Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XXVІІІ сессиясының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 249 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 2478 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 25.05.2023 № 30 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      2. Келесі жағдайлар белгіленсін:

      1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      3. "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ж.Б. Ысқақов) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.

      4. "Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А.Қ. Апақашева) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).

      6. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

V шақырылған Қарағанды қалалық


мәслихатының кезектен тыс


ХХVIII сессиясының төрайымы

С. Боранқұлова

Қарағанды қалалық


мәслихатының хатшысы

Қ. Оспанов

Келісілді:


"Қарағанды қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекеме басшысы

Ж. Ысқақов


      2013 жылғы 4 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады