1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылға арналған "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық жобаларын және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылға арналған бөлінетін "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оның сараптамасын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" 003 бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерінің қажетті сараптамаларын жүргізу, сондай-ақ әзірлеу немесе түзетуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық жобалар мен концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 05 наурыздағы № 13/03 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Б. Әбдішев |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 08 қарашадағы № 65/09 қаулысына қосымша |
"Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің 2013 жылға арналған "Жергілікті
бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың
техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және
оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық
сүйемелдеу" 064 бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық
негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті
сараптамалар жүргізуді қаржыландыру, бюджеттік инвестициялық
жобаларын және концессиялық жобалардың тізбесі
№ р/с | Жобаның атауы | Жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi (мың теңге) | Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру көлемi (мың теңге) | Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудi қаржыландыру көлемi (мың теңге) |
"Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі | ||||
1 | "Қарағанды қаласында (Оңтүстік шығыс) ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салу және пайдалану" жобасының техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН әзірлеудің жалпы құнынан 30 %) | 0 | 9 457 | 0 |
| "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бойынша БАРЛЫҒЫ | 0 | 9 457 | 0 |
| ЖИЫНЫ | 0 | 9 457 | 0 |