты құрылуына ескертпе көрсетіледі

Сұранысты маршруттау

Негізделген бас тартуды құру

5

Орындау мерзімі

10–15 секунд

10 секунд

1,5 минут

10-15 секунд

6

Келесі әрекеттің нөмірі

-

4 – егер бұзушылық болса; 5 – егер бұзушылық жоқ болса;

-

кестенің жалғасы:

1

Әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысының)

5

6

7

8

2

Құрылымдық-функционалдық бірлік атауы

Қызмет көрсетуші

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

3

Әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операцияның) және олардың сипаттамасы

Сұраныс нысанын толтырып, сканерленген құжаттарды тіркеу мен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында құжаттарды тіркеу

Тұтынушы мәліметінде ақаулар болса, соған байланысты қабылдамайтыны жөнінде хабарлама құрылады

Көрсетілген қызметтің нәтижесін тұтынушының алуы

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-басқарушылық шешім)

Сұранысты маршруттау

Арыздың нөмерін иелендіру арқылы сұранысты тіркеу

Негізделген бас тартуды құру

Қызметтің нәтижесі – хабарламаның құрылуы

5

Орындау мерзімі

10-15 секунд

1,5 минут

1,5 минут

10–15 секунд

6

Келесі әрекеттің нөмірі

6

7– егер бұзушылық болса; 8–егер бұзушылық жоқ болса;

-

-

Кесте 3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізілетін
құрылымдық-функционалдық бірліктер әрекеттерінің сипаттамасы

1

Әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысының)

1

2

3

4

2

Құрылымдық-функционалдық бірлік атауы

Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық жүйе автоматтандырылған жұмыс орны

Орталықтың операторы

Орталықтың операторы

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе

3

Әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операцияның) және олардың сипаттамасы

Орталықтық операторының логин және құпия сөз арқылы авторизациялауы

Қызметті таңдап, сұраныс мәліметтерін құрады

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры, бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сұранысты бағыттау

Тұтынушы туралы мәліметтердің жоқтығына байланысты мәлімет алу мүмкін еместігі туралы хабарлама құрылады

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-басқарушылық шешім)

Арыздың нөмірін иелендіру арқылы жүйеде сұранысты тіркейміз

Сұраныстың табысты құрылу туралы ескертпе көрсетіледі

Сұранысты маршруттау

Негізделген бас тартуды құру

5

Орындау мерзімі

30 секунд – 1 минут

30 секунд

1,5 минут

1,5 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4 – тұтынушының мәліметінде бұзушылықтар болса; 5–егер бұзушылықтар жоқ болса;

-

кестенің жалғасы:

1

Әрекеттің № (жұмыс ағымы, барысының)

5

6

7

8

9

2

Құрылымдық-функционалдық бірлік атауы

Орталықтың операторы

Орталықтың операторы

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

"Электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны

3

Әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операцияның) және олардың сипаттамасы

Сұраныс нысанын толтырып, сканерленген құжаттарды тіркеу, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру

Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған) құжатты "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына бағыттаймыз

Құжатты тіркеу

Тұтынушы құжаттарында бұзушылықтар болса, соған байланысты қызметтің қабылдамайтыны жөнінде хабарлама құрылады

Көрсетілген қызметтің нәтижесін тұтынушының алуы

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-басқарушылық шешім)

Сұраныстың табысты құрылуы туралы ескертпе көрсетіледі

Сұранысты маршруттау

Арыздың нөмірін иелендіру арқылы сұранысты тіркеу

Негізделген бас тартуды құру

Қызметтің нәтижесі – хабарламаның құрылуы

5

Орындау мерзімі

30 секунд – 1 минут

1 минут

1 минут

30 секунд – 1 минут

15 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

-

-

8 – егер бұзушылықтар болса; 9 – егер бұзушылықтар жоқ болса;

-

-

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй
қорынан жергілікті атқарушы орган
жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды
есепке қою және олардың кезегі» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
2 қосымшасы

Диаграмма № 1 "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы
электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы
функционалдық әрекеттесу

Диаграмма № 2. Қызмет көрсетуші арқылы электрондық мемлекеттік
қызмет көрсету барысындағы функционалдық әрекеттесу. 

Диаграмма № 3. Халыққа қызмет көрсету орталықтары ақпараттық
жүйе арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы
функционалдық әрекеттесу       

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою
және олардың кезегі» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
3 қосымшасы

      

      

Мемлекеттік электрондық қызметтің «сапа» және «қол жетімділік» көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнама нысаны

____________________________________________________
      (қызметтің атауы)
      1. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі мен нәтижесінің сапасы Сізді қанағаттандырады ма?
      1) қанағаттандырмайды;
      2) жартылай қанағаттандырады;
      3) қанағаттандырады.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат сапасы сізді қанағаттандырады ма?
      1) қанағаттандырмайды;
      2) жартылай қанағаттандырады;
      3) қанағаттандырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады