Сарысу, Байзақ аудандарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 377 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2082 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2 сәуірдегі № 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 02.04.2015 № 63 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округіндегі "Гугосян" шаруа қожалығының алмұрт бағынан аса қауіпті карантиндік ауру-жеміс ағашының бактериялық күйігі (Erwinia amylovora), Сарысу ауданында бақша егістерінен (қарбыз, қауын) аса қауіпті карантиндік зиянкес - қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina) (бұдан әрі - карантинді нысан) анықталғаны туралы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-09/859 ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарысу, Байзақ аудандарының аумақтарында карантинді нысанды толық жойғанға дейін карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік
      кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің
      Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Н. Жігітеков
      4 желтоқсан 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады